Білімділер поралы

Жақсылық жолмен жүреміз

Сабақ: Жақсылық жолмен жүреміз
1 сынып
Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары жақыныңа жақсы тілек тілеу арқылы қиянат жасамау құндылығын дамыту туралы түсінік беру
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушы істей алады: өз ойларын жеткізе алады
Көпшілігі істей алады: постер істей алады
Кейбірі істей алады: 5 жол құрастыра алады
Тілдік мақсат
Алдыңғы білім Алғыс айту - игілік сыйлау
Жоспарланған уақыт: Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарланған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз).

Басы
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырманы тексеру
Сабақ барысында:
Тыныштық сәтi.
Су түбіңе саяхат
Денелеріңізді түзу ұстаңыз. Көздеріңізді жабыңыздар. Терең тыныс алып елестетіңіздер.
Біз сіздермен теңіз түбіңе саяхатқа барамыз. Ақырындап орындарыңан тұрып, кабинеттен шығып, далаға шығамыз. Қараңыздар алдарыңызда теңіз. Елестетіңіз, сіз теңіз жағалауымен келе жатырсыз. Жалаңаяқ жүріп, құмның жылуын сезіп келе жатырсыз. Теңізге қараңыздар, сіздер бір қара нүкте көріп тұрсыздар. Ол жақындаған кезде сіз ол қара нүктенің дельфин екенін көрдіңіз. Ол сізді теңіз түбіне саяхатқа апаруға келді. Дельфин ең адал жануар. Сіз ақырындап дельфиннің үстіне отырып, қатты ұстап алыңыз. Сізді дельфин ақырындап теңіздің түбіне жүзіп алып келе жатыр. Жан жағыңызға қараңыз, әр түрлі балықтар. Оң жақтарыңызға қарасаңыздар қып – қызыл балдырлар, сол жақтарыңызға қараңыздар сары, көк түсті балықтар. Сізді дельфин ақырындап осы балықтардың арасымен жүзіп алып келе жатыр. Қараңызшы алдыңызда сегізаяқ. Өзі сондай үлкен. Теңіз түбі қандай ғажап десеңізші. Теңіздің түбіндегі тыныштықты сезіндіңіз бе? Осы тыныштықта бір сәт отыра тұрыңыз. Енді артқа қайтуға дайындалыңыз. Дельфин сізді теңіздің бетіне алып келе жатыр. Теңіз бетіне шыққанда беттеріңізге самал желдің үрлеп тұрғанын сезіндіңіздер. Дельфин сізді теңіз жағалауына алып келді. Сіз ақырындап дельфиннен түсіп, оған өз ризашылықтарыңызды білдіріңіздер. Оны сипаңыздар. Жылы құммен ақырындап артқа жүріңіздер. Мектептің есігінен кіріп, өз кабинетімізге ораламыз. Өз орындарына отырыңыздар.
Сұрақтар
1) Көз алдарыңызға не елестеді?
2) Қандай сезімде болдыңыздар?
Үй тапсырмасын тексеру

Ортасы
Рефлексия Бес Т ережесі құрастыру:
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық
Жаңа тақырып: - Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз «Жақсылық жолымен жүреміз» деп аталады.

3. Жағымды ой - пікір. (дәйексөз)
- Оқушылар бәріміз тақтаға назар аударайық. Тақтада дәйексөз берілген.
Жақсылық – жан азығы
Мақал
- Сендер осы халық мақалдың мағынасын қалай түсінесіңдер?
Жақсы сөз дегенді қалай түсінесіңдер?
Жақсы ой, жылы лебіз, жақсы тілек адамды шаттандырады, қуантады, бақытты етеді. Ауыр сөз жағымсыз әрекеттер адамның көңілін түсіреді, мұңайтады, оны уайымға салады
Әңгімелеу (Мұғалімнің сыйлығы) Қандай тілек жақсы?
Сол күні Амантайдың апасының қас қабағы келісіңкіремей отырды.- Балам, бүгін мазам кетіп шаршап тұрмын. Шайды өзің қамдап қоямысың? Күнде қапырық болды ғой. Мен аздап жантайып тұрайын. Амантай зыр жүгіріп, шай әзірлеп, апасының бетіне де жалтақ қарап қояды. Бүгін олар күндегіден ертерек жатты. Амантай апасының әр қозғалысына, тыныстағанына құлағын түріп, елеңдей берді. Кейде жүрегі жиі - жиі соға жөнеледі. Өстіп жатып ұйықтап кетті. Жарқ - жұрқ найзағай жарқылдап, күннің күркірегенінен оянып кетті. Апасы әлі ұйықтамапты, күбір күбір сөйлеп жатыр, Амантай тағы тың тыңдай қойды.«- Жасаған ием, құлындарым ер жеткенше қуат бере гөр. Жарым жан көңілдерінің жұбанышын көпсін бе, жасаған. Қос құлынымды кім мүсіркеп, кім маңдайларынан сипар екен дегізіп, көздерің жәутеңдете көрме!»- деп апасы терең күрсініп, аунап жатты. Амантайдың бетін ағыл тегіл жас жуып, үнсіз егілді. Өткендегі жаман ойы көңіліне оралып, бүкіл денесі дір ете түсті. Жүрегі қайта дүрс - дүрс соғып, зәресі ұшты. Әне бір жолы Ерболат Жанұзақ ағайды әкелеп жүргенінде мұның іші әлем жәлем қызғанышқа толып, көңіліне көпіршілік келген. Сол есіне түсіп, мазасызданып кетті.
- Апа, біреуге жаман тілек ойлаған жақсы емес, ә?
- Әрине балам. Досың түгілі қасына да жаман тілек тілеуге болмайды - деді анасы.
- Апа енді сол қызғанып барып, ойлаған жаман тілекті қалай қайтарып алуға болады?
- Балам түн ұйқыңды төрт бөліп, ағаттығыңа өкініп жатқанының өзі сол адамға ақ ниет тілегенің. Қызғаншақтық жақсы қасиет емес, ол адамды жаман іске жетелеп, жаныңды жаралап, тас жүрек етеді. Осыны ұмытпа, балам!
- Амантайдың әрекеті туралы не айта аласыңдар?
- Неге жақсы ойлауымыз керек?
- Сендер Амантайдың орнында болсаңдар қандай тілек тілер едіңдер?
• осы баланың орнында болсаңдар әке өсиетін дұрыс түсінесіңдер ме?

Мектеп:№19 орта мектебі
Мұғалімнің аты - жөні: Тулепберген А. Т.

Жақсылық жолмен жүреміз. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 100
барлық дауыс бергендер: 1
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 452
Қолданушылар: 2
Қонақтар: 450
Роботтар: 3
Altaeva Қаламқас Мустафина
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика