Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл - күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар

27 мам 2018, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл - күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар

1. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.

2. «Сантики, Фантики, Лимпопо». Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білдіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады.

3. «Көңіл - күй неге ұқсас». Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл - күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: «Менің қазіргі көңіл - күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?». Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның соңында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл - күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т. б. Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.

Орта және жоғары буын оқушыларының адамгершілік құндылықтарын зерттеу
Мақсаты: оқушылардың тұлғалық қалыптары мен қағидаларын, өмірде басшылыққа алатын құндылықтарын, адамгершілік - рухани бағдарларын анықтау.

Адамның адамгершілігі сыртқы іс - әрекеттерде көрінеді. Алайда жеке тұлғаның мінез - құлқына қарап оның шын адамгершілік екені туралы айтуға болмайды, өйткені ол әрекеттердің ар жағында әртүрлі адамгершілікті емес түрткілер мен сезім жатуы мүмкін. Руханилық сыртқы көзден жасырын тұрады. Руханилық – ізгі ақылдың шешімі, ізгі жүрек әмірі, ізгі сезім, махаббат пен жанашырлықтың саналы және санадан тыс әрекеттерден көрінуі. Руханилық – жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез - құлқы қалыптасады, ұят, ар, өзін - өзі адамгершілік бақылау мен бағалау жүзеге асырылады.

Оқушылардың рухани бағыттылын анықтау мақсатында М. Рокичтің құндылықты анықтау әдістемесі алынды. Оқушылар өздері үшін аса маңызды болып табылатын құндылықтарын берілген 18 түрлі құндылықтар ішінен рет - ретімен орналастыруы тиіс болды. Тестілеуге барлығы 283 оқушы қатысты. Қатысқан оқушылар көбінесе төменде келтірілген 5 құндылықты бірінші орынға жиі орналастырған:

Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл - күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар. жүктеу
6 539
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл - күйін және есте сақтауын дамытуға арналған психологиялық тренингтер
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл - күйін және есте сақтауын дамытуға арналған психологиялық тренингтер
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл - күйін және есте сақтауын дамытуға арналған психологиялық тренингтер
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар
Оқушылардың тұлғалық қалыптары мен қағидаларын, өмірде басшылыққа алатын құндылықтарын, адамгершілік - рухани бағдарларын анықтау. Адамның адамгершілігі сыртқы іс - әрекеттерде көрінеді.
Менің тұңғыш Президентім
Менің тұңғыш Президентім
Қазақ халқының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру
Бастауыш
Бастауыш
Бастауыш туралы түсінік беру, оның грамматикалық белгілерін меңгерту, негізгі мәселерді қайта жаңғырту, қызығушылығын ояту;
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар
Сергіту сәтінде оқушылардың көңіл-күйін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар
Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір - бірлеріңмен тез - тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен,
Құрама есептер
Құрама есептер
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, №146 мектеп - лицей бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Нұргүл Нұрмұратқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×