Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Негізгі және туынды сын есім

19 мам 2018, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға негізгі және туынды сын есімдіктер туралы алған білімдерін ары қарай тереңдетуге мүмкіндік туғызу.
Дамытушылығы: оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелігі: ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау
Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, интер белсенді тақта

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Қайырлы күн!
Сәлемдесіп аламыз,
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену
Еңбектену арқылы
«5 - ке қолды жеткізу!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 34 - жаттығу, 191 - бет.

Ү. Жаңа материалмен жұмыс:
Ой қозғау
Қызыл алма, сүтті мал,
биік тау, шолақ тон, ақылды оқушы, озат бала, тәтті қант, орманды алқап, ақшыл көйлек

Венн диаграммасы
«Алтын қақпа» ойынының шарты
1. Тас қақпа
2. Қола қақпа
3. күміс қақпа
4. Алтын қақпа

Тас қақпа
Шарты: Берілген өлеңдерден сын есімдерді теріп жазып, оның маңызды белгілерін анықтаңдар.
Күз
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,
Жылқы ойнап, бие қашқан тай жарысқан.
Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.

Қола қақпа
Оқулықпен жұмыс
35 - жаттығу
Берілген зат есімдерге – дай,- дей, жұрнақтарын жалғап, туынды сын есім жаса.
Таудай, даладай, гүлдей, тайдай, бұлбұлдай.
Туынды сын есімді қатыстырып сөйлем құра.

36 - жаттығу Мәтінді көшіріп жаз.
Кең - байтақ өлкемізде үлкенді - кішілі өзендер көп - ақ. Солардың бірі - Сырдария. Бұл өзен Аралға құяды. Сырдарияның төменгі ағысында көптеген көне қалалардың орны кездеседі.

Атырау облысы, Атырау қаласы,
М. Әуезов атындағы №7 орта мектеп
Дощанова Сауле Курманбаевна

Негізгі және туынды сын есім. жүктеу
1 558
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Негізгі және туынды зат есім. 19 – 23 жаттығулар.
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Оқушылардың ой өрісін, танымдық қабілетін, сөздік қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есім туралы түсініктеріне сүйене отырып, негізгі және туынды сын есім туралы түсініктерін тереңдету. Оқушылардың ой - өрісін, танымдық қабілетін сөздің қорларын дамыту, негізгі және туынды сын есімдерді анықтай түсуге жаттығулар орындау.
Негізгі және туынды сын есімді қайталау
Негізгі және туынды сын есімді қайталау
Негізгі және туынды сын есім туралы берілген түсінікті кеңейту, басқа сөз таптарынан жасалатынын байқату
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есімнің түрлерінің негізгі және туынды екендігін, айырмашылығын, ұқсастығын білу үшін жаттығу жұмыстарын жүргізу.
Негізгі және туынды сын есім
Негізгі және туынды сын есім
Сын есімнің негізгі және туынды болып бөлінетіні туралы мағлұмат беру, туынды сын есімнің басқа сөз таптарынан жасалатынын меңгерту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×