Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ә дыбысы мен әрпі

18 қаңтар 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Әә дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Әә дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен тілін, ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, ұқыптылыққа, сауаттылыққа, табиғатты қорғауға, оқуға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Ертегі сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, ой қозғау, тізбектей оқу, сурет арқылы сөйлем құрау, түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, интерактивті тақта, ертегі кейіпкерлері, текшелер, буындар, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Өткенді қайталау
ІІІ. Ой қозғау
ІV. Жаңа сабақ
V. Суретпен жұмыс
VІ. Оқулықпен жұмыс
VІІ. Сергіту. Дәптермен жұмыс
VІІІ. Ойлан тап, сөз құра
ІХ. Қорытындылау
Х. Мадақтау
Оқушылармен амандасу.
Оқу құралдарын түгендеу.
Оқушылардың көңілдерін сабаққа аудару.

БАУЫРСАҚ ЕРТЕГІСІ
Қоянның тапсырмасы

ІІ. Өткенді қайталау
Балалар, өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
Іі әрпі
Іі әрпі қандай дыбыс?
Дауысты, жіңішке

ІІІ. Ой қозғау
- Дыбыстар нешеге бөлінеді? /екіге бөлінеді/
Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
/әріпті көреміз, жазамыз, оқимыз/
/дыбысты естиміз, айтамыз/
Қасқырдың тапсырмасы
ІV. Жаңа сабақ
Бұрап қойған сағаттай,
Айғайлайды таң атпай.

Әә дыбысы мен әрпі
/Баспа және жазба түрімен таныстыру/
Ә дыбысы жіңішке дауысты дыбыс
Кім айтады, әтеш қалай шақырады?
Балалар ә дыбысынан басталатын қандай сөздерді білесіңдер, кім айтады?

Ә дыбысы мен әрпі. жүктеу
6 943
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
М дыбысы
М дыбысы
М м дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық іс - әрекеттерін, шығармашылығын, сөздік қорларын дамыту.
Ү дыбысы мен әрпі
Ү дыбысы мен әрпі
Ү дыбысы мен әрпін таныту. Ол арқылы берілген сөздерді оқуға үйрету және оның жіңішке дауысты дыбыс екенін айту. Ү әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
И дыбысы мен әрпі
И дыбысы мен әрпі
И дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. И дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамыту. Дәрілік өсімдіктер туралы түсінік беру.
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әріпі (слайд)
Қ дыбысы мен әрпін таныстыру арқылы берілген сөздерді тізбектей оқыту
Х дыбысы мен әрпі
Х дыбысы мен әрпі
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Л. Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тукупова Кульпан Кобландиевна
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×