Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шылау

29 желтоқсан 2012, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
ШҚО Аягөз қаласы КММ «К. Бозтаев атындағы жалпы
білім беру мектебі» бастауыш сынып мұғалімі
Слямгазина Нургуль Муратовна


Сабақтың тақырыбы: Қой (ғой ), қана (ғана), -ақ шылаулары.
Сабақтың мақсаты: 1) Қой, ғой, қана, ғана, -ақ шылаулары өздері қатысты болып келген, сөздерге шектеу, нақтылау, өтіну мағыналарын үстейтіндігі туралы түсінік беру. Шылау туралы алған білімдерін қорытындылау.
2) Білім деңгейлерін нығайту, жетілдіру. Сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
3) Сауатты, көркем жазуға, ізденімпаздыққа, мақсатқа жете білуге, көпшіл, кішіпейіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнектілігі:Интерактивті тақта, тест, үлестірмелі карточкалар.
Пәнаралық байланыс: ана тілі.
І. Ұйымдастыру.
1. Психологиялық икем.
ІІ. Өткенді пысықтау.
1Шылау және шылау түрлері туралы ережелерді еске түсіру.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Ребус.
3. Жеке оқушыларға карточкамен жұмыс жасату
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Сөзжұмбақ, сөзтерім, ребустарды шешу.
2. Ауыл көшелерімен танысу (31- жаттығу).
3. Бұлақтың көзін ашу, (32- жаттығу ).
4. Сергіту сәті.
5. Қырдың қызғалдағын теру. (35- жаттығу )
6. Көшеттер отырғызуға комектесу. (34- жаттығу)
7. Құстарға өз ұясын табуға көмектесу. (36- жаттығу)
IV. Қорытынды. 1. Ақсақалдың ақ батасы.
2. Тест тапсырмалары.
3. Бағалау.
4. Үйге: 33 - жаттығу. Ережелерді жаттау.

Сабақтың барысы:
1)Ұйымдастыру.
1. Мұғалім сөзі.
2. Психолгиалық икем. (1, 2 слайд. Қоңырау, күн)
Шырылдады қоңырау,
Біз сабақты бастаймыз.
Жаңа білім алуға,
Алға қадам аттаймыз.
Жарқын күн, жарқын күн !
Біз сені сүйеміз!
Біз сенен сұраймыз!
Бер бізге жарқын күн,
Бейбіт күн жылауын.
Бер бізге жарқын күн,
Денсаулық, ізгілік.
2. Балалар, бүгінгі сабағымызда біз «Шылау» қаласының ауылына саяхат жасаймыз Саяхатқа автобуспен барамыз.

3-Слайд. (Автобустағы балалар ).
4-Слайд. (Карта. Сөз таптары елі).
2)Өткенді пысықтау.
1. Мына картадағы сөз таптары елі онда, бірнеше ірі қалалар бар оны біз 2, 3 сыныптардан бері білеміз. Біз білмейтін «Одағай» қаласы туралы келесі сабақтарда танысамыз.
Бүгін ерекше тоқталатынымыз «Шылау» қаласы ж/е оның ауылдары.
4.
- Ендеше, балалар «Шылау» қаласы туралы не білеміз.
- Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді шылау дейміз.
- Шылаулар: мен, бен, пен, ж/е, да, де, та, те, ма, ме, ба, бе, па, пе,
Дейін, шейін, қана, ғана, қой, ғой, -ақ, үшін, туралы.
5-Жақсы, шылау қаласы туралы білетін болдық. Енді оның ауылдары туралы не білеміз.

5-Слайд. (5-Ауылдың суреті).
- Сөз бен сөзді байланыстыратын ауыл туралы не айтамыз.
- Мен, бен, пен, ж/е шылаулары сөз бен сөзді байланыстырады.
- Сөзге күшейту, анықтау мағыналарын үстейтін ауыл туралы ше?
- Да, де, та, те шылаулары өзі тіркескен сөздеріне күшейту анықтау мағыналарын үстейді.
- Сөздерге сұраулық мағына үстейтін ауыл туралы кім айтады?
- Ма, ме, ба, бе, па, пе шылаулары өздері қатысты сөздерге сұраулық мағына үстейді. Қайталаған ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының арасына үтір, соңғысынан кейін сұрақ белгісі қойылады.
- Сөзге үстеме мағына беретін ж/е сөздің септік жалғауда тұруын қажет ететін ауыл туралы не білеміз ?- Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары өзі қатысты сөзге үстеме мағына береді. Бұл шылаулар өздері қатысты сөздің септік жалғауда тұруын қажет етеді.

7-Слайд. Ребус (30-жаттығу ).
2. Үй тапсырмасын тексеру.
- Балалар, біз 5-ші ауылмен танысып, білу үшін мына ребустың шешуін тауып, әңгіме қурап келгенімізді оқимыз.
Сонда ғана біз ауылға кіре аламыз. (оқушылар дәптерлерінен үй тапсырмасын тексеремін ж/е 4-5 оқушы әңгімелерін оқиды ).
Ары қарай тереңірек білу үшін төмендегі торкөзді сөз жұмбақты, сөзтерім ойынын ж/е ребусты шешуіміз керек. Шешуіндегі сөздер ауыл көшелерінің аты екен.
Өз ойынан, кез келген уақытта өлең шығаратын адам? (АҚЫН)
2. Қой бағатын кісі? (ШОПАН)
3. Ас атасы –нанды пісіріп, дайындайтын адам? (НАУБАЙХАНАШЫ)

