Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақылды тыңдай білу де өнеге

23 қаңтар 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: № 19 Ақылды тыңдай білу де өнеге
Құндылық: сыйластық
Қасиеттер: ақыл, өсиет тыңдау, әдепті, сабырлы.
4 сынып
Ресурстар: Оқулық, дәптер, үнтаспа, слайд. Проектор, ноутбук слайд, «Даналық сөздер» сандығы, үлестірмелі кеспе қағаздар, слайд, плакат.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың «Сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- ақылды тыңдай білудің өмірдегі маңыздылығын түсіндіру;
- ақылды тыңдай білу іскерліктерін дамыту;
- ақыл, өнеге, өсиеттерді тыңдауға, бағалауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Оқу құралдарына назар аудару 5Т бойынша
Топқа бөлу. (топшамаларды таңдайды, сол арқылы топқа бөлініп отырады)
- Балалар, ата - аналарың сендерді қалай еркелетеді?
- Айым, күнім, жұлдызым.
- Ендеше, 3 топқа бөлініп отырыңдар. «Ай» тобы, «Күн» тобы, «Жұлдыз» тобы.
Балалар ендеше шеңбер құрып, қол ұстасып. келген қонақтарымызбен амандасып алайық!
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
сәлеметсіздер ме ұстаздар!
Қанеки енді орынымызға отырып сабағымызды бастайық. Балалар біз сабағымызды қалай бастаймыз? Тыныштық сәтімен бастаймыз солай ма балалар, жарайсыңдар ендеше бәріміз ыңғайланып отырайық.
Тыныштық сәті:
«Күннің нұры» (музыка әуенімен 7мин)
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолдарыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түпкір түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «мен нұрлымын... нұр менің ішімде... мен нұрмын»
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Енді жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.
Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында «Бәйге» ойыны ойналады. Тақтадағы жасырын сөзді табу үшін сұрақтарға жауап алынады.
«Ай» тобына:
1 - сұрақ. Жалғастыр: Өз білмегеніңді кісіден сұра, Үлкен болмаса, кішіден сұра
2 - сұрақ. Өнер алды – қызыл тіл
3 - сұрақ. Талаптыға нұр жауар
«Күн « тобына:
4 - сұрақ. Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын
5 - сұрақ. Жақсы сөз – жарым ырыс
6 - сұрақ. Ойлы бала. озар
«Жұлдыз» тобына:
7 - сұрақ. Адам өміріндегі ең қажетті білім – өзін өзі тану
8 - сұрақ. Арман – адамға қанат
9 - сұрақ. Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам
Жасырын сөз: «Ақылды тыңдай білу де өнеге»
Үй тапсырмасын тексеру
«Сиқырлы қорапшада» бірнеше сөздер берілген, осы сөздердің ішінен «Талапты балаға» тән қасиеттерді тауып, тақтаға іліңдер.
ІЗДЕНГІШ, ЕНЖЕР, ҰМТЫЛҒЫШ, ТАЛАНТТЫ, ЖАЛҚАУ, ҰҚЫПТЫ, ҚАБІЛЕТТІ, ЕҢБЕКҚОР, ӨНЕРЛІ, ӘДЕПТІ, САБЫРЛЫ, ТАБАНДЫ.
Үй тапсырмасын бекіту.
Талабы бар адам білімді, өнерді үйреніп меңгереді. Ұлы Абай аталарың айтқандай талап – бес асыл істің бірі. Сол асылды бойымызға дарыта білейік.
Талаптанған адам өз арманына жетеді, қандай қиындық болса да жеңбей қоймайды. Ол үшін адам ерінбей, шыдамдылық, тұрақтылық таныта білу керек екен.
Ой қозғау.
Мұғалім: Балалар, үлкенге сый - құрмет, кішіге жол көрсет дегенді қалай түсінесіңдер?
 Оқушы: Ол үлкенді сыйлай білу, кішілерге үлгі - өнеге болу деген ұғымды білдіреді.
 Оқушы: Үлкендерге сый - құрмет дегенге кішіпейіл, әдепті, сыпайы болу деген ұғым бар.
 Мұғалім: Қандай адамды дана деп айтуға болады?
 Оқушы: Өте ақылды, ақылы асқан адамды дана адам дейді. Яғни менің атам.
 Мұғалім: Үлкендердің ақыл кенесін тыңдау кере пе?
 Оқушы: Ия.
- Дұрыс айтасыңдар, балалар!
Ендеше балалар мына бейнетаспаны көрейік. Назарымызды экранға аударамыз.
• Балалар, айтыңдаршы бұл бейнетаспаның тақырыбы қандай? кім айтады?
Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала»бейнетаспасы.
«Ай» тобына сұрақ
• Әңгіменің негізгі түйіні қандай деп ойлайсыңдар?
«Күн» тобына сұрақ
• Әкесі баласына қандай өсиет айтады?
«Жұлдыз»тобына сұрақ
• Аз жұмысты қиынсынсаң - көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең – көптен құр қаласың - дегенді қалай түсінесіңдер?
Дұрыс айтасыңдар. Әке өсиетін мүлтіксіз орындаған балалар ештеңеден қиындық көрмейді. Ал өсиет тыңдамайтын адамның ісі алға баспай, сол күйі қалады. Ата сөзін, әке сөзін, ұстаз сөзін, үлкендер сөзін, халық даналығын, өсиетін дұрыс ақылға салып тыңдай білген адамның ақылы толыса түседі, адаспайды. Ақылды тыңдайтын бала да ақылды атанады.

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы,
Алабас негізгі мектебі
Өзін – өзі тану пән мұғалімі
Едіге Саягүл Едігеқызы

Ақылды тыңдай білу де өнеге. жүктеу
2 357
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Денсаулық құпиялары
Денсаулық құпиялары
Денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.: Жан сұлулығының тән сұлулығына әсері туралы түсінік беру. Өмір - өзегі денсаулық екенін ұғыну.
Ақылды тыңдай білу де өнеге
Ақылды тыңдай білу де өнеге
Ақылды тыңдай білу де өнеге. Мақсаты: Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Отбасындағы сүйіспеншілік
Отбасындағы сүйіспеншілік
Отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Отбасындағы сүйіспеншілік, сыйластық туралы ұғымдарын бекіту. Инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу
Ақылды тыңдай білу де өнер
Ақылды тыңдай білу де өнер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Достанова Рая Жеңісқызы
Ақыл - жастан, асыл - тастан
Ақыл - жастан, асыл - тастан
Қарағанды қаласы, №21 негізгі мектепте бастауыш сынып мұғалімі Базылова Данагүл Дюсенбайқызы
Ақылды тыңдай білу де өнеге
Ақылды тыңдай білу де өнеге
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп – гимназияның бастауыш класс мұғалімі Каирова Клара Урбисиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×