Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бозторғай - дала сәні.

07 ақпан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Бозторғай - дала сәні.
Сабақ мақсаты:
Білімдік: мәтінді оқып, оның мазмұны арқылы қоршаған табиғаттағы сан алуан құбылыстар мен жұмбақтарды білуге деген қызығушылықтарын арттыру;
Дамутышылық: өз бетімен ізденуге, ойлауға мүмкіндік беру.
Тәрбиелік: құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, түгендеу, кіріспе сөз.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
- Балалар, қазір бізде әдебиет сабағы. Біздің бүгін өтетін тақырыбымыз «Бозторғай - дала сәні». Сабақтың мақсаты....
- Балалар, бүгін біз мәтінмен жұмыс жасаймыз, сұрақтарға жауаптар береміз, жазбаша жұмыстар жасаймыз.
Жаңа сабақ:
- Балалар, құстардың қандай түрлері болады? Иә, енднше солардың ішінде Бозторғай туралы өтеміз.
Кіріспе әңгіме: Бозторғай суреті (мұғаләм сөзі)
Құс - табиғат, өмір көркі.... Ертеде байлар мен патшалар, хандар бағында бұлбұл сайратып, үйінде тоты ұстаған, көлінде аққу жүздіртіп, қолына сұңқар қондырған. Боз даланың бозала таңынан шырылдап әнге басар құсы – бозторғай. Бозторғай өзі кішкене ғана, бір - ақ уыс. Салмағы болса 15 - тен 70 грамғм дейін болады екен. Олардың көптеген түрлері бар, жоқ дегенде 70 тен аса түрі бар. Ал біздің Қазақстанымызда 13 түрі бар. Қазір балалар, оқулықтың 65 бетін ашыңыздар. Мәтінмен жұмыс жасаймыз.
Абзацтарға бөліп оқимыз. Бірінші абзацты Аружан оқи ғой. Ал қалғандарын оқулыққа қарап отырыңдыр. Иә, Аружан, осы абзац бойынша не айта аласың?
Екінші абзацты Алмаз оқиды.
Үшінші абзацты Дарижан оқиды.
Төртінші абзацты Арсен оқиды.
Мәтін бойынша сұрақтар қою: (2 - 3 сұрақ)
1. Бозторғай үй құсы ма, әлде дала құсы ма?
2. Бозторғайдың қанша түрі бар?
3. Бозторғайдың қанша түрі Қазақстанда мекендейді?
- Жарайсыңдар балалар, өте жақсы.
- Балалар, бозторғай дала құсы. Құстар тағы қандай топтарға бөлінеді? (үй құстары және дала құстары)
- Қандай үй құстарын білесіңдер?
.......
- Қандай дала құстарын білесіңдер?
........
- Жарайсыңдар балалар, өте жақсы.

Физминутка.
Қане қанат жазайық
Қарлығашқа ұқсайық
Ұшып, ұшып алған соң
Орнымызға қонайық.

- Енді балалар, Вен диаграммасын толтырып көрейік.
Үй құстары
Адамдар тамақтардырады
Етін жейді
Қыстайды
құс
ұшады
жұмыртқа
Дала құстары
Өздері тамақтанады
Етін жемейді
Жылы жаққа кетеді балапан
- Жарайсыңдар балалар, міне бізде Вен диаграммасы шықты. Өте жақсы.
- Енді балалар, оқулықтың 66 бетіндегі жұмбақтарды шешейік.
1-жұмбақты Дарижан оқи ғой. (Аққу)
2-жмбақты Аружан оқи ғой. (Үкі)
- Жарайсыңдар, өте жақсы. Қазір осы жұмбақтарды дәптерлерімізге жазып алайық. Дәптерлеріңді ашыңдар, бүгінгі күнді жазыңдар. Тақырыбы: Бозторғай - дала сәні.
- Жазып алдыңдар ма? Жақсы.
- Балалар, тақтадағы жазуларды бәріміз бірге оқып шығайық.
2 506
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сәбит Дөнентаев “Бозторғай”, “Заман кімдікі?
Сәбит Дөнентаев “Бозторғай”, “Заман кімдікі?
Сәбит Дөнентаев “Бозторғай”, “Заман кімдікі?
Құстар әлемі. 1 сәуір - Құстар күні
Құстар әлемі. 1 сәуір - Құстар күні
1 сәуір – Халықаралық құстар күні. Бұл күн сонау 1906 жылдан, құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенция жарияланғаннан бері аталып келеді. Бүкіл дүние жүзінде құстардың 9 мыңдай түрі тіршілік етеді.
Өзіңді тексер /қайталау сабағы/
Өзіңді тексер /қайталау сабағы/
Өтілген материалдар бойынша білімді жаңғырту, тиянақтай түсу, білімді қайталаудың қажеттілігін ұғындыру Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, ой белсенділіктерін арттыру, өз бетімен орындау дағдысын қалыптастыру
Бозторғай – дала сәні
Бозторғай – дала сәні
Табиғатты сүюге, аялай білуге тәрбиелеу, құстарды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Өз сөздерімен әңгімелеп беруге, ойлау қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.
Бозторғай - дала сәні
Бозторғай - дала сәні
Астана қаласы, №8 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Аужанова Гүлден Елтайқызы
Бозторғай – дала  сәні
Бозторғай – дала сәні
Павлодар облысы, Ақсу қаласы, Алғабас ауылының М. Қабылбеков атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жаманбаева Алмагуль Балгабаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×