Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шегіртке мен құмырсқа

23 сәуір 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Шегіртке мен құмырсқа

Сабақтың мақсаты:
1) А. Құнанбаев пен И. В. Крылов туралы қысқаша мағлұмат беру. И. В. Крыловтың Абаймен аударылған мысалдарды еске түсіру. Мысалдардан қандай ғибрат алатынымызды көрсету. Шегіртке мен құмырсқа мысалының тәрбиелік мәнін, мазмұнын ашу. Мәнерлеп оқуға жаттықтыру. Мысалдағы жәндіктердің мінез - құлықтары арқылы адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттерді танып, баға беруді үйрену.
2) Сабақта түрлі әдіс - тәсілдерді қолдана отырып оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, АКТ арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту, өлеңді оқуға машықтандыру, сөздік қорын молайту.
3) Еңбекқорлыққа баулу, жалқаулықтан, еріншектіктен аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау, «Пирамида» әдісі, «Картография» тірек сызбасы, Венн диаграммасы, сатылай кешенді талдау технологиясы.
Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті
Сабақтың көрнекілігі: А. Құнанбаев, И. Крылов суреттері, флипчарт, интерактивті тақта, қағазда бастырылған өлеңнің мәтіні (екі тілде), ақындар туралы мәліметтер, карточкалар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Қайырлы күн, қонақтар
Қайырлы күн, достым,
Ашық аспан болсын!
Бейсенбінің күні, сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын!
(Оқушылар хормен айтады)

Оқушылар екі топқа бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасы тексеру.
(Оқушыларға А. Құнанбаев, И. Крыловтың өмірбаянын оқып келу берілген)
Мұғалім үй тапсырмасын тексеру үшін екі әдісті қолданады. Бірінші әдісі «Картография», екіншісі – «Пирамида» тірек - сызбаны толықтыру. Оқушыларға мәтіндер таратылады. Олар керек мәліметті теріп алып сызбаларды толықтырады, шығып қорғайды. Сызбалар А - 3 форматта сызып беріледі.
• 1 топ А. Құнанбаев туралы «Картографияны» жасайды.
• 2 топ И. Крылов туралы «Пирамида» тірек - сызбаны толықтырады.
(Слайдта көрсетілген(презентация))

ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалім:
- Сонымен, енді айтыңдаршы екі ақынды әдебиеттің қандай жанры байланыстырады.
- Дұрыс, мысал жанры.
Өлең мазмұнымен таныспас бұрын менің сендерге қоятын бірнеше сұрақтарым бар.
І топ: Мысал туралы не білесіңдер?
ІІ топ: Абайдың Крыловтан аударған қандай мысалдарды білесіңдер?

Шегіртке мен құмырсқа. жүктеу
2 318
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
А. Құнанбаев. И. А. Крыловтан «Шегіртке мен құмырсқа»
А. Құнанбаев. И. А. Крыловтан «Шегіртке мен құмырсқа»
Абай Құнанбаевтың аударма өлеңімен таныстыру. Ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл дамыту.
Шегіртке мен құмырсқа
Шегіртке мен құмырсқа
А. Құнанбаев пен И. В. Крылов туралы қысқаша мағлұмат беру. И. В. Крыловтың Абаймен аударылған мысалдарды еске түсіру. Мысалдардан қандай ғибрат алатынымызды көрсету. Шегіртке мен құмырсқа мысалының тәрбиелік мәнін, мазмұнын ашу.
Шегіртке мен құмырсқа (мысал)
Шегіртке мен құмырсқа (мысал)
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №5 Ақарал орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекасилова Молдир Амантаевна
Шегіртке мен құмырсқа
Шегіртке мен құмырсқа
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Алиева Динара Қасанқызы
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Нәбиева Гүлбаршын Емматқызы
Шегіртке мен құмырсқа
Шегіртке мен құмырсқа
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы «Осакаровка кентінің №1 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Садвакасова Кулайым Айтбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×