Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тест дүниетану

22 мам 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
1 - сынып Дүниетану.
№1 тест Табиғат.
1. Тірі табиғатты белгіле.
а) аспан, ай, ағаш ә) қар, тас, тау б) адам, жануар, өсімдік.
2. Табиғат құбылыстарын белгіле.
а) өзен, көл, аспан, жер ә) жел, қар, жаңбыр
б) теледидар, үй, машина
3. Адам қолымен жасалатын заттар.
а) қар, жаңбыр, жел ә) үй, машина, терезе б) ай, күн, жұлдыз
4. Өлі табиғатты белгіле.
а) өсімдік, ағаш ә) машина, компьютер, үй
б) жер, су, ай, күн, жұлдыз
5. Ғарышкер не істейді?
а) егін егеді ә) аспан әлемін зерттейді б) мал бағады
6. Диқан еңбегі не?
а) егін егу ә) мал бағу б) жүк тасу
7. Ауа температурасын өлшейтін құрал.
а) градус ә) термометр б) компос
8. Жылылықты көрсететін санның алдына қандай таңба қойылады?
а) = ә)- б)+
9. Жаңбыр жауғанда қандай белгімен белгілейміз?
а) O ә): б)*
10. Бір жылда неше мезгіл бар?
а) 4 ә) 3 б) 2
№2 тест Өсімдіктер.
1. Өсімдіктер тобын белгіле.
а) гүл, алма, қауын ә) ағаш, бұта, шөп б) қоян, түлкі, суыр
2. Ағаш сабағы қалай аталады?
а) жапырақ ә) дің б) гүл
3. Өсімдіктің ағаш арасындағы мүшесі.
а) сабақ ә) тамыр б) жапырақ
4. Көкөністерді белгіле
а) алма, өрік, қауын ә) шие, жидек, итмұрын
б) қызанақ, қияр, қауын.
5. Өсімдіктер қалай көбейеді?
а) жапырақтан
ә) сабақтан б) тұқымнан
6. Қыста жапырақтары түспей көгеріп тұратын ағаштар.
а) қайың, емен ә) қарағай, арша, шырша б) шетен, тобылғы.
7. Жапырақ неден пайда болады?
а) бүршіктен
ә) гүлден
б) діңнен
8. Бұталарды белгіле.
а) қайың, қарағай ә) жоңышқа, жусан б) жыңғыл, тобылғы
9. Қандай ағаштар гүлдеп жеміс береді?
а) алма, шие, алмұрт ә) терек, қарағаш б) жусан, жоңышқа
10. Өсімдікке қажетті жағдай
а) ауа, су, жарық, жылу, қорек ә) өсу, қурау б) топырақ, тамыр

№3 тест Жануарлар
1. Сүтқоректі жануарларды белгіле.
а) аю, сиыр, қой, жылқы ә) бүркіт, үкі, жапалақ б) тауық, инелік, маса
2. Қосмекенді жануар
а) балық ә) жылан б) бақа
3. Бауырымен жорғалаушылар
а) бақа ә) жылан, кесіртке б) балық
4. Бунақденелілерді қалай атайды?
а) құстар ә) қосмекенді б) жәндіктер
5. Бунақденелілерді белгіле.
а) бақа, жылан ә) балық, кесіртке б) маса, ара, шыбын, өрмекші
6. Қыста ұйықтайтын аңдар.
а) аю, борсық ә) қасқыр, түлкі б) қоян, барыс
7. Аю немен қоректенеді?
а) қоян, тышқан ә) құмырсқа, бал, жидек б) кірпі, суыр
8. Тиін қорегі.
а) тышқан, бунақденелі ә) шөп, жапырақ
б) саңырауқұлақ, жаңғақ, бүр.
9. Қоянның қыстағы тонының түсі.
а) сары ә) қызыл б) ақ
10. Күзде жылы жаққа кететін құстарды қалай атайды?
а) жыл құстары ә) қыстап қалатын құстар б) ұшатын құстар
11. Күзде кейбір аңдардың түсінің өзгеруі қалай аталады?
а) тон ауыстыру ә) түлеу б) киім кию
12. Ең сұлу құс?
а) шағала ә) қарға б) тырна
13. Аюдың баласы............
а) күшік ә) мыршай б) қонжық
№4 тест
1. Сүтқоректілер қай кезде төлдейді?
а) қыста ә) жазда б) көктемде
2. Киіктің төлін қалай атайды?
а) қозы ә) қозықан б) құралай
3. Аю баласын қалай атаймыз?
а) қонжық ә) мыршай б) көжек
4. Тіршіліктің жалғасы.
а) тұқым ә) ұрпақ б) қорек
5. Балық пен бақа жұмыртқасы не?
а) құрт ә) шабақ б) уылдырық
6. Бунақденелілер баласы
а) жұмыртқа ә) уылдырық б) дернәсіл
7. Мысық баласы.
а) мышан ә) мәулен б) марғау
8. Бақа немен қоректенеді?
а) балықпен ә) бунақденелімен б) құстармен
9. Бунақденелілер қорегі.
а) өсімдік жапырағы, сабағы ә) балықпен б) жануарлармен
10. Арқар баласы.
а) бұзауқа ә) құралай б) қозықа
11. Көктем қуанышы не?
а) жаңбыр жауады. ә) аңдар балалайды. б) гүл шығады.
12. Өз атын өзі атайтын құс?
а) тырна ә) көкек б) сауысқан
13. Баласына қамқорлық жасамайтын аң?
а) қасқыр ә) аю б) қоян