Ғалам –алам
Анар-нар
Науа-ауа
Ақыр-қыр Шешуі: ғана деген сөз шықты

- Демек балалар
Ауыл көшелері қой (ғой), қана (ғана ), -ақ деп аталады екен.
11. слайд. Ауыл суреті.
3. Жаңа сабақ.
12. слайд. Бүгінгі күн, тықырып.
1-Дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді, тықырыпты жазып аламыз.
Енді 31-жаттығуды ауызша орындап, шылауларды тауып, өзге шылаудан айырмашылығын айтамыз (оқулықпен жұмыс жасаймыз )
13-слайд 31 – жаттығу.
14, 15 слайд. Сөйлемдер жазылған.
1)Шырылдап жерге түскеннен іздейтінің бір-ақ жан.
2) Торғайдың сондағы жем жегенін көрсең ғой.
Осы сөйлемдерді мысал ете отырып оқушылар ойын толықтырып, жаңа тақырыпты түсіндіремін.
Соңынан екі сөйлемнің ана тілі сабағында оқыған қай әңгімеден алынғанын сұрап өтемін.

1)Б. Бұлқышев «Ана».
2)М. Зверев «Суықторғай»
16-Слайд. Бұлақтың суреті.
-«Бұлақ көрсең көзін аш» деген нақыл сөз бар, балалар. Ауыл шетінде бұлақ бар екен бірақ, оның көзі жабылып қалыпты.
Біз 32-жаттығуды орындап, білімімізді көрсете отырып бұлақтың көзін ашайық.
17 –Слайд. (Жазуға арналған бос )
Тапсырманы орындап болып, бұлақтың көзін ашамыз.
18 Слайд. Көбелек суреті
Көбелек тұрып ертемен
Күлімсіреп керілді
Бір дегенде –шықпен бетін жуды
Екі дегенде –шыр айналып бурылды
Үш дегенде – қанат қағып
Төрт дегенде – ұшып кетті

19-слайд. Қызғалдақтар
- Балалар, ауыл деген қандай керемет, айнала жасыл желек, шөптер, қырдың қызғалдақтары да жайқалып өсіп кетіпті.
Ендеше осы гүлдерден теріп алып жақындарымызға, достарымызға сыйлайық.
Бұл қызғалдақтары теру үшін 35-жаттығу орындау керек. Олар жәй алына салмайды, тапсырманы дұрыс орындасақ қана оны теріп аламыз.

20- слайд. Ауыл адамдары көшеге көшеттер отырғызып жатыр. Біз де оларға көмектесейік, ол үшін 34- жаттығуды орындай отырып, көшеттер отырғызайық.
21- слайд. Құстарға өз ұясын табуға көмектесейік.
36- жаттығуды орындау. Ғой, ғана, -ақ шылауларына сөйлем құрап жазу.

ІV. Қорытынды.
- Тест тапсырмаларын орындау.
– Балалар, тест тапсырмаларын дұрыс орындап жақсы нәтиже көрсетсек, осы ауылдың сыйлы аталарының бірі сендерге батасын береді.
22- слайд. Тест жауаптары.
1-б, 2-ә, 3-а, 4-ә, 5-б, 6-а, 7-б

7 сұрақ дұрыс болса- «5»
5, 6 сұрақ дұрыс болса- «4»
4 сұрақ дұрыс болса – «3»
(Оқушылар өзара алмасып тексереді)
23- слайд. Атаның бата беруі.
- Шылауларға диаграмма құрады. (оқушылар)
- Бағалау. Рефлексия.
24- слайд. Төрт түрлі смайликтар.
Әркім өз біліміне, көңіл күйіне қарай тиісті смайликтерді таңдайды.
1. – Кім бәрін түсіндім, сабаққа белсене қатыстым, өте жақсы жауап бердім десе 1- ші смайликті таңдайды, яғни өз күнделігіне «5» қояды.
2. – Жаңа сабақты түсіндім, бірақ белсене қатыспадым, жақсы жұмыс істедім деп ойласа 2-ші смайликті таңдайды, өзіне «4» деген баға қояды.
3. – Кім ойланатын нәрсе бар, бұл сабақта аз жұмыс істедім, бірақ келесі сабақта міндетті түрде тырысамын десе – 3-ші смайликті таңдайды, яғни «3» деген баға.
4. – Ал өте көңілсіз фигураны ешкім таңдамайды деп ойлаймын, өйткені бәрің еңбектеніп, сабаққа қатысып отырсыңдар.
V. Үйге тапсырма:
19 719
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Шылаудың ерекшелігі
Шылаудың ерекшелігі
Шылаудың ерекшелігі. Шылаудың басқа сөз таптарынан мынадай айырмашылықтары бар.
Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары
Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылаулары
Ма (ме), ба (бе), па (пе) шылауларының өздері қатысты сөзге сұраулық мағына үстейтіндігі туралы түсінік беру, олардың емілесін меңгерту.
Шылау қой (ғой), қана (ғана),- ақ шылаулары
Шылау қой (ғой), қана (ғана),- ақ шылаулары
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Дарханбаева Айманкүл
Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары
Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары
Атырау қаласы, №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Сұлтанова Cара
Қой (ғой ), қана (ғана), - ақ шылаулары
Қой (ғой ), қана (ғана), - ақ шылаулары
Бастауыш сынып мұғалімі Тәжібаева Гүлмира
Шылау
Шылау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,Үстірт орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қаржаубаева Зәуреш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×