Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғатқа саяхат

21 сәуір 2018, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Тақырыбы: Табиғатқа саяхат.
Мақсаты: Балаларды қоршаған әлемді сезінуге және тануға деген қызығушылығын арттыру.
Жануарлар әлемі туралы дүние танымын кеңейту.
Балаларға көкөністер мен жеміс - жидектердің адам денсаулығына тигізетін пайдасы жайлы түсіндіру.
Туған жердің табиғатын аялап қорғауға, адамгершілікке, қамқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы: Қане балалар сәлемдесіп алайықшы;
Табиғат біздің анамыз,
Иіліп сәлем береміз.
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп - өніп толамыз.
Күнге қарай талпынып,
Күнге қанат қағамыз.
Қайырлы күн, балалар,
Қайырлы күн, қонақтар.
Балалар өлең жолдарды қимыл - қозғалысын жатқа айтады.

Кіріспе. Сұрақ – жауап:
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың кай мезгілі?
Балалар: Күз мезгілі.
Тәрбиеші: Күз айында неше ай бар, олар қалай аталады?
Балалар: 3 ай, қыркүйек, қазан, қараша.
Тәрбиеші: Күз айларында қандай еңбек етеді?
Балалар: Егін пісіп, егін жинайды.
Балалар, менің айтқанымды мұқият тыңдап алыңдар. Біз бүгін «Айналадағы ғажайып әлемге» саяхатқа шығамыз. Бірақ «Айналадағы ғажайып әлемге» тек қана ақылды, білімді балалар бара алады. Біздің алдымыздан кедергілер кездеседі, тапсырмаларды орындау арқылы ғана, олардан өте аламыз. Қорықпайсыңдар ма? Барамыз ба?
«Айналадағы ғажайып әлем»
Балалар, біздің алдымызда жемістер бағы бар. Жемістер бағынан қалай өтеміз? Бақтан өту үшін мына тапсырмаларды орындау керек.
Ойын: Сұрақ - жауап: Балалар, қараңдаршы, алдымызда не пайда болды? Бақ! Бақта қандай жемістер өсіп тұр?
Балалар: Алма, өрік, алмұрт, жүзім.
Жемістер туралы қандай тақпақ білесіңдер? Балалар қараңдаршы, бақ бізге тапсырма беріп тұр, тапсырманы орындамасақ бізді ғажайып әлемге өткізбейді. Тапсырманы орындайтын: Нұрислам:
Алма, алма дейсің,
Алма әкелсем, жейсің.
Айтпады екен деме,
Алманы жумай жеме.

Табиғатқа саяхат. жүктеу
5 374
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Азық - түлік. Дәрумендер
Азық - түлік. Дәрумендер
Пайдалы азық - түліктер мен дәрумендер және салауатты тамақтану маңызы туралы білімдерін бекіту, дамыту. Есте сақтау, ойлау қабілетін арттыру, зейіндерін шоғырландыру.
Жас Астрономның тапсырмалары
Жас Астрономның тапсырмалары
Балаларға жыл бойына үйренген оқу іс - әрекеттер білімдерін тиянақтау, сөздік қорын дамыту, ойлау, көру жүйесі арқылы қабылдау қабілеттерін дамыта отырып, ауыз екі сөйлеуге баулу.
Біздің Елбасы
Біздің Елбасы
Балаларға Президент туралы әңгімелеу, ұғымдарын кеңейту, сөздік қорын молайту.
Күзгі орманға саяхат
Күзгі орманға саяхат
Күз мезгілі жайлы білімдерін пысықтау, табиғаттағы өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру жалпы табиғат жайлы түсінік беріп, өлі - тірі табиғат дегеніміз не оны айту, жыл мезгіліне байланысты жәндіктер, құстар, аңдар, өсімдіктер өмір сүруге
Егіншілік еңбегі
Егіншілік еңбегі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №13 "Ертөстік" бөбекжай - балабақшасы тәрбиешісі Валиева Бибігүл Дүйсенбекқызы
Су - тіршілік көзі
Су - тіршілік көзі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×