Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Не артық? Не кем?

07 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Атырау қаласы,
Талғайран негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сариева Ақмарал Нұрымбетқызы

Сабақтың тақырыбы: Не артық? Не кем?
Білімділік: өрнектерді есептемей өздері салыстыра алу (қосу, азайту амалдарының компоненттерін талдау негізінде( есеп бойынша өрнек құрастыра алуды меңгерту, өтілген материалдарды пысықтау;
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау, шапшаң есептей алу қабілетін, көрнекі бейнелі бала ойлауын, ауызша есеп құрастыру дағдыларын дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды өз бетімен жұмысқа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Іскерлік сабағы
Сабақтың типі:Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, шығармашылық тапсырма, топтастыру, ойын т.б.
Сабақтың көрнекілігі: мультимедия, дидактикалық материалдар т.б.
Сабақтың жүрісі

І.Ұйымдастыру бөлімі
1. Сәлемдесу, түгелдеу
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ.Психологиялық әзірлік
- Мыңдаған жылдар бұрын біздің ата-бабаларымыз санауды білген доқ. Алғашқы адамдарға санауды үйреткен ешкім болған жоқ. Олардың ұстазы - өмірдің өзі болды. Қоршаған ортаны бақылай отырып, алғашқы адам жеке заттарды бөліп алуды үйренді. Қасқырлар үйірінен олардың біреуін бөліп алды.. Санауға тура келгенде саусақтарымен көрсеткен. Заттардың артық не кем екендігін көзбен ажырата білді. Балалар, қалай ойлайсыңдар, ол кезді біздің заманымызбен салыстыруға келе ме? Балалар, бүгін біздер «білім еліне»саяхат жасаймыз

ІІІ.Білім еліне саяхат
- Түшшшшшш, біреу келе жатыр, балалар.Бұл кім болды екен а? Сендер естіп тұрсыңдар ма? Ал мен естіп тұрмын. Бұл Білгішбек екен ғой. Қалай білмей қалғанмын білім елінің қожайыны Білгішпек емес пе? Солай ғой, балалар?! Ол бізге құр келмепті. Өзімен бірге сыйлықтар ала келіпті. Ол сыйлыққа ие болу үшін мына суреттер бойынша есеп құрастыруымыз қажет екен.
- Экранға назар аударайық.
А) «Миға шабуыл» «Не артық? Не кем?» ойыны

Қасық-6 Қасықтың тарелкеден екеуі артық
Тарелке-4 Тарелкенің қасықтан екеуі кем (6>4) 6-4=2
Қызыл доп-5 Қызыл доптың жасыл доптан екеуі артық
Жасыл доп-3 Жасыл доптың қызыл доптан екеуі кем

Есеп құрастыр. №5
Мысалы: Алмас – 7 жаста
Ағасы-2 жас үлкен

Ү. Сергіту сәті
Аяқпенен топ-топ-топ,
Алақанды соқ-соқ-соқ,
Бір оңға, бір солға
Айналайық кел мұнда.
Қолымызды бір сілтеп,
Басымызды шайқайық,
Бір оңға, бір солға
Айналайық кел мұнда.
Секіреміз жоғары,
Қиын емес секіру,
Бір оңға, бір соға,
Айналайық кел мұнда.
Бір оңға, бір солға
Айналайық кел мұнда.

ҮІ.№1 математика жұмыс дәптерімен жұмыс

ҮІІ. «Компьютер» ойыны
- Балалар, барлығымыз экранға назар аударайық.Бұл бізге Білгішбектік келесі тапсырмасы. Мына жерде өте керемет сөз жасырынған екен. Сол сөзді шешу үшін мына өрнектерді шешіп, реті бойынша әріптерді орналастыруымыз керек. («Жарайсың» деген сөз шығады)

ҮІІІ. «Кім тапқыр?»
1. Қосу амалының құрамды бөліктерін ата
2.Азайту амалының құрамды бөліктерін ата.
3.Қосудың қасиетін ата
4.Геометриялық пішіндерді ата
5. Әріпті өрнек жаз
6.Санды өрнек жаз
7. Теңсіздік жаз 7-3<10-5
8.Есеп құрастыр
ІХ. «Араға көмек»
Екі топ 10 және 9 сандарын сан құрамдарына топтастырады

Х.Қорыту, бағалау.
ХІ. Үйге тапсырма: №4 – 149 б. Қосу кестесін қайталау
10 723
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Разрядтан екі рет аттап өту арқылы қосу және азайтудың жазбаша тәсілі
Разрядтан екі рет аттап өту арқылы қосу және азайтудың жазбаша тәсілі
Оқушылардың ойлау қабілетін, пәнге қызығушылығын арттыру. Іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін, жеке оқушылардың білім дағдыларын дамыту.
8 санын қосу және азайту
8 санын қосу және азайту
Атырау қаласы, №10 С. Мұқанов атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Кубанова Гүлмира
Қосу мен азайту. 23+7, 30 - 7
Қосу мен азайту. 23+7, 30 - 7
Атырау қаласы, Қ. И. Сәтбаева атындағы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Тажмағамбетова Зульфия Хайруллаевна
7 санын қосу және азайту
7 санын қосу және азайту
Атырау облысы Индер ауданы М. Мөңкеұлы атындағы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Мырзахметова Қарлығаш
Қосындыны саннан азайту
Қосындыны саннан азайту
Қосындыны саннан азайту тәсілдерімен таныстыру; әртүрлі тәсілдермен шығарылатын мәтінді есеп материалдары негізінде осы тәсілді қайталау
5 санын қосу және азайту
5 санын қосу және азайту
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ақтаева Жанна Тұрланқызы Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×