Білімділер поралы

Айсұлу мен ержүрек Батыр ертегісі ашық сабақ

Тақырыбы: «Айсұлу мен ержүрек Батыр» ертегісі
Ашық сабақ
Түрі: /саяхат сабақ/
Мақсаты: Балаларға достарына үлкендер мен кішкентайлар көмек көрсету арқылы мейірімділік пен адалдыққа тәрбиелеу, әдептілік сөздерін жиі айтып жүрулерін қадағалау, топ болып жұмыс жасауға үйрету.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Мектепалды даярлық «Қуаныш» тобында дайындаған «Айсұлу мен ержүрек Батыр» атты ертегіні қабыл алыңыздар.
Мұғалім: балалар сендерге бүгін достық, ерлік туралы ертегі айтып берейін. Ертегі ішінде сендердің көмектерін маған қажет болады. Сендер маған көмектесесіңдер ме?
Балалар: Жарайды, көмекке әрқашан дайынбыз.
Мұғалім: Олай болса ертегімізді бастайық. Ертегі « Айсұлу мен ержүрек Батыр» деп аталады. Сендер ертегіні мұқият, зейін қойып тыңдаңдар.

Мәтінмен жұмыс. (саяхатқа шығу)
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні келтеде, бір сұлу қыз болыпты. Оның ай десе аузы, күн десе көзі бар екен.. Содан екеуі бір – бірінен айырылмастай дос болыпты. Бір күні ала - дүлей жел тұрып, жаңбыр жауыпты. Елдің есі шығып жатқан мезгілде, ауыл ішіне адасып, жалмауыз кемпір келіпті. Жалғыз отырған Батыр келіп Айдай сұлу Айсұлуды іздеп оны таба алмапты. Сұрастыра отырып, Айсұлуды жалмауыз кемпір ұрлап алып кеткенін біліпті. Сол мезетте жолға шығуға, сұлу қызды жалмауыздан құтқарып әкелуге бел байлапты. Бірақ ол жалғыз ғой.«Жалғыз ағаш орман емес», - дейді дана халқымыз. Балалар, Батырды қалай өзін жібермекпіз сонау алыс орманға? Біз де оған көмектесіп, бірге жолға шығайық. Көмектесуге қалай қарайсыңдар?
Балалар қуана келіседі
Мұғалім: Бәріміз бірге жолға шығамыз. Алда қандай жол күтіп тұр, қуанамыз ба, шаршаймыз ба? Сондықтан жолға шығар алдында денемізді сергітіп алайықшы.(Дөңгелек үстелде отырған балалар бір – бірінің арқасына қарап, бұрылып отырып дайындалады).

Мұғалім: Аспанға жарқырап күн шықты.(балалар саусағымен бір – бірінің арқасына күн салады). Біраздан соң бұлт торлап, күннің бетін жапты(арқаларына бұлтты саусақ қимылымен салады). Алай - дүлей жел соқты (бес саусақты ары – бері жылжыту арқылы жасайды). Енді жаңбыр басталды(саусақ ұшымен жаңбырша қимылдатады). Жаңбыр басылған соң, Кемпірқосақ шықты аспанға (жеті сызық сызады арқаға және санаймыз) Жарайсыңдар балалар, денеміз қуат алып, бойымызға күш тарап, жолға дайын болдық. Жолға шығып келе жатып, алдымыздан бір дыбыс шықты.

Мұғалім: балалар мына шыққан ненің дыбысы тыңдап көріңдерші? (дискіден ағып жатқан судың дыбысы қосылады). Балалар тыңдап болған соң жауабын айтады. Мұғалім келе жатқан жолда теріс қарап, іліп қойылған суретті, оң қаратады. Балалардың жауабы мен суреттің жауабы бір екен. Мұғалім: Жарайсыңдар балалар, жолымызда ағып жатқан өзен бар екен. Кәне өзеннен жол көрсетуін сұрап көрейік. Өзенге келіп амандасып жол сұрайды.
Өзен: Сәлем балалар, сендер жақсы жолдас екенсіңдер. Қорықпай жолға шығыпсыңдар, олай болса маған да көмек көрсетіңдер. Мен осы жерде ағып жатып әдептілік дегенді ұмытып қалыппын. Маған еске түсіруге қалай қарайсыңдар?
Балар қуана келіседі де кезектесе айтады.

