Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілінен кіріктірілген сабақ: Негізгі және туынды сын есім

22 мам 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілінен кіріктірілген сабақ:
Тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім
Сілтеме: Білім стандарты, пән бағдарламасы, оқулық
Жалпы мақсаты: Кіріктірілген сабақ барысында оқушылардың сын есім, оның негізгі және туынды сын есім болатыны туралы түсініктерін қалыптастыру, мәтіннен сын есімді табуға және оның ағылшын, орыс тілінде аудармаларын білуге дағдыландыру. Сөздік қорын, сыни ойлау қабілетін дамыту.
Күтілетін нәтиже: оқушылардың сын есім, оның негізгі және туынды сын есім туралы түсініктері қалыптасады, мәтіннен сын есімді табады және оның ағылшын, орыс тілінде аудармаларын білуге дағдыланады. Сөздік қоры, сыни ойлау қабілеті дамиды.

Негізгі идеялар: Сабақ барысында оқушылардың өзара әрекеттесуі арқылы танымдық белсенділіктерін арттыру. Баяндау, пайымдау, рефлексивтік талдаулар жасауға бейімдеу.
Әдіс - тәсілдері: 1. ««Автобус аялдамасы» стратегиясы., 2. Синквейн әдісі
Тапсырмалар: Топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс. Рефлексия
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Кіріспе. Оқушыларды шаттық шеңберінде тұрғызып үш тілде «Әрқашан күн сөнбесін» әнін айтады.

2. Топқа бөлу. Үш түрлі алмаларды ала отырып үш топқа бөлінеді.
Оқушыларды топтарға бөлу, топ ережесін құру, топтарда рольдерді бөлісу
1 - топ: Қызыл, красный, red алма
2 - топ: жасыл, зеленый, green алма
3 - топ: сары, желтый, yellow
Оқушыларды топқа бөліп орналастыру;
Топ жетекшілеріне бағалау парақшаларын тарату

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Шығармашылық жұмыс
Қазақ тілінде алтындай сөзіне сөйлем құрап оқиды.
Орыс тілінде алтындай сөзіне сөйлем құрап оқиды.
Ағылшын тілінде алтындай сөзіне сөйлем құрап оқиды.

ІІІ. Жаңа сабақ
сын есім, оның негізгі, туынды сын есім екенін үш тілде жаңа сабақ түсіндіріледі.
1. Сонымен Сын есім дегеніміз заттың сынын білдіретін сөздер.
2. Имя прилагательное – это часть речи которая обозначает признак предмета
3. Adjective – is a word that describes nouns

35 - жаттығу
Тақтаға бірнеше сөздер жазылады, соны 3 тілге аударыпайтады

37 - жаттығу
Оқушылар жаттығудан сын есімдерді теріп жазады. Сонан соң оны 3 тілде айтады.
38 - жаттығу Топтық жұмыс.
Үш топқа сөйлемдер бөлініп беріледі, сонан соң көп нүктенің орнына жұрнақ қойылып туынды сын есім жасап жазады.(дәптерлеріне жазады, ортаға топтық қағазға жазады.)

Сергіту сәті

39 – жаттығу
Топтық жұмыс:
Балаларға сөздер беріледі, солардың аудармаларын үш тілде айтады және жазып біріктіреді.

Постер қорғау:
Балаларға күн, кітап, гүлдің суреттері беріледі, соған сәйкес балалар сол заттың сын есімдерін тауып жазады.
- Сөз
Слова
Word
- Сөз тіркесі
Слова сочетания
Phrasal word
- Сөйлем
Предложения
Sentence

Дайындағандар:
Бастауыш сынып мұғалімі: А. А. Саутбаева
орыс тілі пәнінің мұғалімі: А. А. Кобейева
ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Н. Н. Хабентаева

Қазақ тілінен кіріктірілген сабақ: Негізгі және туынды сын есім. жүктеу
Негізгі және туынды сын есім. слайдты жүктеу
4 744
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Оқушылардың ой өрісін, танымдық қабілетін, сөздік қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есім туралы түсініктеріне сүйене отырып, негізгі және туынды сын есім туралы түсініктерін тереңдету. Оқушылардың ой - өрісін, танымдық қабілетін сөздің қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Негізгі және туынды сыны есім
Негізгі және туынды сыны есім
Кіріктірілген сабақ барысында оқушылардың сын есім, оның негізгі және туынды сын есім болатыны туралы түсініктерін қалыптастыру, мәтіннен сын есімді табуға және оның ағылшын, орыс тілінде аудармаларын білуге дағдыландыру.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есімнің түрлерінің негізгі және туынды екендігін, айырмашылығын, ұқсастығын білу үшін жаттығу жұмыстарын жүргізу.
Сын есімді қайталау
Сын есімді қайталау
Ешбір жұрнақсыз түбір күйінде айтылатын сын есімді негізгі сын есім дейміз. Жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×