Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ілік септік

05 қаңтар 2018, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ілік септік
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сұрақ беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу, жаңа сабақты меңгерту. Кімнің? Ненің? деген сұрақтарымен таныстыру. Жалғауларды сөздерге дұрыс жалғай білуге үйрету, жаттығулар орындау.
Танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс жүргізу және ой қорытуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
Адамгершілікке, мейірімділікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу, білім алуға деген құштарлықтарын арттыру, жауапкершілікті сезінуге баулу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар өз ойларын еркін айта алады, сөздерге дұрыс сұрақ қоя біледі, сөздерді септей алады, өз бетінше жұмыс жасай алады.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер:
Сұрақ - жауап, топтық, жұптық, өзіндік, ұжымдық жұмыс, «Семантикалық карта», «Венн» диаграммасы, «Ой қозғау»,

І. Ұйымдастыру:
Психологиялық дайындық
1. Берілген сөздер арқылы топқа бөліну.
1 топ -«Зат есім» (адам, қала, гүл,...)
2 топ -«Сын есім» (әдемі, қызыл,...)
3 топ - «Сан есім» (алты, бесінші,..)
4 топ - «Етістік» (оқыды, жазды,..)

ІІ. Қызығушылықты ояту
- Оқушылар қазір жылдың қай мезгілі?
- Қазір жылдың қыс мезгілі
- Осы қаңтар айында елімізде қандай шара өтпекші?
- Қаңтар айының 29 - ы ақпан айының 8 - не дейін елімізде 28 - ші Қысқы Универсиада - 17 өтеді.
- Спортшылар Универсиадада қысқы спорттық ойындардың қандай түрлерімен сайысады?
- Спортшылар Универсиадада қысқы спорттық ойындардың 12 түрімен, 543 медальға сайысады. (биатлон, шаңғымен тұғырдан секіру, кёрлинг, хоккей, шаңғы спорты, мәнерлеп сырғанау, фристайл,....)
- Бізде бүгінгі сабаққа белсенді қатысып, Қазақстан спортшылармыздың осы Универсиадада жүлделі орындарды иеленуіне өз үлесімізді қосайық. Біз қысқы спорттың түрлерімен тапсырмаларды орындаймыз.

ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау
«Биатлон» сайысы.
Сұрақ - жауап алысу. «Ыстық орындық» ойыны.
- Зат есім нені білдіреді?
- Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?
- Сын есім нені білдіреді?
- Сын есімге қандай сұрақтар қойылады?
- Сан есім нені білдіреді?
- Сан есімге қандай сұрақтар қойылады?
- Етістік нені білдіреді?
- Етістікке қандай сұрақтар қойылады?
- Септіктерді атап бер.
- Атау септіктің сұрақтарын ата.
- Ілік септіктің сұрақтарын ата.
- Ілік септіктің жалғаулары.
- Барыс септіктің сұрақтарын ата.
- Барыс септіктің жалғаулары.
- Табыс септіктің сұрақтарын ата.
- Табыс септіктің жалғаулары.
- Жатыс септіктің сұрақтарын ата.
- Жатыс септіктің жалғаулары.
- Шығыс септіктің сұрақтарын ата.
- Шығыс септіктің жалғаулары.
- Көмектес септіктің сұрақтарын ата.
- Көмектес септіктің жалғаулары.
«Шаңғы жарысы» «Ойлан, тап!» (топтық жұмыс)
Бала, оқулық, жаттығу, бет сөздерін септе.

ІІІ. Жаңа сабақ
«Мағынаны тану»
«Шаңғымен тұғырдан секіру» сайысы
28 - жаттығу. Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талда. Бұл сөздер қандай сұраққа жауап береді?
«Кёрлинг» сайысы
«Ойлан, талқыла»
29 - жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз. «Кімнің?» сұрағына жауап беретін сөздерді тауып, жалғауларды тиісті белгімен белгіле.
- Бірінші жаттығуда қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап беріп еді?
- Ненің?
- Екінші жаттығуда қандай сұраққа жауап беретін сөздерді таптық?
- Кімнің?
- Ал, ендеше осы сұрақтар арқылы не айта аламыз?
Оқушылар ережені өздері шығарып алады.
Ілік септігіндегі зат есімдер кімнің? ненің? кімдердің? нелердің? деген сұрақтарға жауап береді.
Ілік септігі атау септікке – ның, - нің, - дың,- дің, - тың,- тің жалғаулары жалғану арқылы жасалады. Бұл жалғауларды ілік септіктің жалғаулары деп атайды.

ІҮ. Сергіту сәті
«Ой сергіту жаттығуы» (екі түрлі смайликтер таратылып беріледі. Мұғалім дұрыс айтса күліп тұрған смайликті, қате айтса мұңайып тұрған смайликти көтереді)

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
"10 жалпы білім беру орта мектебі" ККМ
Бастауыш сынып мұғалімі
Джумабекова Маруза Сарсенбаевна

Ілік септік. жүктеу
4 984
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлері
Сын есімнің мағыналық түрлерін біледі, сөйлем ішінен таба алады.
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Дара сан есім бір сөзден жасалады: бес, алты, бір, үш. Күрделі сан есім екі не одан да көп сөзден жасалады: он тоғыз, екі жүз алпыс төрт, он екінші, қырық бес, бесінші.
Жатыс септік
Жатыс септік
Жалғауларды сөздерге дұрыс жалғай білуге үйрету, жаттығулар орындау. Танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс жүргізу және ой қорытуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
Бастауыш сынып сабақ жоспарлары
Бастауыш сынып сабақ жоспарлары
Бастауыш сынып мұғалімі Кусикбаева Света
Зат есім
Зат есім
Зат есім туралы түсінік беру, оларға қойылатын сұрақтармен таныстыру, зат есімдерді ажыратуға үйрету. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушының ой - өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, сабаққа қызығушылықтарын арттыру. Сауатты, көркем жазуға, өзара
Зат есімнің септелуі
Зат есімнің септелуі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Әбішеева Құрманкүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×