№5 тест Қоғам.
1. Отбасы дегеніміз не?
а) бір үйде тұратын адамдар ә) Оттың басындағы адам.
б) ата - ана
2. Мекенжай.
а) қала ә) Отан б) әр отбасының тұратын жері
3. Мектеп деген не?
а) үй ә) кеңсе б) білім беретін мекеме
4. Көше деген не?
а) машина тұратын орын ә) мектеп алды б) көлік жүретін жол
5. Сенің Отаның қалай аталады?
а) Қазақстан Республикасы. ә) көрші ел б) Ресей
6. Қазақстан Республикасын кім басқарады?
а) әкім ә) депутат б) президент
7. Отанымыздың астанасы қай қала?
а) Орал ә) Астана б) Ақтау
8. Заңды кімдер шығарады?
а) заңгер ә) парламент б) әкім
9. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін қашан алды?
а) 1990ж ә) 1991ж б) 1992ж
10. Бала құқығы жайында не білесің?
а) білім алуға, өз ойын білдіруге құқығы бар.
ә) кино көруге, ойнауға
б) оқымауға, еңбек етпеуге.

2 сынып Дүниетану
№1тест
1. Адам өміріне не қажет?
а) доп, ән, киім. ә) ауа, су, тамақ. б) кітап, велосипед
2. Егістікті баптаушы адамды кім деп атаймыз?
а) комбайншы ә) наубайшы б) диқаншы.
3. Көкжиек дегеніміз не?
а) Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік.
ә) Аспан мен жердің астасқан жері.
б) Көзің жететін жерге дейін қарау.
4. Тұсбағар деген не?
а) Бейтаныс жерлерді зерттейтін құрал.
ә) Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал.
б) Дәрігер құралы.
5. Кез келген заттың бейнеленген көрінісі қалай аталады?
а) Сұлба. ә) Масштаб. б) Сурет.
6. Сұлба дегеніміз не?
а ) Кез келген заттың бейнеленген көрінісі.
ә) Бір заттың көлемін кішірейтетін сан.
б) Бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісі.
7. Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды не деп атаймыз?
а) Сурет
ә) Сұлба
б) Масштаб.
8. Ауаның негізгі қасиеттерін белгіле.
а) Түссіз, дәмсіз, көзге көрінбейді.
ә) Түссіз, дәмді, иісі бар.
б) Дәмсіз, көзге көрінеді, иісі жоқ.
9. Судың қасиеттерін ата.
а) ақ, мөлдір, иісі бар.
ә) сұйық, иіссіз, мөлдір.
б) Көзге көрінбейді, ақ, мөлдір.
10. Топырақтың құрамын ата.
а) ауа, су, шірінді.
ә) жапырақ, саз, тамақ.
б) құм, шыны, ағаш.

№2 тест
1. Барлық тіршілік иесі жылуды неден алады?
а) Күн. в) Жер с) Ай.
2. Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік не деп аталады?
а) Дала в) Көкжиек с) Айна
3. Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал.
а) Сағат в) Тұсбағар с) Таразы.
4. Бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрініс.
а) Сурет в) Көлеңке с) Сұлба.
5. Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды не дейді?
а) Масштаб в) Сурет с) Есеп.
6. Ауаның негізгі қасиеті:
а) Көрінбейді, түссіз, иіссіз, дәмсіз
в) Ауыр, с) Көрінеді, дәмді
7. Қатты cуықта су неге айналады?
а) Буға в) мұзға с) өзгермейді.
8. Адамдардың өзара жақсы қарым – қатынасының, жүріс – тұрысының ережесі -.....
а) әдептілік. в) мейірімділік. с) Тазалық
9. Кез келген заттың бейнеленген көрінісі.
а) Сызу в) Сурет. с) Масштаб
10. Суда тұрақты пішін.....
а) болады в) ұқсайды с) болмайды.

№3 тест.
1. Мақта тұқымын қалай атайды?
а) шит ә) қауашақ б) мақта
2. Жеміс ағашынан мол өнім алу үшін кімдер еңбек етеді?
а) жұмысшы ә) бағбандар б) ғалымдар
3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері.
а) Ю. Гагарин ә) Т. Бигелдинов б) Т. Әубәкіров
4. Мал шаруашылығының маманын тап.
а) мал дәрігері, зоотехник, қойшы
ә) егінші, қойшы
б) тігінші, зоотехник
5. Малдар жаз бойы қайда жайылады?
а) қыстауда ә) көктеуде б) жайлауда
6. Жіп иіретін құрал.
а) ұршық ә) ине б) қайшы
7. Былғары неден жасалады?
а) мал терісінен ә) мақтадан б) жіптен
8. «Табанды түрде білім алмайынша ешқандай мамандықты игере алмайсың»,- деген сөздер қай әңгімеде берілген?
а) Ең басты жұмыс ә) Мұрат атай б) Егінші
9. Мақалдың жалғасын тап:
Оқусыз білім жоқ,
а) білімсіздің күні кәріп ә) білімсіз күнің жоқ б) өмір шырағы
10. Өсімдіктерді зиянкестерден сақтау үшін қай уақытта дәрілейді?
а) гүлдемей тұрып ә) жеміс бергенде б) күзде

