Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен шырын ішемін

04 ақпан 2018, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ: Мен шырын ішемін
1 сынып
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 1. 1. 2. 1. күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1. 5. 1. 3 сөйлеу барысында мұғалім көмегімен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымсыз етістікті қолдану.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар орындай алады:
Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді; тақырыптың идеясын түсінеді, сөз тіркесін құрайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Сұрақтарға жауап береді, сәйкес иллюстрация/заттық/ сызба таңдай алады; сөйлеу барысында мұғалім көмегімен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымсыз етістікті қолданады.
Кейбір оқушылар орындай алады: алған ақпаратты бүгінгі өмірмен байланыстыра алады.
Тілдік мақсат Оқушылар орындай алады: Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді, сөз тіркестерін құрайды.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: сөйлеу барысында мұғалім көмегімен етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымсыз етістікті қолданады.
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: шәй іш, кола ішпе, шырын ішемін, су ішпеймін.

Алдыңғы оқу
Сергіту сәті Түп - түзу тұрамыз
Бір – бірімізге қараймыз
Көңілді күй сыйлаймыз
Сабағымызды бастаймыз
«Теру» әдісі
Тағамдар мен сусындардың суреттерінен сусындарды атайды
Дескриптор:
- Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді;
тақырыптың идеясын түсінеді, сөз тіркесін құрайды
- Мен шырын ішемін. Мен шай ішпеймін бағытында болымсыз етістігін қолданып сөйлей білуге үйренеді, мағынасын түсінеді;
- сұрақтарға жауап айтады,
- мәтінді суреттер арқылы өз өміріне байланыстырып диалог құрастырады

Басы
Мұғалімнің кіріспе сұрағы. «Миға шабуыл» әдісі.
1. Олар нелер?- Сусындар
Жаңа сабақ тақырыбын осы сұрақ арқылы анықтату.
Мен шырын ішемін
Сабақтың оқу мақсатымен таныстыру.
Сөздікпен жұмыс
іш – пей
ішпе – не пей
Шай, сүт, шырын, судың суреттері
«Мимикамен көрсету»- ойыны
1 - тапсырма Суреттер бойынша сусындарды атайды, сөз тіркесін құрастырады.
Шәй, су, шырын, сүт - Сөз тіркесін құрастырамыз, « іш, ішпе» сөздерін қолданамыз
2 - тапсырма
Суреттерге қарап, аудиотаспадан диалогты тыңдап, қандай сусындар аталғанын айтады. - Сен не ішесің? - Мен шырын ішемін.. - Сен не ішпейсің? Мен шәй ішпеймін.
3 - тапсырма бойынша қайталайды.
Ортасы Сәйкестендір
4 - тапсырма. Жазылым
Суреттер бойынша сусындарды атайды, сөздермен сәйкестендіру арқылы сөз тіркесін құрастырады.
Суық, ыстық, жылы, тәтті - сөздерін сурет бойынша қайталап, сусын атауларымен толықтырады.
Суық жылы ыстық тәтті

5 - тапсырма.
Мен...... ішемін.
Мен...... ішпеймін.
Керекті сөздер: ыстық шәй, жылы сүт, тәтті шырын, жылы сүт

Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Бойымызды жазамыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір
Бір отырып, бір тұрып,
Орнымызға отырамыз.

Орал қаласы,
«Орта жалпы білім беретін
эстетикалық бағыттағы мектеп гимназиясы» КММ
Мұғалімнің аты - жөні: Наурзбекова Батима Маликовна
(орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі)

Мен шырын ішемін. жүктеу
3 525
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көбейту
Көбейту
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 2. 1. 2. 1. Көбейтуді бірдей қосылғыштардың қосындысын табу, бөлуді нысандарды мазмұнына қарай жəне тең бөліктерге бөлу ретінде түсіну.
Әлеуметтік желіні пайдаланамын
Әлеуметтік желіні пайдаланамын
Етістіктің есімше, көсемше, тұйық етістік, шақ түрлерін тілдесім барысында қолдана алады.
Емханаға бару
Емханаға бару
Мұғалімнің көмегімен мәтіннің мазмұны немесе иллюстрация бойынша қарапайым(кім? не? қандай? ) сұрақтарға жауап беру Барлық оқушылар орындай алады: таныс сөздерді оқиды.
Қазақтың қадірлі қызы
Қазақтың қадірлі қызы
Мәтіндегі негізгі ойды түсінеді, қосымша ақпаратты анықтай алады, мәтін мазмұны негізінде сұрақтарға жауап бере алады, мәтін құрылымын сақтайды, құрылымына сәйкес жоспар құрай алады.
Менің анам
Менің анам
Менің анам тақырыбына қысқа мерзімді жоспар
Тұрақты тіркестер
Тұрақты тіркестер
Мәтін ішінен тұрақты тіркестерді анықтай алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×