Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Cүп-сүйкімді лағым. Еліктің лағы (әңгіме) М.Қалдыбаев

11 сәуір 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Cүп-сүйкімді лағым.
Еліктің лағы (әңгіме) М. Қалдыбаев
Оқу мақсаты 2. 1. 1. 1 - шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру
2. 2. 2. 1 - мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу.
2. 3. 4. 1 - мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялы, стилистикалық қателерді табу және түзету.
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар: Тақырыпты меңгереді. Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Көптеген оқушылар: Тақырыптың мазмұнын айтып бере алады. Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Кейбір оқушылар: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, Тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийлері: Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Тілдік мақсат: Жануарлар әлемі
Мәңгілік ел құндылықтары: Біздің Отанымыз бар
Ол – Тәуелсіз Қазақстан
Ойлау дағдыларының деңгейі: Біледі, түсінеді және қолданады, жинақтайды, бағалайды
Пәнаралық байланыс: Өзін өзі тану, қазақ тілі
Әдіс тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Ресурстар: Оқулық, суреттер, автордың жеке портреті, үлестірме парақшалар, АКТ, смайлик
Алдыңғы білім: Жануарларды өз ойларымен суреттейді

Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Сәттілік біздер тілейік
Мен саған сен маған
Күндей күліп жүрейік
Күннің нұрын төгейік
Топтарға бөлу, бағалау парақшаларымен таныстыру
Білу және түсіну
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
«Ой - шақыру.»әдісі
- Жануарлардың қандай түрлерін білесіңдер?
— Орманда мекендейтін қандай жануарларды білесіңдер?
— Балалар, мына суретке қарайықшы нені көріп тұрсыңдар?
— Лақ
— Ол ненің лағы?
— Ол еліктің лағы.
— Қайда мекендейді?
— Орманда мекендейді?

Қызығушылық ояту
«Кім жылдам?» ойыны
Олай болса жаңылтпаш айтып жарысайық.
Жалпыға бірдей тапсырма 1 мин ішінде жаттап айтуы керек.

Сабақтың ортасы
Видео ролик көрсету
Еліктің лағы жайлы немесе еліктер туралы
Оқылым
Еліктің лағы
— Ендеше балалар бүгінгі сабақта өтетін тақырып: Мамытбек Қалдыбаев жазған «Еліктің лағы»
А) Автордың өмірбаяны. М. Қалдыбаевтың өмірі және шығармашылығымен таныстыру. Қазақтың көрнекті жазушысы. Балаларға арналған көптеген шығармалары бар. Оның ішінде «Үлек», «Уәде» т. б. шығармалар бар.
«Еліктің лағы» мұғалімнің оқуы.
Ә) Оқушыларды тізбектей оқыту
Б) Сөздік жұмыс
Шоқы — тік, биік төбе
Нысаны — көздеп ататын жер
Қарауыл – күзет

Қолдану
Мәтінмен жұмыс.
Ойын: «Кім мықты?» әр топ қарсы топқа сұрақ қояды.
1 топ – мәтіннен аңшының сыртқы бейнесі сипатталған тұсын тауып оқы.
2 топ – мәтінге сүйеніп аңшының көңіл күйін айт.
3 топ – аңшы елікті неліктен атпады?

ОҚО, Шымкент қаласы,
А. Назарбеков атындағы № 87 жалпы орта мектеп
Мұғалімнің аты - жөні: Әжен Эльмира

Cүп-сүйкімді лағым. Еліктің лағы (әңгіме) М. Қалдыбаев. жүктеу
11 897
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2. 1. 1. 1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
Шығармашылық жұмыс. Көркем еңбек
Шығармашылық жұмыс. Көркем еңбек
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 5. 2 - Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау 5. 1. 6. 4 - Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану және эксперимент жүргізу
Натюрморт өнері
Натюрморт өнері
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 5. 2 - Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау
Дұрыс тамақтана біл
Дұрыс тамақтана біл
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын мақсаттары: 2. 1. 4. 1 Түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды анықтау
Сиқырлы дәрі жасаймын. Жұрнақ пен жалғау.
Сиқырлы дәрі жасаймын. Жұрнақ пен жалғау.
Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Мұқағали Мақатаев. Отан туралы
Мұқағали Мақатаев. Отан туралы
Мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×