Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Суды қорғау

06 қаңтар 2013, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Бейнеу гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Бисенгалиева Сара

Сабақтың тақырыбы: Суды қорғау
Сабақтың мақсаты: 1. Судың адам өміріндегі маңызын айтып түсіндіру, оны қорғау туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
2. Дүниетанымын, ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын дамыту.
3. Салауатты өмір салтына, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, өзіндік жұмыс, топпен жұмыс.
Көрнекілігі: слайдтар, су тамшылары.
Түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
1. Үй жұмысын тексеру, бағалау.
2. Жұмбақтар шешу.
1) Жылт-жылт еткен,
Жылғадан өткен. (су)
2) Шешесі – суда,
Әкесі – суық.
Көктемде өлер,
Күз күні туып. (мұз)
3) Қара таудың басында,
Киік кетіп барады.
Қол-аяғы бауырына,
Тиіп кетіп барады. (тұман)

ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Оқушылар үш топқа бөлінеді.
1-топ «Зерттеушілер»
2-топ «Ғалымдар»
3-топ «Экологтар»

Б) Жаңа сабақ «Суды қорғау»
Мұғалімнің түсіндірмесі
Сусыз жер бетіндегі ешбір ағза тіршілік ете алмайды. Ол барлық жануарлар мен өсімдіктердің құрамына кіреді. Адам денесінің жалпы салмағының жартысынан астамы судың үлесіне тиеді. Су егін егуге, өндіріске, күнделікті тұрмысқа барған сайын көбірек керек болуда. Жер бетінің 2/3 астамын су алып жатыр. Бірақ оның 98% пайдалануға жарамайтын теңіз бен мұхиттың тұзды суы. Тұщы судың үлесі 2% ғана. Оның өзінің басым көпшілігі жоғары ендіктер мен биік тау басындағы мұздықтарға шоғырланған. Сондықтан 00,1%-ын ғана пайдалана алады. Оның үстіне өндіріс орындарынан тұрмыс мұқтажын өтеуден шыққан сарқынды су, егістіктерден тыңайтқыштармен, улы заттармен уланған өзен, көл, жер асты суларын ластайды. Осының бәрі су қоймаларының суын қорғау қажеттігін туғызады.

В) Оқулықпен жұмыс
Мәтінді түсініп оқу.
А) Мақал жалғастыру, жаңылтпаш айту.
Мақсаты: түсіп қалған сөзді тауып айту.
* Таулы жер бұлақсыз болмас,
... жер құрақсыз болмас. (сулы)
* От арық, ... семіз. (су)
* Сөздің басы – құлақ,
... басы – бұлақ. (судың)
* Азған елде намыс жоқ,
... жерде қамыс жоқ.(сусыз)

Г) Топтарға сұрақтар беріп, жауаптар алынады.
«Зерттеушілерге»
- Қазақстан өзен, көлдерін ата.
- Ақтау қаласы қай теңіздің жағасында орналасқан?

«Ғалымдарға»
- Бұлттың түрлерін сипатта.
- Судың неше күйі бар, атап бер.

«Экологтарға»
- Глобуста жер шарының көк түсімен не бейнеленген?
- Астана қаласы қай өзеннің жағасында салынған?
Ғ) Тірек сөздерді пайдаланып ассоциациясын құрастырып жазу.
1-топқа «Суды қорғау»
2-топқа «Лас су қайдан пайда болады?»
3-топқа «Ластанған судың зияны»

Тірек сөздер: суды үнемдеу, қоқыстар тастамау, судың жағасын ластамау, зиянды заттарды төкпеу, өнеркәсіп, шахта, көлік, шайынды, мұнай, кен орындары, адам ағзасының улануы, балықтардың азаюы, арал теңізі, өзен, көлдердегі су деңгейінің азаюы.

Ғ) Е.Өтетілеуұлы «Су»
Өлеңді мәнерлеп оқу
Су – тіршілік негізі,
Гигиена – егізі
Су – табиғат байлығы,
Кемі екі рет әр күні
Үйде ванна, душ болса,
Ыстық сумен шомылсаң,
Су сергітер денеңді,
Судан кейін сен енді
Айналаңды қоршаған,
Қауіп-қатер төнсе оған,
Білгін бұны, балалар,
Сусыз – қараң далалар.
Ескертеміз бар қызға,

Онсыз өмір сүрмейсің.
Су деп және білгейсің.
Өзен-көлге барғайсың.
Суға түсіп тұрғайсың.
Салқын сумен құйынғын.
Суық сумен жуынғын.
Онымен дос болғайсың.
Ісіңді оңай жалғайсың.
Табиғатты сүйе біл.
Қамқорға алып сүйе біл.
Сусыз – құрғақ далалар,
Ескертеміз бар ұлға,
Суды босқа ағызба.

Д) Үйге тапсырма: мәтінді мазмұндау, су туралы мақал жинақтау.
Е) Ой жалғау «Жер бетінде су жойылып кетсе, онда ... » ойды аяқтау.
Оқушылардың пікірін тыңдау, талқылау.
(тіршілік тоқтап қалады)

Қорытындылау, бағалау.
29 626
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Су – тіршілік көзі
Су – тіршілік көзі
Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру. Үнемшілдікке тәрбиелеу. Қоршаған ортаны қорғауға ауаны, суды ластамауға шақыру. Қазақстандағы ірі көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу
Су. Судың қасиеті
Су. Судың қасиеті
Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті
Су.  Судың  қасиеті
Су. Судың қасиеті
Жаңаөзен қаласы, №15 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Нұрманова Ботагөз
Судың қасиеті
Судың қасиеті
Ақтөбе қаласы, №13 "Бөбек" мектепке дейінгі ұйымы тәрбиешісі Бахрадинова Құндыз Жаңабаенва
Табиғаттағы су айналымы
Табиғаттағы су айналымы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ү. К. Томанов атындағы № 183 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жұмағалиева Азимаш
Суды тиімді пайдалану
Суды тиімді пайдалану
Хромтау қаласы, №5 мектеп – гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Укубаева Ырсалды Зийнолевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×