Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дүниетану тест жұмыстары 1 - 4 сыныпқа арналған көмекші құрал

05 сәуір 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Дүниетану тест жұмыстары 1 - 4 сыныпқа арналған көмекші құрал

Түсінік хат
Қазақстан Республикасының бастауыш білім беруге арналған Мемлекеттік жаңа білім стандартында көрсетілгендей, бастауыш білім мазмұнының жаңа бағдарламалары оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар түрінде екі деңгеймен беріледі:
1. Оқу материалдарының ең аз (минималды) қажетті деңгейі (яғни міндетті деңгейі).
2. Оқу материалдарының мектеп ұсынатын базалық (инварианттық) деңгейі немесе мүмкіндік деңгейі.

Жоғарыда аталған деңгейлердің арасында әлі де бірнеше деңгей болуы мүмкін. Бірақ бастауыш сатыны бітіруші оқушы меңгеретін білім, білік, дағдылары міндетті деңгейдегі талаптардан төмен болмауы қажет.
Міне осы аталған деңгейлер көлемінде сапалы білім бере отырып оқушылардың логикалық, шығармашылық ойлау қабілеттерін қалыптастырып, интеллектуалды тұлға дайындауда таптырмайтын әдістің – тесттік тапсырмалар. Осыған байланысты бүгінгі күні оқу үрдісінде тесттік тапсырмаларды қолдану қажеттілігі пайда болды.
Тест (ағылшын тілінен аударғанда байқау, сынақ, бақылау) – орындалуы белгілі бір білім, білік, дағды мен қабілеттілік деңгейін анықтауға бағытталған стандартты нысандағы тапсырма. Тест түрлері барлық пән бойынша оқу бағдарламасындағы жүйенің қатаң сақталуымен беріліп, іс – жүзінде екі деңгейдегі білім мазмұнын сапасын анықтауға арналған дидактикалық құрал.
Тесттік тапсырманы орындату арқылы оқушылардың өткен тақырыптар бойынша жинақтаған білім сапасын анықтауға нақты мүмкіндік туады.
Тест тапсырмаларының сапасын арттыру үшін әр мұғалі оқушылардың білім дәрежесін, жас ерекшеліктерін ескере отырып тестті өзі әзірлегені тиімді.
Тест жұмыстарының дұрыс құрылуы, бала жасы мен шамасының лайықтылығы нәтижесінің талданылуы білім сапасының арттыруға мүмкіндік тудырады.
Бұл жинақта 1 - 4 сынып бағдарламасында ұсынылған негізгі тақырыптар және қорытындылау тапсырмалары жан - жақты қарастырылған. Өскен жеріміздің, ауданымыздың табиғи ерекшеліктерімен елінің тарихы, мал шаруашылығы, өсімдіктері мен жануарларын тест сұрақтарынан кездестіруге болады. Осы ұсынып отырған тест жинағы оқушылардың білімін толықтыруға, алған білімін бекітуге дүниетану пәніне деген қызығушылығын арттыруға зор ықпал етеді деп сенеміз.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев табиғат байлығы туралы былай деген: «Жердің де судың да иесі сендерсіңдер жас ұлан!» жас ұрпақты қоршаған ортаға ерекше құрметпен қарап сүйе білуіне ықпал ете білуіміз керек.

Мақсаты: Әдістемелік құралдың мақсаты - оқушылардың ой - өрісін кеңейту, алған білімдерін одан - әрі тереңдету. Өтілген тақырыптарды қаншалықты меңгерілгендігін анықтап және шығармашылық қабілеттерін, ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, интеллектуалды жан - жақты тұлға етіп тәрбиелеу. Тест жинағында әр сыныпқа тарау бойынша жас ерекшеліктеріне қарай тапсырмалар жинақталып алынған. Әдістемелік жинақтың білімділік, тәрбиелік
мәндерінің жоғары болуымен қоса пәнаралық байланыс жағы қарастырылды. Тақырыптық тестік тапсырмаларды орналастырғанда оқулықтардағы тарау реті сақталды.

Міндеті: Оқушылардың ой - өрістерін кеңейту ойлау қаблетін дамыту. Сұрақтарға дұрыс жауап беру. Оқушылардың білімін толық ашуда оқытудың барлық әдіс - тәсілдері пайдаланылды.

Күтілетін нәтиже
Дүниетану тест жұмыстары 1 - 4 сыныпқа арналған көмекші құрал ретінде оқушылар мен ұстаздарға ұсынылып отыр. Бұл жинақ тест тапсырмаларын пайдалана отырып оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, шығармашылық жұмысқа бейімділігін арттыра отырып, ұйымшылдыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, тәрбиелейді.
Сонымен бірге жергілікті жердің табиғат ерекшеліктерін жан - жақты білуіне, құрметтеуіне ықпал етеді. Тест жинағы әртүрлі жұмыс түрлерімен толықтырылған. Атап айтсақ сәйкестендіру, бақылау, білімін тексеру, ашық тест, жабық тест түрлерінің қамтылуымен ерекшеленеді.
Бұл ерекшелік сөз жоқ оқушыларды жан - жақты дамуға, өз пікірін айта білуге, білімге деген құштарлығын, табиғатқа деген сүйіспеншілігін, туған жердің ерекшеліктерімен жете танысуға ықпал етеді деген мақсатпен құрылды.

