Білімділер поралы

Мағынасы қарама - қарсы сөздер

Сабақ тақырыбы: Мағынасы қарама - қарсы сөздер.
Сабақ мақсаты: Мағынасы қарама - қарсы сөздерді меңгерту және сөз мағынасына мән беруді үйрету.
Міндеттері: 1. Сөз мағынасы қарай түрлерін еске түсіре отырып, қарама - қарсы мағыналы сөздерді таба білуге және байланыстырып сөйлем құрай білуге қалыптастыру.
2. Оқушылардың есте сақтауын және тілін, сөздік қорын дамыту.
3. Тез ойлауға, дұрыс шешім қабылдауға баулу. Халық педагогикасын дәріптеуге үйрету.
Түрі: Саяхат сабақ
Типі: Жаңа білімді меңгеру
Әдістері: сұрақ - жауап, іздену, ой қорыту, көрнекілік әдісі, сәйкестендіру тесті Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелер

Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық даярлық
- Ақ көңілді жүрекпен
Ақ ниетті тілекпен
Амандасып алайық
Қонақтарға ізетпен

ІІ. Өткенді қайталау. Тірек білімді жетілдіру.
Балалар, бүгінгі сабағымыз бұрынғыдан ерекше болмақ. Өйткені, қазір біз
« Жеті ата»аулына саяхат жасаймыз.
Саяхатқа шығу үшін өзімізге көлік әзірлеп алайық. Бұрын ата - бабаларымыз техника дамымаған, машина болмаған кезде көлік ретінде нені пайдаланған?
- Атты, түйені, өгізді
- Сендер соның қайсысын қалайсыңдар?
- Атты.
- Жарайды, атты жолға әзірлейік.
- Атты шанаға жегу үшін қандай жабдықтар керек?
- Қамыт, доға, делбе, шана, ершік т. б.
Сұрақтарға жауап бере отырып, атамыздың ауылына келіп қалыппыз.

1 «Ата» ауылы сендердің білімдеріңді тексермекші екен, мынадай тапсырмалар дайындапты.
«Сынақ дорбасы»
● Сөз мағынасының түрлерін ата.
● Мағынасы жуық сөздерге мысал келтір.
● Мағынасы қарама - қарсы сөздерге мысал келтір.
● Дыбысталуы бірдей, мағынасы әр басқа сөздерге байланысты сөйлем ойла.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі
● Дидактикалық ойын. Ой қозғау (мысалдарды шеше отырып, жаңа тақырып ашылады)
232 * 20
348 * 2
3720: 3
Мағынасы қарама - қарсы сөздер
Ал балалар, саяхатымызды жалғастырайық. Алдымызда көрінген қай ауыл?.

ІІІ. Жаңа сабақ Дәптермен жұмыс
2 «Әке» ауылы.
Көркем жазу. Ж ж
жеті
Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер.

3 «Бала» ауылы.
Бұл ауылда «Поэзия минутын» өткіземіз.
7 - жаттығу
Қызғалдақтың қасына
Қойып едім қондырмай,
Бізін сұғып басыма
Шақты - ау ара оңдырмай

Енді тимен оған мен,
Ісіп кетті бас, шекем.
Балы тәтті болғанмен,
Тілі өзінің ащы екен!
(Қадыр Мырза Әли)
Автор туралы мәлімет айтылады)
● Өлеңді мәнерлеп оқиды.
● Мағынасы қарама - қарсы сөздерді табады: Тәтті - ащы

4. Ал балалар, үш ауылға саяхат жасап, шаршаңқырап қалған болармыз. Енді «Немере» ауылына келдік. Бұл ауылда «Сергіту сәтін» жасап алайық.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық,
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Жоғары - төмен қарайық
Бір отырып, бір тұрып
Орнымызды табайық.
- Балалар сергіту сәтінде де біз қандай қарама - қарсы сөздер пайдаландық?( жоғары – төмен, алға – артқа, отыр - тұр)
«Немере» аулы мынадай тапсырма дайындаған екен?
● Мақалды жатқа жазу
1. Мейірімді алғыс алса,
Мейірімсіз қарғыс алар.
2. Ақылды іс тындырады,
Ақымақ тіс сындырады.
* Мағынасы қарама - қарсы сөздердің астын сыз.
5. Кәне, балалар саяхатмызды жалғастырайық. Әлі де баратын ауылдарымыз бар, уақыт болса жақын қалды.
Көзді ашып жұмғанша «Шөбере» ауылына келіп қалыппыз. «Сиқырлы сандық» әзірлепті.(сандықтың ішінен сөздерді алып, мағынасы қарама - қарсы сөзді табады)
● Берілген сөздерге мағынасы қарама - қарсы сөздерді тап.
Мейірімді - мейірімсіз
Жуас - асау
Қымбат - арзан
Сұйық - қою
Қашық - жақын

6. «Шөбере» ауылынан шығып,«Шөпшек» ауылына бет алдық. Міне,
«Шөпшек» ауылына келдік. «Шөпшек» аулы сендерге мынадай тапсырма дайындапты.
10 - жаттығу.
● Тек мағынасы қарама - қарсы сөздер жұбын теріп жаз.
● Кестені пайдаланып, пікіріңді дәлелдеп үйрен.
жақсы – жаман, жоғары – төмен, оңай – қиын, үлкен – кіші.
Дәлелдеу үлгісі: жақсы және жаман сөздері - мағынасы қарама - қарсы сөздер, өйткені екеуінің мағынасы бір - біріне қарама - қарсы, әрі екеуі де сын есімге жатады.
● Өзің қалаған сөз жұптарымен сөз тіркесін жаз.
жақсы бала, жаман адам, оңай тапсырма, қиын есеп, үлкен үй, кіші бөлме.
7. Ал, балалар, соңғы ауылға келіп жеттік. Бұл қандай ауыл? «Немене»ауылы
3 топқа бөліп тапсырма дайындапты.
1 топ – сәйкестендіру тесті
2 топ – мағынасы қарама - қарсы сөздері бар сөйлемдер жазу.
3 топ – ішінде қарама - қарсы мағынасы бар жұмбақ не мақал - мәтел тауып жаз.
3. Сабақты қорыту.
«Немене» аулынан мынадай сыйлық беріпті. Аузын ашу мына бір тапсырманы орындайық: «Сиқырлы ұяшық»
Ереже - 10 20
Мақал – мәтел - 10 20
Түсіндірме - 10 20
әр түрлі сөздік - 10 20

Ереже
10 - сөз мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
20 - қандай сөздер қарама - қарсы мағыналы сөз деп аталады?
Мақал - мәтел
10 - Білім сөзіне байланысты мақал айт.
20 - Жалғастыр. Жақсыдан үйрен,.......
Түсіндірме сөздік
10 – «момын» сөзінің мағынасын түсіндір. Мәндес сөз айт.
20 – «шық» сөзінің мағынасын түсіндір.
Әр түрлі
10 - жеті атаңды ата.
20 - жеті қазынаны ата.
Бүгінгі сабақта не істедің, не үйрендің? Жеті ата қалай бөлінеді екен?
Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене
4. Бағалау.( қораптың ішін ашып, балаларға бағалар үлестіріледі)
5. Үйге тапсырма. 12 - жаттығу(72 бет)

Семей қаласы.
Бастауыш сынып мұғалімі
Кутешова Жадыра Серикалиевна
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 167
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 166
Роботтар: 2
Ассаладин
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика