Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тақ сандар «Өзін – өзі тану» қонақтары (танымдық шара)

27 ақпан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақ сандар «Өзін – өзі тану» қонақтары (танымдық шара)

Танымдық шараның тақырыбы: Тақ сандар «Өзін – өзі тану» қонақтары Мақсаты: Математика мен өзін – өзі тану пәнін кіріктіре отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, пәндерге деген қызығушылығын арттыру.
Танымдық шара – ойын түрінде өтеді. Екі топқа бөлінеді: ұлдар мен қыздар. Себебі ұлдарымыздың саны – 9, қыздарымыздың саны – 11
«Шаттық шеңбері» балалар хормен төмендегі өлең шумағын айтып шығады.

Жақсы адам боп өссін деп, шығарған өзің тануды,
Сара апама мың алғыс, жолдаймыз сәлем жалынды.
Үмітіңді ақтаймыз, үйреніп өнер білімді,
Ар – ұятты сақтаймыз, жолатпай жаман қылықты.
Өмірге қызыға қарайсың, бәрін де бақытты санайсың,
Бұл пәнді үйренсең ерінбей, бойыңнан керемет байқайсың.
Алғашқы төрт санды атау «1», «3», «5», «7». Тақ санның анықтамасы. «1» санына қатысты мақал – мәтелдер айту, жұмбақтар қою, ребус шешу керек. «1» санына байланысты теңеу сөздер беріледі. Оқушылар мағынасы ашу керек. Бір бет – айтқанынан қайтпайтын қайсар Бір елі – саусақтың қалыңдығындай Бір тұтам – қысқа, келте Бір тоға – бір мінез Бір ішек – тамақ аз ішетін Бір қайнауы ішінде – шала піскен Бір жағадан бас шығару – ауыз бірлік, ұйымшылдық

Үш санына қатысты үш тәтті (жан, мал, жар), үш арсыз (ұйқы, күлкі, тамақ), үш қадірлі (ырыс, бақ, дәулет), үш қуат (жүрек, тіл, ақыл), үш жүз (ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз), би (Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

Бес санына қатысты бес қару (садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта), бес жаратылыс (күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн), бес асыл іс (талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым), бес дұшпан (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ), бес өсиет (топасқа сенбе, жауға иілме, сақ жүр, аш үйге сенбе, жарлыдан сый алма), бес арыс (М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, А. Байтұрсынов).
Ұлдар тобы бес қаруға байланысты сурет салады, мәтін құрастырады. Қыздар тобы үш қуатқа байланысты сурет салады, мәтін құрастырады.

Өзін – өзі тану пәнінің қысқа мерзімді жоспарында кездесетін 5Т ережесі мен 5 құндылықтың суретін көрсету.

Сергіту сәті оқушылар ақ парақты екі бүктеп құбыр жасайды, сол құбырдан шарик жүргіземіз (жылдамдық).
Жеті санына қатысты жеті ата (бала, әке, ата, арғы ата, баба, түп ата, тек ата), жеті қазына (ер жігіт, ақыл білім, қыран бүркіт, сұлу әйел, жүйрік ат, берен мылтық, жүйрік тазы), жеті жоқ (жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, аллада бауыр жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ), Қазақстанның жеті кереметі (таңбалы тас суреттері, алтын адам, қазақтың киіз үйі, домбыра, Яссауи кесенесі, Маңғыстау жер асты мешіті, Астана - Бәйтерек). Жеті кереметтің ішіндегі Яссауи кесенесінде әлемге әйгілі тай қазан бар, тай қазан сирек кездесетін 7 асыл металдың қоспасынан құйылған (алтын, күміс, мыс, қола, темір, мырыш, қорғасын). Жеті мүшел – адамның жасы (13, 25, 37, 49, 61, 73, 85). Аптаның жеті күні (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі).

«Қайнар» мектеп – гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Пән мұғалімі: А. А. Тұрғанбаева

Тақ сандар «Өзін – өзі тану» қонақтары (танымдық шара). жүктеу
Тақ сандар «Өзін – өзі тану» қонақтары (танымдық шара). слайдты жүктеу
1 600
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
Жалпыадамзаттық құндылықтар – отбасы тәрбиесінің негізі.
«Өзін - өзі тану» курсы адамның өзін - өзі табуына, ең жақсы қасиеттерін ашуға, өзінің кейпін өзгертпеуге, адамгершілігін және әрқашан адам қалпын сақтауға көмектеседі. Негізінде, адамзат тарихының өзі адамгершілік тұрғысынан өзін - өзі жетілдірудің
1 - ден 10 - ға дейінгі сандар
1 - ден 10 - ға дейінгі сандар
Балаларды түрлі есеп шығара білуге үйрету, ойын арқылы есте сақтау қабілетін дамыту. Танымдық, шығармашылық, белсенділіктерін арттыру.
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері. Жай және құрама сандар
Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін табуда есе арттыру мен есе кеміту арқылы берілетін санның еселігі мен бөлгішін табуға болатындығының сырын ашып түсінеді.
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар
Жай сандар және құрама сандар Жай сандар мен құрама сандарды анықтай білу және оны есеп шығаруда қолдануға үйрету
Санның бөлінгіштік қасиеттері
Санның бөлінгіштік қасиеттері
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, №11 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Карлова Зина
Өзін-өзі тану пәнінен презентациялар
Өзін-өзі тану пәнінен презентациялар
Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының бастауыш класс және өзін-өзі тану пәні мұғалімі Каирова Клара Урбисиновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×