Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Минут

06 қаңтар 2018, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы: Минут
Осы сабаққа қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
1. 1. 3. 1* шамаларды ажырату: уақыт; оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдау, өлшеу
1. 1. 3. 2** өлшем бірліктерін қолдану арқылы шаманы өлшеу; сағат
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Білу, түсіну, қолдану
Сабақ мақсаттары:
1. Уақыттың өлшем бірлігі минут екенін біледі;
2. Сағаттың циферблаты бойынша уақытты анықтайды;
3. Өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды қолданады;
Бағалау критерийлері:
1. Уақыттың өлшем бірлігін (минут) біледі.
2. Өлшем бірлігін қолдану арқылы уақытты біледі
3. Уақытты өлшеуге қажетті әдістерді қолданады.
Тілдік мақсаттар:
Уақыт, минут, электронды таймер, сағаттық тіл, минуттық тіл, секунддық тіл, механикалық сағат, электрондық сағат
Құндылықтарды дарыту:
Логикалық тапсырмаларды орындауда икемділік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салтын дұрыс ұстау құндылықтары қалыптасады, ұлттық ойын арқылы ұлтжандылыққа баулу.
Пәнаралық байланыс:
1 минутта жүректің соғысын анықтауда дүниетану; 1 минутта қанша сөз жазу арқылы сауат ашу; жұмыс дәптеріндегі гүлдер мен доптарды бояу арқылы көркем еңбек пәні;
Тақырып бойынша алдыңғы білім:
Уақыт туралы түсінік, күн тәртібін, тәулік мезгілдерін, жыл мезгілдерін біледі
АКТ - ны қолдануы:
Ұялы телефон
Ресурстар:
Циферблат, механикалық, электрондық сағат, құмсағат, электронды таймер, түсті маркерлер, ұялы телефон, смайликтер, жұлдызшалар

Сабақтың басы
Мотивациялық кезең (5 мин).
«Миға шабуыл»
«Иә - жоқ» ойынын ойнату арқылы ширату жаттығуын өткізу. Ойын басында сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деген тұжырымдама жасап, смайликтерді жоғары көтеріп көрсету керектігін ескерту. Бұл ойын арқылы оқушылардың қызығушылығы артып, дұрыс шешім жасай білу дағдылары қалыптасады. Алдыңғы білім бойынша сұрақтарға жауап береді.
Қойылатын сұрақтар:
1. Мен сабаққа таңертең келемін.
2. Түнде күн шығып тұрады.
3. Алдымен алма піседі, кейін жапырақ шығады.
4. Түнде кемпірқосақ көрінеді.
5. Таңмен кешкі асты ішеміз.
6. Таңертең күн шығады.
Қ. Б. Мадақтау арқылы
Топқа бөліну:
Сағат түрлерінің суреттері арқылы топқа бөлінеді. Топқа бөлінуде сағат түрлері туралы алғашқы ұғым қалыптасады. Танымдық қабілеттері дамиды.

Сабақтың ортасы (25 мин)
Қызығушылықты ояту (Ұ)
«1 минутта қанша рет қол шапалақтай аласың?»
Оқушылар берілген уақытта тапсырманы орындайды. Барлық оқушы қатысады. Барлығы бір уақытта бастайды. 1минут өткеннен кейін бірдей тоқтатылады. Әр бала өзінің тапсырмасының нәтижесін ортаға салып талқылайды. Неліктен аз? Бұл тапсырма арқылы оқушылардың қызығушылығы артады.
Қ. Б. «Бас бармақ» әдісі

Жаңа сабақ. (М. К)
Мұғалімнің түсіндірмесі
Минут(мин) – уақыттың өлшем бірлігі. Бұл аз уақыт аралығы. Уақытты минутпен анықтау үшін механикалық, электрондық сағаттары және құмсағат қолдануға болады. Механикалық сағаттың сағаттық тілі, минуттық тілі, секундтық тілі болады. Циферблаттың көмегімен 1 минут аралығы және 5 минут аралығы көрсетіледі. Оқушылар минуттың өлшем бірлігі екенін біледі.
М. К. Оқушыларға циферблат таратылып беріледі. Циферблат арқылы 1 мин, 5мин, 10 мин көрсетеді, анықтайды. Оқушылардың танымдық қабілеттері артады.

«Мен зерттеушімін» (Т)
«Сен 1 минут ішінде қай әрекетті неше рет қайталай аласың?» Тапсырманы топта орындайды.
1 - топ «Өз есімімді..... рет жазамын»
2 - топ «Қағазға... рет нүкте саламын»
3 - топ «Дөңгелектерді... рет жапсыра аламын»
Осы тапсырмада оқушылардың сауатты жазу, жылдамдық дағдылары қалыптасады. Тапсырма арқылы оқушылар 1 минуттың қысқа мерзім болғанымен, осы уақыт ішінді бірнеше әрекет істеуге болатынын түсінеді.
Қ. Б. Графикалық бағалау

«Ой қозғау»
1 минутта тағы қандай әрекеттер жасауға болады? (оқушылардың ойы тыңдалады) Мысалы: 1 минуттың ішінде дәрігер адам өмірін құтқара алады, өрт сөндіруші өртті сөндіре алады, спортшы жылдам жүгіріп мәреге бірінші келе алады,... т. б.
Қорытынды: 1 минут ішінде бірнеше маңызды әрекет жасауға болады.

Оқулықпен жұмыс
«Сен білесің бе?»Ересек адамның жүрегі 1 минутта шамамен 60 - 65 рет соғады.
Бұл ақпарат оқушыларға пайдалы болып көрінеді. Оқушылардың танымдық қабілеттері артады.

«Орындап көр» (Ж)
Өз тамыр қағысыңды өлше. Сенің жүрегің 1 минутта неше рет соғады?
Тапсырма әр оқушыға жеке орындауға тапсырылады. Оқулықта берілген суретке сүйене отырып, білек тамыры арқылы жүрек соғысын қалай есептеуге болатынын түсіндіру. Оларға бірдей бастау және бірдей аяқтау керек екенін ескерту.
1 минутта санап болғаннан кейін нәтижесі сұралады және «Жазу көрсеткіші» тақтасына жазып көрсету.
Неліктен ересек адаммен баланың жүрек соғысы бірдей емес?
Ересек адамның ағзасы қалыптасқан, сондықтан тұрақты көрсеткіштер көрсетеді. Баланың ағзасы белсенді дамып жатқанын көрсетеді. Адамның тамыр соғысы медицинада ересектер мен балалар денсаулығын анықтайтын көрсеткіштің бірі болып табылады. Оқушыларда салауатты өмір салтын дұрыс ұстау құндылықтары қалыптасады.
Дескриптор:
1. 1 минутта білек тамыры арқылы жүрек соғысын санап біледі.
Қ. Б. Дескрипторлар арқылы
Сергіту сәті

Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Туған өлкем жақсы ма? (құшақтарын жаяды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Қазақстандық болған жақсы ма?
(бас бармақтарын көрсетеді

Сергіту барысында оқушылар қимыл - әрекеттер арқылы серігіп алады.
«Ойлан» (Ж)
«Екі дос тоғызқұмалақ ойынын 20 минут ойнады. Достардың әрқайсысы неше минут ойнады?»
Дескриптор:
1. «Тоғызқұмалақ» ойыны туралы біледі.
2. Неше минут ойнағанын анықтайды.

Сабақтың соңы (10 мин)
Қосымша тапсырма:
«Өзіңді тексер» (Ж)
Жұмыс дәптердегі гүлдер мен доптарды 1 минутта бояп шығу тапсырылады. Қыздар гүлдерді, ұлдар доптарды таңдап бояса да болады. Тапсырма арқылы оқушыларда минут - белгілі бір уақыт аралығы деген түсінік қалыптасады және 1 минуттың ұзақтығын сезінеді. Оқушыларды ұқыптылыққа және жылдам орындауға баулиды.
ҚБ. «Жетістік баспалдағы» өзін - өзі бағалайды.
Рефлексия
«Алма ағашы» әдісі
• Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындау барысында қиналдым.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
Қолдауды қажет етпейтін оқушыларға тапсырма:

Бір жұмыртқа 4 минутта піседі. Ал, екі жұмыртқа неше минутта піседі?
Дескриптор: Неше минутта пісетінін біледі.

Қолдауды қажет ететін оқушыға тапсырма:

Таңертең күн шығып тұр. 4 сағаттан кейін не болады? Күндіз бе, түн бе?
Дескриптор: Кейін не болатынын біледі

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
1. Мадақтау арқылы
2. Графикалық бағалау
3. Смайликтер арқылы
4. «Бас бармақ» әдісі
5. «Жетістік баспалдағы» өзін - өзі бағалайды
Рефлексия
«Алма ағашы» әдісі
• Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындау барысында қиналдым.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сергіту сәті орындалу бары - сында парталардың арасында қимыл - әрекеттерді жасауда қауіпсіздік ережелерін қадағалау;
Білек тамырлары арқылы жүрек соғысын тексерумен салауатты өмір салтын дұрыс ұстау; күн тәртібін қадағалау.

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
«№10 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
Джумабекова Маруза Сарсенбаевна
4 254
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ақпараттың өлшем бірліктері
Ақпараттың өлшем бірліктері
Тілдік мақсаттар: Тілдік емес пәндер үшін құрастырылады. Тілдік мақсаттарды, лексика мен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз Ақпарат, бит, байт, ақпараттың өлшем бірліктері, килобайт, мегабайт, терабайт. Пәнге тән лексика мен терминология: Ақпарат,
Шамалар
Шамалар
шамаларды ажырату: уақыт; оларды өлшеуге қажетті әдістерді, құралдарды таңдау
Тығыздықты есептеу
Тығыздықты есептеу
Өлшем бірліктерді ХБЖ – не келтіре отырып заттың тығыздығына берілген есептерді есептей алады.
Ұзындықты қалай өлшейміз?
Ұзындықты қалай өлшейміз?
ұзындық өлшеуге арналған әдістерді, құралдарды таңдау; өлшемдер жүргізу.
Ұзындықты өлшеу
Ұзындықты өлшеу
Стандартты емес өлшеуіштермен өлшеудің тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру; оқушыларды ұзындықтың өлшем бірліктері арқылы бақылау, салыстыру жолдарымен таныстыру.
Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері.
Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері.
Шамалар мəндерін: ұзындық (см, дм, м)/ масса(кг, ц)/ көлем (сыйымдылық) (л)/ уақыт(сағ, мин, ай, жыл) өлшем бірліктерін салыстыру жəне амалдар орындау
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×