3 - сынып Дүниетану
№1 тест
1. Иіс сезу мүшесін көрсет.
а) мұрын ә) құлақ б) тері
2. Табиғат заттары мен құбылыстарын тікелей көріп, ұстап, дыбысы болса тыңдап, естіп зерделеу жолдарын қалай атайды?
а) тәжірибе жасау ә) бақылау әдісі б) зерделеу
3. Дені сау адамның тамыры неше минутта неше рет соғады?
а) 2 минутта 40 - 50 рет соғады
ә) 3 минутта 20 - 30 рет соғады
б) 1 минутта 60 - 80 рет соғады
4. Адамда қанша жұп қабырға болады?
а) 12 жұп ә) 14 жұп б) 16 жұп
5. Омыртқа жотасы неше омыртқадан тұрады?
а) 35 - 36 ә) 33 - 34 б) 23 - 25
6. Дене деп нені атаймыз?
а) заттар ә) тәжірибелер
б) Адамды жан - жағынан қоршаған нәрселердің бәрін атаймыз.
7. Ауаның температурасын қандай аспаппен өлшейді?
а) термометр ә) сағат б) метр
8. Денелер нешеге бөлінеді?
а) 3 ә) 2 б) 4
9. Белгілі бір заттың өлшемі кішірейтілгенін көрсететін санды қалай атайды?
а) сантиметр ә) метр б) масштаб
10. Жер бетінің қағазға өте кішірейтіліп салынған бейнесін қалай атайды?
а) географиялық карта ә) физикалық карта б) саяси карта

№2 тест
1. Адам, жануар және өсімдік несіз тіршілік ете алмайды?
а) сусыз ә) ауасыз б) тамақсыз
2. Жер бетіндегі ауаның бір жерден екінші жерге ауысуын қалай атайды?
а) боран ә) тұман б) жел
3. Желдің күші мен бағытын ауа райын бақылайтын станцияларда қандай арнаулы құралмен анықтайды?
а) желбағар ә) ұзындық б) термометр
4. Пішініне қарай бұлт неше түрге бөлінеді?
а) 5 ә) 4 б) 2
5. Жауын - шашынның түрлерін көрсет.
а) тұман ә) шық б) жаңбыр, қар, бұршақ
6. Ауа райының жай - күйін қайда бақылап отырады?
а) метеорологиялық станцияларда
ә) ауа райы карталарында
б) қондырғыларда
7. Әр адам тәулігіне неше литр ауа жұтады?
а) 20 литр ә) бірнеше мың литр б) 500 литр
8. Жер бетіндегі ең көп таралған зат -...
а) құс ә) топырақ б) су
9. Табиғатта су үш күйінде болады. Соны көрсет.
а) сұйық, қатты, газ ә) ащы, тұщы, сұйық б) таза, қатты, газ
10. Біздің заманымызда өзен суының күшін пайдаланып нені өндіреді?
а) жер асты суын ә) электр энергиясын б) жылуды

Тест дүниетану. жүктеу
4 118
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тест физика 7 сынып
Тест физика 7 сынып
1. Физика пәні нені зерттейді? A. Техниканы зерттейді. B. Аспан денелерін зерттейді. C. Табиғат құбылыстарын зерттейді. D. Атомдар мен молекулаларды зерттейді. E. Зат құрылысы мен құрамын зерттейді.
Дүниетану тест жұмыстары 1 - 4 сыныпқа арналған көмекші құрал
Дүниетану тест жұмыстары 1 - 4 сыныпқа арналған көмекші құрал
Дүниетану тест жұмыстары 1 - 4 сыныпқа арналған көмекші құрал Бұл жинақта 1 - 4 сынып бағдарламасында ұсынылған негізгі тақырыптар және қорытындылау тапсырмалары жан - жақты қарастырылған. Өскен жеріміздің, ауданымыздың табиғи ерекшеліктерімен
Тест жауаптарымен (дүниетану 2 сынып)
Тест жауаптарымен (дүниетану 2 сынып)
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Басенова Ақмарал Камаловна
Дүниетану 3 - сыныпқа арналған тест
Дүниетану 3 - сыныпқа арналған тест
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қазтұрғанова Мейрамгүл
Дүниетанудан тест (1 сынып)
Дүниетанудан тест (1 сынып)
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қазтұрғанова Мейрамгүл
Мектепалды даярлық топтарына арналған тест тапсырмалары (экология негіздері)
Мектепалды даярлық топтарына арналған тест тапсырмалары (экология негіздері)
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы №8 бала-бақшасының тәрбиешісі Чережденова Алия Сергбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×