Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қосындыны санға бөлу

30 қаңтар 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға бөлу
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды қосындыны санға бөлу тәсілімен таныстыру. Кестелік көбейту мен бөлуді тиянақтау.
2. Стратегиялар арқылы оқушылардың ой - өрісін, ойлау қабілетін, математикалық тілін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Бір - бірін тыңдап, ортақ шешім қабылдауға дағдыландыру.
Ынтымақшыл болуға тәрбиелеу.
Түрі: аралас.
Әдісі: СТО, сұрақ - жауап, түсіндіру, өздігінен жұмыс істеу.
Көрнекілігі: кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық сәт.
- Балалар! Терезеге қараңдаршы.
Бүгінгі күн неткен тамаша, Жарқын күн!
Күннің сәулесі бізге жылу, жарық, мейірім мен қуаныш сыйлайды. Келіңдер, күннен өтінейік, ол әрдайым жылы әрі жарық сәулесін шаша берсін.
Жарқын күн, жарқын күн!
Мен сені сүйемін.
Мен сенен сұраймын!
Бер маған жарқын күн,
Бейбіт күн жылуын!
Бер маған жарқын күн,
Денсаулық, ізгілік!

Оқушыларды топқа бөлу, топтың атауын "Зейінділік" ойыны арқылы табу.
Зейінділік ойыны:
ОИеАЫІӘҢАЭЮБЕАОЫк жазбасындағы Е әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастаңдар. Қандай сөз шықты? (еңбек).
ОИтАЫІӘлАЭЮЫЕПОЫӘО жазбасындағы А әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастаңдар. Қандай сөз шықты? (талап).
ОИБАЫІӘАЭЮлЕАОЫіоАӘМЭЮ жазбасындағы І әрпінен басқа барлық дауысты дыбыстарды сызып тастаңдар. Қандай сөз шықты? (білім).
І топ «Еңбек»
ІІ топ «Талап»
ІІІ топ «Білім»

ІІ Ой қозғау. Тірек білімді белсендіру.
Ауызша есептеу.
1. 10 мен 8 сандарының көбейтіндісінің мәнін тап. 80
2. 56 - ны 7 есе кеміт. 8
3. Қандай санды 4 есе арттырса, 24 шығады? 6
4. 40 пен 8 - дің бөліндісінің мәні неге тең? 5
5. 36 саны 3 - тен неше есе артық? 12
6. 9 саны 36 - дан нешеге кем? 27
7. 16 мен 7 - нің қосындысын 7 - ге арттыр. 30

ІІІ. Жаңа материалды меңгеру.
(6+9); 3 *6: 3+9: 3өрнекті салыстырамыз. Нәтижесінде өрнектің оң және сол жағы тең. Демек өрнек тең.
Қосындыны санға бөлудің екі тәсілі бар
1 - тәсіл Бірінші қосылғыш 6 - ны 3 - ке бөлеміз, екінші қосылғыш 9 - ды 3 – ке бөлеміз. Нәтижелерін қосамыз. 6: 3+9: 3=2+3=5
2 - тәсіл Ең алдымен жақшаның ішін орындаймыз. Шыққан нәтижені санға бөлеміз
(6+9): 3=15: 3=5
Демек, қосындыны санға бөлу үшін, әр қосылғышты осы санға бөліп, нәтижелерін қосуға; қосындының мәнін тауып, оны осы санға бөлуге болады.
ІV. Бекіту
1) Бөлу қалай орындалған? Жоғарыда көрсетілген тәсілдерді пайдаланып түсіндіру
1)(10+6): 2=16: 2=8
2)(10+6): 2=10: 2+6: 2=8

2) Әр топ өрнектің мәнін екі тәсілмен табады
(14+16): 2
(25+15): 5
(36+18): 6
(24+12): 4
(40+16): 8
(21+9): 3

3) Оқулықпен жұмыс:
№6 Салыстыр.
(18+14): 2 * 18: 2+14
45: 5+20: 5 * (45+20): 5

V. Сергіту сәті
«Сұрақтар бұрқасыны» жаттығуы

VІ. Математикалық диктант
Өрнектерді жазып, олардың мәндерін тапқызу
1) 75 және 27 сандарының айырмасын 3 есе арттыр
2) 40 және 16 сандарының қосындысын 7 есе кеміт
3) 70 және 4 сандарының көбейтіндісін 40 есе кеміт
4) 420 және 6 сандарының бөліндісін 9 есе арттыр
(Әр қатардан 1 оқушы оқып, нәтижесі тексеріледі)

Алматы облысы,
Балқаш аудандық білім бөлімінің
«Н. Бозжанов атындағы орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ
Бастауыш сынып мұғалімі: Нияз Г. А.

Қосындыны санға бөлу. жүктеу
1 666
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қосындыны санға бөлу.
Қосындыны санға бөлу.
Есепті шығару және түрлендіру, ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.
Қосындыны санға бөлу (слайд)
Қосындыны санға бөлу (слайд)
Қосындыны санға бөлу тәсілін меңгерту, есептерді әртүрлі тәсілмен шығара білуге үйрету; Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін, белсенділігін, түрлі тапсырмалар орындау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Қосындыны санға бөлу
Қосындыны санға бөлу
Оқушылардың білімдерін тереңдету, қайталау, пысықтау, тиянақтау. Ой - өрісін, сана – сезімі мен тілін дамыту. Есте сақтау қабілетін қалыптастыру. Функционалдық сауаттылығын арттыру
Қосындыны санға бөлу
Қосындыны санға бөлу
Қосындыны санға бөлу туралы білімдерін пысықтау. Ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Қосындыны санға көбейту
Қосындыны санға көбейту
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Қосындыны санға бөлу
Қосындыны санға бөлу
ШҚО, Семей қаласы, «№ 16 ЖОББМ» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Оразаева Раушан Турсыновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×