1 - сынып
▪ Табиғат және оның бөліктері.
Тест №1
1. Табиғатқа жататындарды белгіле.
А) ай, күн, өзен, құс, ағаш Ә) трамвай, есік, мектеп
Б) ауыз, мұрын, тіл

2. Табиғат құбылыстарын белгіле.
А). тау, бұғаз, аспан Ә). қар, жаңбыр, боран
Б) глобус, көбелек, тақта

3. Табиғат заттарын белгіле
А) тау, тас, бұта Ә) қар, жауын, бұршақ
Б) трамвай. Есік, мектеп

4. Тірі табиғатты тап
А) күн, су, ауа Ә) адам, өсімдік, жануар
Б) үй, есік, терезе

5. Өлі табиғатты тап
А) күн, су, ауа Ә) адам, өсімдік жануар
Б) үй, есік, терезе

6. Адам қолымен жасалатын заттарды тап
А) күн, су, ауа Ә) адам, өсімдік жануар
Б) үй, есік, терезе

7. Адам қолымен жасалатын құбылыстар
А) өсімдік, жануар, дам Ә) бұта, шөп, тау
Б) шамның жануы, машинаның жүруі, ұшақтың ұшуы

▪ Тәулік мерзімдері
Тест №2
1. Күн шығып жарық болатын кезді көрсет:
А) күндіз Ә) түнде Б) тәулік бойы

2. Ай туып жұлдыз шығатын кезді көрсет:
А) күндіз Ә) түнде Б) тәулік бойы

3 Жаңбырдың жаууына қарап адам нені ойлап тапқан:
А) ұшақ жасау Ә) егістікті қолдан суару
Б) сүңгуір қайық жасау

4. Құстың ұшуына қарап адам нені ойлап тапқан:
А) ұшақ жасау Ә) егістікті қолдан суару
Б) сүңгуір қайық жасау

5. Балыққа қарап нені ойлап тапқан?
А) ұшақ жасау Ә) егістікті қолдан суару
Б) сүңгуір қайық жасау

▪ Мамандық түрлері
Тест №3
1. Диқан еңбегін көрсет:
А) ғарышты зерттеу, Ә) бидай, тары, т. б, егу
Б) мал өсіру

2. Ғарышкер еңбегін көрсет:
А) ғарышты зерттеу Ә) бидай, тары, т. б, егу
Б) мал өсіру

3. Шопан еңбегін көрсет:
А) ғарышты зерттеу Ә) бидай, тары егу
Б) мал өсіру

4. Жүргізуші еңбегін көрсет:
А) жүк, адам тасиды Ә) Ғарышты зерттейді
Б) мал өсіреді

5. Адам жанының арашашысы деп қандай мамандық иесін айтамыз?
А) ғарышкер Ә) дәрігер
Б) жүргізуші

6. Балаларға білім беретін маман иесі.
А) мұғалім Ә) дәрігер Б) дихан

▪Сезім мүшелері.
Тест №4
1. Адамның сезім мүшелерін жаз.
------------------------------
------------------------------
------------------------------

2. Көру мүшесін белгіле:
А) көз Ә) құлақ Б) тіл

3. Есту мүшесін белгіле:
А) көз Ә) құлақ Б) тіл

4. Иіс сезу мүшесін белгіле:
А) көз Ә) құлақ Б) мұрын

5. Дәм сезу мүшесін белгіле:
А) көз Ә) құлақ Б) тіл

6. Сипап сезу мүшесін белгіле:
А) көз Ә) тері Б) құлақ

Жоғарғы санаттағы ұстаз: Адилова Бүбісара Сембековна

Дүниетану тест жұмыстары 1 - 4 сыныпқа арналған көмекші құрал. жүктеу
4 491
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қызықты математика курсының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Қызықты математика курсының күнтізбелік - тақырыптық жоспары
6 - 7 жастағы баланың абстрактілі ойлау деңгейі - дәстүрден тыс және қызықты тапсырмаларды орындауға қажетті логикалық пайымдаулар құру, ой қорытуды жүргізе алу біліктерін қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.
1- 4 сыныптарға арналған бақылау жұмыстар жинағы
1- 4 сыныптарға арналған бақылау жұмыстар жинағы
Бұл жинаққа 1 - 4 сыныпқа арналған математикадан мемлекеттік білім стандартына сәйкес жазбаша бақылау жұмыстары енгізілген.
2 - сыныпқа арналған математика пәнінен бақылау жұмыстары
2 - сыныпқа арналған математика пәнінен бақылау жұмыстары
2 - сыныпқа арналған математика пәнінен бақылау жұмыстары 7 онд.+3 бірл.* 7 онд. 5 онд.+6 бірл. * 6 бірл. 9 онд.+6 бірл. * 9 онд.+8 бірл. 4 онд.+3 бірл. * 5 онд.+3 бірл 6 онд.+4 бірл. * 5 онд.+ 9 бірл.
Дүниетану пәнінен тест жұмысы 3 - сыныпқа арналған
Дүниетану пәнінен тест жұмысы 3 - сыныпқа арналған
Адамға, жануарларға және өсімдіктерге – бәріне қажетті жағдайлар? а) баспана, жылу, азық, су; ә) ауа, су, қорек, жылу, жарық; б) ауа, топырақ, жарық, күн.
1 - 2 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар
1 - 2 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар
1 - 2 сыныпқа арналған деңгейлік тапсырмалар
Қысқаша көбейту формулалары
Қысқаша көбейту формулалары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ – нің математика пәні мұғалімі Жанибекова Алия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×