Ойын – жаттығу:
Ерболат: Құр бекерге қылтима,
Болмашыға бұртима
Саусағыңды сормағын,
Салдыр салақ болмағын.
Бекжан: Салма аузына инені,
Жұлма үзіп түймені.
Сыйлап үлкен кісіні,
Қамқорлыққа ал кішіні.
Амангүл: Тұрып ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Дәнәр: Өзің жасап ісіңді,
Тазалап жүр тісіңді!
Ашуланбай долданып,
Жауап бергін ойланып.
«Дәлдеп көр» ойының ойнап жіберейік.
Өзен: Жарайсыңдар балалар сендер нағыз ақылды да, адал достар екенсіңдер – деп ары қарай жолды сілтеп жібереді. Балалар өзенге рахмет айтып, қоштасады. Келе жатып тағы бір дыбысқа көңілдері ауады.(дисктен жаңбырдың, күннің күркіреуі дыбысын қосылады.) Мұғалім: Балалар бұл ненің дыбысы екен?
Балалар: «Жаңбырдың дыбысы»- деп оны да табады. Мұғалім келесі кедергі суретті оң қаратып, жаңбырдың суретін көрсетеді. Балалар жаңбырмен де амандасып, келген жайды айтып, одан да жол сұрайды. Жаңбыр: Балалар, ержүрек екенсіңдер, орманға қорықпай келіпсіңдер, олай болса, маған қазақтың мақал – мәтелдерің үйретіп кетсеңдер тамаша болар еді. Балалар мақал жарысын бастап жібереді.
1. Аққуды атпа,
Досыңды сатпа.
Ақтілеу
2. Дос – доссыз өмір бос.
3. Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды. Жарас
4. Жаңадан дос тапсаң да, ескі досты ұмытпа.
5. Ауылым – алтын бесігім.
6. Ырыс алды – ынтымақ
7. Оқы да біл, Нәрал
Ойна да күл
8. Оқу түбі тоқу
9. Не ексең соны орасың Маржан
10. Ел жаусыз болмас,
Жер таусыз болмас
Жаңбыр да балаларға алғысын айтып, жол көрсетіп жібереді. Балалар жаңбырмен қоштасып, ары қарай жүреді. Жолда тағы да дыбыс естіледі. Жолда келе жатып балалар Айсұлудың қуанып, күлімдеп өлең айтқан дауысын естиді( дискіден қазақша айтылған қыздың өлеңін естиді).
Мұғалім: балалар кімнің дауысы екенің таныдыңдар ма!
Балалар: «Айсұлудың дауысы» - дейді бір ауыздан.
Мұғалім: Соңғы кедергі суретті ашып, онда орман ішіндегі жалмауыз кемпірдің үйін көрсетеді. Балалар үйге жақындағанда, үйден жалмауыз кемпір шығып: Балалар сеңдер адал достар екенсіңдер, сонша жол жүріп, адаспай кездескен кейіпкерлерге де көмектесіп, білім үйретіпсіңдер, рахмет сеңдерге. Менің көңілімді көтеріп, қазақтың ұлттық ойыны «Арқан тарту» ойының ойнап көрелік. Мен сендерге айдай сұлу Айсұлуды қайтарып беремін,- дейді.

Мұғалім: Рахмет сендерге балалар, сендер Батырға және Айсұлуға жасаған көмектерінің арқасында достар бір - бірін тауып айырылмастай адал достар екендеріңді көрсеттіңдер..
Қортынды: Сабақ соңында балалар өздерінің қандай ерлік жасағандарын, достарына қандай көмек көрсеткендерін еске алып, өздеріне рахмет айтады.
Хор: Ризамыз біз бүгінге,
Ризамыз біз қазірге.
Ақылды да керемет.
Достар үшін аянбай,
Шын пейілмен көмекке.

Алматы облысы, Ақсу ауданы,
Қызылағаш ауылы, Нұршуақ балабақшасының әдіскер - психологі
Мукушева Махаббат Жумашевна
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • ramuk_b
    Жазған: ramuk_b
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Эвфемизм мен дисфемизм
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адам және табиғат
  • Қамқа
    Жазған: Қамқа
    Мына жаңалықта: Менің Елбасым
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қыс қызығы
  • jami
    Жазған: jami
    Мына жаңалықта: Су. Судың қасиеті
  • Кирбасова Асыл
    Мына жаңалықта: Ұл бала мен қыз бала
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 14
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 14
Роботтар: 3
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика