Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Денсаулық, спорт туралы мақал - мәтелдер, жұмбақтар

03 сәуір 2020, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Денсаулық, спорт туралы мақал - мәтелдер, жұмбақтар

Спорт жайлы мақал - мәтелдер
1. Денсаулық – зор байлық.
2. Айналдырған ауру алмай қоймас.
3. Ауру атанды да шөктірер.

4. Жарлының байлығы – денінің саулығы.
5. Сәті түскен ауруға не болса, сол ем болады.
6. Тәні саудың жаны сау.

7. Әуелгі байлық — денсаулық
8. Екінші байлық — он саулық,
9. Үшінші байлық — ақжаулық.

10. Шынықсаң шымыр боласың.
11. Дені саудың – жаны сау.
12. Спорт – бейбітшілік елшісі.
13. Белдессең – бекем бол.
14. Мықтылық мұратсыз келмейді.
15. Күш атасын танымас.
16. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
17. Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда.
18. Жүйрікте сын жоқ..
19. Жүйрік болсаң, шауып көр
20. Шын ер жеңсе, тасымас,
Жеңілсе, жасымас.

СПОРТ БҰЙЫМДАРЫ МЕН ОЙЫН - САУЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ ТУРАЛЫ ЖҰМБАҚТАР
Таба алмай оң менен солыңды,
Адассаң қапылыста.
Дәлсiлтер көрсетiп жолынды,
Шығысқа,
Батысқа. (Компас)

Қосәйнек тен қарасаң,
Көз алдыңда тұрады.
Алыстағы орасан. (Дүрбi)

Бала бiткен соғады,
Жеңiл шарды домалақ.
Ұрсаң
Ұшып жоғары,
Жерге түсер домалап. (Доп)

Мiнсем,
Төменге зу етем,
Өрлесем,
Оны өзiм сүйретем. (Шана)

Қайқы тұмсық қос табан,
Қос таяқпен ұштаған.
Итерсең алға заулайды,
Шойын жолдан аумайды.

Табанға қанжар байладым,
Бетiнде айна ойнадым. (Коньки

Балалар суға салған жiп,
Тереңнен iлiп алар жүк. (Қармақ)

Үңгiгенiшiне,
Қорғасын құйылған.
Әдемi түсi де,
Әрi тигiш қиырдан. (Сақа)

Денсаулық, спорт туралы мақал-мәтелдер, жұмбақтар. жүктеу
215 801
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Спорт туралы жұмбақтар
Спорт туралы жұмбақтар
Қарсы шапқан бұқаны, Кімдер түйреп ұтады? (Тореадор)
Жаны саудың − тәні сау
Жаны саудың − тәні сау
Оқушылардың денсаулық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру. Денсаулығын сақтай білу іскерлігін дамыту.
Дені саудың - жаны сау
Дені саудың - жаны сау
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ащыбұлақ ауылы, «М. Мәметова атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Жиентаева Гулназ Маныбекқызы
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
Шынықсаң шымыр боларсың
Шынықсаң шымыр боларсың
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Дені саудың – жаны сау
Дені саудың – жаны сау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Байқожа елдімекені №258 негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қалабаева Гүлфариза Қаржаубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×