Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


П дыбысы мен әрпі

25 қаңтар 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әліппе
Сабақтың тақырыбы: П дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға П дыбысы мен әрпін таныстыру, сөздегі орны туралы түсінік беру, берілген сөздерді дұрыс оқу мен жазуға үйрету
2. П дыбысына қатысты жаңа сөздер ойлау, сөйлемдер құрату. Танымдық іс - әрекеттер арқылы ой - өрісін, тілін дамыту
3. Оқушыларды сауаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, көрнекілік
Көрнекілігі: П дыбысы мен әрпіне арналған кестелер, суреттер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа зейіндерін аударамын.
Сабаққа қажетті оқу - құралдарын дайындатамын.
Баланың партада дұрыс отыруын қадағалаймын.
Психологиялық дайындық:
- Күлімсіреп жүрейік жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Осындай мейірімді, ақылды, өмірге, білімге құштар оқушыларымның барына қуанышытымын. Сендермен бірге болғаныма тек мен ғана емес, шуақты күн де қуанып тұрғандай. Бүгінгі күніміз көңілді, әрі сәтті аяқталуы үшін өзімізге және келген қонақтарға жақсылық, көтеріңкі көңіл күй тілей отырып, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Өткенді қайталау:
Балалар қараңдаршы күннің бетін бұлт жауып қалыпты. Күннің бетін бұлттардан тазартайық. Ол үшін бұлттардың артындағы сұрақтарға дұрыс жауап беруіміз керек.
- Дыбыс дегеніміз не?
- Дыбысты біз естиміз, айтамыз.
- Дыбыс нешеге бөлінеді?
- Дыбыс екіге бөлінеді. Дауысты және дауыссыз деп.
Оқушылардың алдыңғы сабақтан алған ұғымдарын, түсініктерін пысықтау.
- Пп дыбысы қандай дыбыс?
- Пп дыбысынан келетін сөздер құрау, сөздерден сөйлем құрау.
- Қандай дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз?
- Қандай дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз?
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- «Кітап»мәтінін оқып келуге
- Оқушыларға оқыту тізбектей, дауыстап
«Балықты аула» ойыны: « Балықты аулап ал, жауабын тауып ал»
Балалар қағаздан жасалған балықты аулайды. Балықтың сыртында сұрақтар бар. Сол сұрақтарға жауап береді.
- Кітапты неден жасайды?
(Кітапты қағаздан жасайды)
- Қағазды неден жасайды?
(Қағазды ағаштан жасайды?)
- Кітап қайдан шығады?
(Кітап баспадан шығады)
- Кітаптың қандай пайдасы бар?
(Біз оқимыз, білім аламыз)

ІІІ. Мақсат қою: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау
Енді балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын кім жылдам
екенін көрейік.
(Сабақ тақырыбын жұмбақ жасыру арқылы ашу)
- Ызақор бұғып жатыр,
Сақалын тығып жатыр (пияз)
- Өте жақсы! Пияз жеміс пе, көкөніс пе?(көкөніс)
- Пияз деген сөз қандай дыбыстан басталады?
- П дыбысы
- Дауысты дыбыс па, дауыссыз ба?
- Дауыссыз өйткені еріннің кедергісіне ұшырайды.
Ендеше, П дыбысын бәріміз бірге айтып көрейікші.
Бүгін біз сендермен П дыбысы мен әрпін өтеміз.
(П дыбысының баспа және жазба түрімен таныстыру)
Енді балалар П дыбысы бар құлпынай сөзін буынға бөліп
көрейікші қанша буын бар?
Құл - пы – най. Үш буын. Себебі, әр буында бір дауысты дыбыстан
бар. Мектеп сөзінде қанша буын бар?
Мек - теп. Екі буын.
Доп сөзінде ше?
Бір буын бар. Себебі бір ғана дауысты дыбыс бар. Буынға
бөлінбейді.

ІІІ. Жаңа сабақ:
«Күш - білімде, білім - кітапта» ендеше жаңа сөздерді оқып
үйренейік. Кітабымыздың 104 бетіндегі буындық сөздерге қарайық.
доп - добы көп - көбі тап - табу
топ - тобы шөп - шөбі шап - шабу
Доп деген сөзге ы дыбысын қоссақ «добы» деген өзгеріске
енеді екен.
Тақтадағы кірпінің суретін көрсету.
- Кірпі немен қоректенеді? Оның қандай пайдасы бар? Ол қайда мекен етеді?
(Балалар кірпі жайлы өз түсініктерін айтады).

П дыбысы мен әрпі. жүктеу
4 512
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпін таныстыру. П дыбысы дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру
Ә дыбысы мен әрпі
Ә дыбысы мен әрпі
Жаңа технологияларды қолдана отырып Әә дыбысы мен әрпін таныту, сол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға, буын және оның түрлерін ажырата білуге үйрету.
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Х дыбысы мен әрпі (слайд)
Сабақтың тақырыбы: Хх дыбысы мен әрпі (слайд)
И дыбысы мен әрпі
И дыбысы мен әрпі
И дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету. И дыбысы қатысты жаңа сөздерді білдіру арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамыту. Дәрілік өсімдіктер туралы түсінік беру.
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпі
Б дыбысы мен әрпін таныту. Б дыбысының ұяң дауыссыз дыбыс екенін аңғарады. Қазақ тілінде сөздердің басында ортасында келетінін меңгереді.
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Ө дыбысы мен әрпін қайталау
Исмаилова Ляззат Нуржанқызы, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектеп , Бастауыш пән мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×