Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Артық, кем, тең түсініктері

10 ақпан 2018, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Артық, кем, тең түсініктері.
Мақсаты:
- Оқушыларға артық, кем, тең түсініктерін таныстырып, заттар жиынын саны бойынша салыстыруға үйрету;
- Артық, кем, тең таңбаларын дұрыс қолдануға дағдыландырып отырып, баланың логикалық ой - өрісін дамыту;
- Дәптер тазалығына, ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Әдіс – тәсілдері: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік, проблемалық.
Көрнекілігі: суреттер, оқулық, дәптер.
Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ барысы:
• Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа зейінін аудару;
Сабақ құралдарын түгендеу;

• Өткен сабақты қайталау:
- Қосу кезінде өрнектің мәні кеми ме? Арта ма?
- Азайту кезінде өрнектің мәні ше?

• Жаңа сабақ
Тақтаға 2 көк, 1 қызыл шаршы қою.
- Қандай шаршылар көп?
Цифрмен қызыл шаршының санын көрсет.
2 цифрының оң жағына қой. Қандай цифр заттардың санын артық екенін көрсетеді? Көп, аз таңбаларын таныстыру. 2 саны 1 - ден артық.
Бұдан кейін тең таңбасы таныстырылады. Жаттығулар орындата отырып, теңдік, теңсіздік құруды үйренеді.
Оқулықпен жұмыс:
№1. Оқушылар сурет бойынша теңдік, теңсіздік құру және оларды оқуға жаттығады.
Не артық - кружкалар ма немесе тәрелке ме?
Не кем - қасықтар ма немесе тәрелкелер ме?
Шанышқылар мен пышақтар ше?
3>1 3=3 2

№3. Алдымен берілген сурет бойынша жұмыс жасау. Үстелдің бетіндегі заттарды санау. Содан кейін қорғауды ішіне салынатын заттың санын анықтау. Сурет салынып болғаннан кейін торкөзге сәйкес сандар жазылып, балалар қандай таңба қоятынын айтады. Таңбаны сандар арасындағы жұлдызшаның үстіне жазады. Сәйкес математикалық жазу алынғаннан кейін балалар оны дұрыс оқуға жаттығады.

№4. Өз бетінше жұмыс.
Шығармашылық тапсырма. Берілген суреттен оқушылар артық фигураларды табу.

Сабақты қорытындылау.
Оқушылардан сабақта немен шұғылданғандарын, жаңадан не үйренгендерін, дәптерге тапсырманы қалай орындағандықтары туралы сұрайды. Балаларды өз жұмыстарын өздері бағалай алуға деген қызығушылықтарын арттыру маңызды болып табылады.
Бағалау - мадақтау.

Артық, кем, тең түсініктері. жүктеу
22 927
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Логикалық олимпиада
Логикалық олимпиада
Ойлаған санға 15 - ті және 10 - ды қосты. Содан соң 5 - ті азайтты, тағы 10 - ды азайтқанда 20 шықты. Бастапқы санды тап.
Артық, кем, тең
Артық, кем, тең
Бір таңбалы сандарды оқиды, жазады және салыстырады; Сандарды салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды;
7 саны және цифры
7 саны және цифры
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ташимова Нәзігүл Ахметханқызы
Қайталау сабағы. Есептер шығару
Қайталау сабағы. Есептер шығару
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №170 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Оңдашова Айнұр
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақтаева Жанна Тұрланқызы Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту
Артық, кем, тең түсініктері
Артық, кем, тең түсініктері
Заттар тобын салыстыру үшін, тақтаға қатарды өзара сәйкестендіруге болатындай жұп заттарды қоямын. Тақтаға 4 үлкен дөңгелек, одан төмен тақтада аз орын алатындай 5 кішкентай дөңгелек бейнеленеді.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×