Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үнемділік

16 қаңтар 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Үнемділік
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды білімпаздыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелей отырып, өз ойын ашық айта білетін қабілетті тұлға қалыптастыру.
2. Оқушыларды елін, жерін, оның дәстүрлерін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуге ықпал ету.
3. Оқушыларға үнемдеу мен ысырап жайлы мағлұмат бере отырып, олардың шығу жолдарын түсіндіріп, күнделікті өмірде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар! Қай заман болсын адамзат алдында тұратын басты міндет - адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру.

Малға достың мұңы жоқ, малдан басқа,
Аларында шара жоқ, алдамасқа.
Табысына табынып, қалтаң қағып,
Тойғанынан қалғанын берсе алашқа.
Мал жияды мақтанын білдірмекке,
Көзге шұқып, малменен күйдірмекке.
Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар,
Сорпа - сумен, сүйекпен сүйдірмекке.
Ақылды деп, арлы деп, ақпейіл деп
Мақтамайды ешкімді бұл күнде көп.
Осы күнде мал қайда, боқ ішінде,
Алтын алсаң, береді боғынан жеп.
Осыны оқып, ойлай бер, болсаң зерек.
Еңбекті сат, ар сатып неге керек?
Үш - ақ нәрсе – адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
(Абай)
Мұғалім:
« Үнемділік» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
- Қай уақытта үнемшіл бола аламыз?
– Адамдардың басым бөлігі әрбір тапқан тиынын лезде жұмсап, қарызға және несиеге дүние алуға бейім тұрады. Егер де осы әдетіңізден құтылмасаңыз сізде ешуақытта ақша болмайды, байымайсыз. Үнемшілдікті әдетке айландырыңыз. Ақшаны бет алды шашпаңыз. Байлыққа баратын жолды аңсап тұрсаңыз, ол жол базарға барғандай қарапайым әрі түзу. Ол негізінен мына екі сөзден тұрады – ынтаңыз бен үнемшілдігіңізден. Уақытыңызды бет алды ысырап қылып, ақшаңызды рәсуа қылып шаша бермеңіз. Осы уақытыңыздың да, қаражатыңыздың да қарымтасы барынша қайтатындай етіп ақшаңыз бен уақытыңызды жұмысқа жегіңіз, мүмкіншілікті ұтымды пайдаланыңыз. Адам табиғатында өмір сүруге керекті жанталастың тұқымы салынған. Осы өмір үшін жанталас – адамзаттың алға жылжып дамуының басты себебі. Туғаннан өлгенге дейінгі аралық, пенде үшін алма - кезек қайталанып жататын сынақ алаңы. Осы өмір үшін күресте біз баға жетпес тәжірибе жинақтаймыз. Осы күресте, алдымызға қойған мақсатымызға жеткізетін даналық, күш, қуатқа ие боламыз. Өмірде жолы болмаған пенделер өздерінің өмірлерін «жеңілдің астымен, ауырдың үстімен» өткізгісі келеді. Олардың түсінбейтіні, өмір осыларды езіп жіберетіні. Өмірдің шырғалаңдарына қаймықпай қасқайып қарсы тұру үшін мықты мінез, айқын мақсат, нақтылы жоспар болу керек.
Өмірдің мәнін түсінгеннен кейін, біз осы мақсатқа жетелейтін күрестің шартын қабылдаймыз. Нәтижесінде ерінбей еңбек етіп, көрсеқызарлықтан, бет алды тапқан табысыңды оңға - солға шашып, қарызға кіре беруден құтылмай мақсатқа жетуге болмайтынын түсінеміз.
– Адамдарда ақшасының болмауының тағы бір себебі, соңғы жылдары рухани, діни, тылсым дүние туралы көркем, ғылыми, көпшілікке арналған әдеби - оқу кітаптары көбейіп кетті. Бұл әрине өте тамаша! Осының салдарынан көптеген адамдардың ойлау жүйесі жердегі күйбең тіршілікке емес, рухани бағытқа бұрылып кеткенінің дәлелі. Осы адамдардың ойлау жүйесі нәзік әлемдерден рухани ілім сұрағаннан кейін, табиғат осылардың қалауын орындап, сұрағандарын беруде. Бұндай адамдардың қалталарының таяз болатын жөндері де бар.
Бұл мәселенің күрделілігі – егер ақша өміріңіздің басты мақсаты, негізгі бөлігі болмаса, онда ақша туралы ойлау қиын болады. Онда ақшаны күнделікті еске түсіріп отыратын әдіс құрыңыз. Бұл үшін қандай болмасын әдіс жарай береді – бөлмеңіздің, көлігіңіздің т. б. өзіңіздің тұрақты отыратын, көзге ұрымтал жерлеріңізге ақшаны қыстырып не іліп қойыңыз. Бұл сізге ақшаны, ақша болған кезде алатын қанағат сезіміңізді үнемі еске түсіріп отыратын болады. Ойлау жүйеңіз ақша туралы ойлануға мәжбүр болады.

Ой сергіту
І. Жұмбақтың шешуін табу:
1. Жазу жазып жалықпаған,
2. Жаза жаза арықтаған.
(бор)

3. Алты қырлы,
Алтын сырлы.
(Қарындаш)

4. Қабат - қабат қаттама,
Ақылың болса аттама.
(Кітап)

5. Үйреткен ілімді,
Қырық екі білімді.
(Алфавит)

6. Өшірді, сүртті,
Өзгені құртты,
Өзін де құртты.
(Өшіргіш)
Көрініс «Бір уыс мақта»
Бiр кiшкентай қыз әкесiнiң шапанын жамап отыр екен, шешесi қасына отырып, ақыл айтты:
– Балам, дүниедегi жаратылған жанды - жансыздардың ешқайсысының да керексiз болып, жерде қалатыны болмайды, – деп. Сол сөздi айтып отырғанда, қыз бала киiмiн жамап болып, жердегi мақтаның қиқымын терезеден лақтырып, далаға тастады:
– Әже, осы қиқымның еш нәрсеге керегi бола қалмас, – деп.
Шешесi:
– Балам, сол да жерде қалмайды, – дедi. Осылайша сөйлесiп, терезеден қарап отырса, манағы мақтаны жел көтерiп ұшырды, мұны бiр торғай көрiп қуып барып, мақтаны тұмсығына тiстеп қана алып, ұшып кеттi. Қыз әжесiнен:
– Манағы мақтаның қиқымын бiр торғай алып кеттi, оны неғылады? – деп сұрады. Әжесi айтты:
– Көрдiң бе, балам, күн айналмай манағы айтқан сөздiң келгенiн. Ол кiшкентай мақтаны торғай ұясына төсеп, жас балапандарына мамық етедi, – дедi.
Қорытындылау: Осы жерде көріністе не байқадық. Үнемшілдік ысыраптын қандай айырмалшақтарын байқадық

Сергіту сәті:
Ал, балалар, тұрайық.
Алақанды ұрайық
Оңға қарай иiлiп
Солға қарай иiлiп
Бiр отырып, бiр тұрып,
Бойымызды созайық
Белiмiздi жазайық.
Оңға - оңға түзу тұр
Солға - солға түзу тұр
Жоғары - төмен қарайық
Қолымызды созайық
Бойымызға күш жинап
Бiр шынығып алайық.

Мұғалім:
Біле бер, қанша білсең - тағы тіле,
Жетесің мақсатыңа біле - біле,- деп Жүсіп Баласағұн жырлаған.
Мақалдың жалғасын тап.

1. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
2. Күш – білімде.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Сабырлық, үнемділік және қажетсіз ысырапкершілікке жол бермеушілік, пайғамбарлық сипатының жиырма төрт қасиетінің бірі. Ысырапкершілікке жол берменіз. Пайғамбарымыз Мұхаммед.
Жандарыңа сапалы білім мен салауатты ақылды серік етіп, үйлестіріп мемлекетті алдағы уақытта дамытатын сіздер мен біздер. Ендеше М. Әуезов атамыз: «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, құрметті өрен атаның емес, адамның баласы болу керектігін осы бастан ой - зерделеріңде
сақтаңдар.

Үнемділік. жүктеу
10 689
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Озық ойлы оқушы
Озық ойлы оқушы
Жастарды елін, жерін, оның дәстүрін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.
Теңдеулер және оны шешу тәсілдері
Теңдеулер және оны шешу тәсілдері
Оқушылардың теңдеулер және оларды шешу тәсілдеріне байланысты білімдерін пысықтау; күрделі теңдеулерді шешу жолдарын қарастыру.
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез атты білім сайысы
Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез атты білім сайысы
Жастарды елін, жерін, оның дәстүрлерін сыйлауға, халқымыздың болашағын гүлдентер тәрбиелі, білімді болып өсуіне ықпал ету және тәрбиелеу.
Экономика көшбасшысы
Экономика көшбасшысы
№112 орта мектебінің мұғалімі: Рашидова Аманкул
Цитология негіздері (қолданбалы курс биология)
Цитология негіздері (қолданбалы курс биология)
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Н. С. Манаев мектебінің биология пәні мұғалімі Хилауова Армангүл Амангелдіқызы
Сыр сүлейі - Нұртуған
Сыр сүлейі - Нұртуған
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Аққұм бекеті, Негізгі білім беретін №221 Аққұм мектебі Музыка пәнінің мұғалімі Серібаева Баян Төлепбергенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×