Білімділер поралы

Шегіртке мен құмырсқа

Сабақтың тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа

Сабақтың мақсаты:
1) А. Құнанбаев пен И. В. Крылов туралы қысқаша мағлұмат беру. И. В. Крыловтың Абаймен аударылған мысалдарды еске түсіру. Мысалдардан қандай ғибрат алатынымызды көрсету. Шегіртке мен құмырсқа мысалының тәрбиелік мәнін, мазмұнын ашу. Мәнерлеп оқуға жатықтыру. Мысалдағы жәндіктердің мінез - құлықтары арқылы адам бойындағы жақсы - жаман қасиеттерді танып, баға беруді үйрену.
2) Сабақта түрлі әдіс - тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, АКТ арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту, өлеңді оқуға машықтандыру, сөздік қорын молайту.
3) Еңбекқорлыққа баулу, жалқаулықтан, еріншектіктен аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау, «Пирамида» әдісі, «Картография» тірек сызбасы, Венн диаграммасы, сатылай кешенді талдау технологиясы.
Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті
Сабақтың көрнекілігі: А. Құнанбаев, И. Крылов суреттері, флипчарт, интерактивті тақта, қағазда бастырылған өлеңнің мәтіні (екі тілде), ақындар туралы мәліметтер, карточкалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Қайырлы күн, қонақтар
Қайырлы күн, достым,
Ашық аспан болсын!
Бейсенбінің күні, сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
(Оқушылар хормен айтады)
Оқушылар екі топқа бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасы тексеру.
(Оқушыларға А. Құнанбаев, И. Крыловтың өмірбаянын оқып келу берілген)
Мұғалім үй тапсырмасын тексеру үшін екі әдісті қолданады. Бірінші әдісі «Картография», екіншісі – «Пирамида» тірек - сызбаны толықтыру. Оқушыларға мәтіндер таратылады. Олар керек мәліметті теріп алып сызбаларды толықтырады, шығып қорғайды. Сызбалар А - 3 форматта сызып беріледі.
• 1 топ А. Құнанбаев туралы «Картографияны» жасайды.
• 2 топ И. Крылов туралы «Пирамида» тірек - сызбаны толықтырады.
(Слайдта көрсетілген(презентация))

ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалім:
- Сонымен, енді айтыңдаршы екі ақынды әдебиеттің қандай жанры байланыстырады.
- Дұрыс, мысал жанры.
Өлең мазмұнымен таныспас бұрын менің сендерге қоятын бірнеше сұрақтарым бар.
І топ: Мысал туралы не білесіңдер?

ІІ топ: Абайдың Крыловтан аударған қандай мысалдарды білесіңдер?

Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Шегіртке мен құмырсқа» Абайдың Крыловтан аударған мысалы. Сабақтың мақсатымыз:
Мысалдағы жәндіктердің іс - әрекетін бейнелеу, тілдестіру, айтылған жайдан ғибратты түйін түю. Мысалдағы жәндіктердің мінез - құлықтары арқылы адам бойындағы жақсы - жаман қасиеттерді танып ашу. Сабақтың тапсырмаларына көшейік.

(Мұғалім оқушыларға екі тілде жазылған мысал өлеңді таратады. Бұл кезде флипчарт көрсетіледі. Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды).
Оқылым.
1 тапсырма. «Аударма технологиясы». Мысал ішінен кейбір өлең жолдары мен сөз тіркестеріне орыс тілінен баламасын табу. Бұл тапсырманы берілген кестеге толтырады. Кесте толтырғаннан кейін, әр топ өз тапқан баламасын айтып береді.

Солтүстік Қазақстан облысы,
Петропавл қаласы, «БЭСТ» Гимназиясы
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Садырова М. Қ.

Шегіртке мен құмырсқа. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 22
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 22
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика