Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Санның квадраты. Санның кубы.

23 қазан 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Санның квадраты. Санның кубы.
Мақсаты: Оқушыларды санның квадраты және санның кубы ұғымымен таныстыру, көбейту және бөлудің мағынасын бекіту, ауызша, жазбаша есептеулер арқылы логикасын дамыту, қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау, қызықты тапсырмалар орындата отырып, математикаға деген қызығушылығын арттыру; Ұйымшылдыққа, достыққа, бір - біріне көмектесе білуге тәрбиелеу.
Түрі: топтық жұмыс
Әдісі: коучинг элементтері, түсіндіру, сұрақ - жауап, сергіту.
Көрнекілігі: слайдтар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Қара, достым, жан - жаққа
Дайынсың ба сабаққа?
Кітап, дәптер, қалам да,
Бәрі – бәрі орнында..
Оқушылардың таңдаған түстеріне қарай 4 топқа бөлу. Топ басшыларын сайлау.
Ойын: «Дұрыс тап» Дөңгелектер қай шаршыда орналасқанын тап.

ІІ. Өтілген материалды қайталау
Ойын:«Математикалық лото». Көбейту, бөлу кестесін қайталау
1 топ 18: 2 7х6 5х4 42: 7 14: 2 7х8
2 топ 48: 8 3х6 45: 9 24: 6 8х9 15: 3
3 топ 16: 4 7х6 81: 9 28: 7 3х9 36: 6

ІІІ Мақсат қою кезеңі
Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау «Санның квадраты. Санның кубы»

IV Жаңа сабақ
7+7+7+7+7 қосылғыштары бірдей қосындыны қысқаша қалай жазуға болады?
7х5 7 - қосылғыш, 5 - қосылғыштың саны
Көбейткіштері бірдей көбейтіндіні де қысқаша жазуға болады. Мысалы, 7х7 дегеніміз 72
Яғни, «7 - нің квадраты» деп оқылады.
5х5х5=53 «5 санының кубы» немесе «5 - тің кубы» деп оқылады. Керісінше, 42 берілсе, көбейтінді түрінде жазуға болады. 42= 4х4, 23= 2х2х2 Оқулықпен жұмыс.
№1. Өрнектерді салыстыру:
а) 3+3 және 3х3 Олардың мәндерін тап және салыстыр.
ә) 3+3+3 және 3х3х3 Олардың мәнін тап және салыстыр.
№ 2 3х3 көбейтіндісінде 3 саны көбейткіш ретінде неше рет алынған?
Бірдей екі көбейткіштің көбейтіндісін көбейткіштің квадратымен алмастыруға болады. Мысалы, 3х3=32 және 3х3=9, 32=9
№3 3х3х3 көбейтіндісінде 3 саны көбейткіш ретінде неше рет алынған?
Бірдей үш көбейткіштің көбейтіндісін көбейткіштің кубымен алмастыруға болады.
Мысалы, 3х3х3=33 және 3х3х3=27, 33=27

V Бекіту
а) Мүмкін болса, көбейтіндіні көбейткіштің квадратымен немес кубымен алмастыр:
4х4
6х6х6
5х5
7х7х7
4х5
6х6х7
ә) Көбейтінді түрінде жазып көрсет:
82 43 92 53 72 63 02 13 103
№ 5 Есепті шығар:
Әкелінгені — 10 түптен 5 көшет
Отырғызылғаны - 4 түрінен 5 көшет
Қалғаны?
Шешуі: 10 ∙ 5 - 4 ∙ 5 = 20 (көшет)
Жауабы: 30 ағаш көшеті қалды.

Кері есептер:
Әкелінгені – 10 түптен 5 көшет
Отырғызылғаны -?
Қалғаны - 30
Шешуі: 50 - 30=20
Жауабы: 20 көшет отырғызылды.

№8 а) Фигуралардың атауларын жаз:
1топ үшбұрыштар
2 топ кесінділер
3 топ бұрыштар
4 топ төртбұрыштар
ә) Берілген төртбұрыштардан фигура құрастыр. Шыққан фигураның периметрін, ауданын тап.
Шығармашылық тапсырма
23*22* 2 = 1 3 *3 2 * 33 = 1

VI Қорытынды:
1. Санның квадраты дегеніміз не?
2. Санның кубы дегеніміз не?

VII Үйге тапсырма
№ 6, 7 12 - 13 бет Ережені жаттау

VIII Оқушыларды бағалау.
Сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтау.

Санның квадраты. Санның кубы. жүктеу
30 892
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Санның квадраты. Санның кубы
Санның квадраты. Санның кубы
Математика оқулығының әдістемесі, мұғалімге арналған нұсқаулық
Текше. Санның кубы
Текше. Санның кубы
Оқушыларға санның квадраты және кубын табуды үйрету, кестелік көбейту мен бөлу жайлы білімдерін тиянақтау. Ауызша, жазбаша есептеулер арқылы логикасын дамыту, қиялын ұштап, қабілеттерін шыңдау.
Көбейту мен бөлуге берілген есептер шығару
Көбейту мен бөлуге берілген есептер шығару
Көбейту мен бөлуге берілген есептерді шығару, фигуралардың ауданын табу, санның квадраты және кубын көбейтіндімен алмастыру, теңдеулерді шешу туралы білімдерін жетілдіру.
Санның квадраты, кубы
Санның квадраты, кубы
Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, №31 Ақтасты бастауыш мектебінің мұғалімі Саулембаева Салтанат Жандарқызы
Санның квадраты. Санның кубы
Санның квадраты. Санның кубы
Дәреженің көрсеткіштері ретіндегі санның квадраты және кубы ұғымдарымен оқушыларды таныстыру. Оқушыларды бірдей екі санның көбейтіндісін санның квадратымен, ал үш бірдей санның көбейтіндісін санның кубымен алмастыруға үйрету.
Санның квадраты және кубы
Санның квадраты және кубы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №18 жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бейсенова Анар Анешевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×