Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жазғы мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің жүргізілген жұмыс есебі

12 маусым 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Жазғы мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің жүргізілген жұмыс есебі
Ұлттық болмыс пен халықтық ұғымдарды шәкірт бойына дарытуда отбасы мен ұстаздар қауымының тәлім - тәрбиелік шараларына қойылар талап жоғарылады. Мектеп – білім берумен қатар, тағылымды тәлім - тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы. Тәрбие мазмұны ұйымдастырушының шеберлігімен ұштасқанда қандай шара болсын, шәкірттің ішкі жан - дүниесін жаңартып, рухани азық болып, соныда жарқын құбылыстарға жетекші бола бермекші.
Ұзақ уақыт бойы оқушылардың ой - санасының өсіп – жетілуі тек білім көрсеткішімен бағаланып келді. Нәтижесінде тамырын тереңге жаймаған, құнарсыз жерде өскен өсімдік болмысын бойына дарыта алмаған, ал өзінікін бағалап білмеген жас ұрпақ өсіп жетілді. Мұның салқыны бүкіл ұлт болмысынан көрініс тапты. «Бала тәлімі - құрсақтан» деген халық даналығын ескермеген кейбір әке - шеше тәлімдік мағынасы бар даналық сөздер мен өнегелі істерді отбасына дарыта алмады.
№15 «Төрткүл - төбе»жалпы орта мектептің 2014 - 2015 оқу жылындағы жазғы мектеп жанындағы «Қоңырау» лагерінің жалпылама есебі. Мектеп жанынан ашылған жазғы сауықтыру лагері берілген жоспар бойынша I ауысым бойынша жұмыс жүргізді.
I - ауысым 01. 06 - 19. 06., II – ауысым 23. 06 - 13. 07.
Мақсаты:
«Қоңырау» лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуын мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру.

Міндеттері:
- Лагерьге балалардың уақытымен, толық келулерін қадағалау;
- Әр күнді бағдарлама бойынша ұйымдасқан түрде өткізу;
- Балалардың ойын алаңындағы ертеңгілік дене жаттығуларын, қимыл - қозғалыс ойындарын бақылауға алу;
- Саяхат және жорық кезіндегі қауіпсіздік ережелерінің сақталуын еске алу, бақылау;
- Лагерь жағдайында бірыңғай тәртіпте салтанатты жиындар өткізу;
- Сурет, қолөнер тақырыптарында шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында көрме, конкурс ұйымдастыру;
- Ұлттық ойындар, логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.

Күні Іс - шаралар
1. 06 Балаларды қорғау күні
«Демаламыз, күлеміз. Көңілді жазды сүйеміз» Танысу мерекесіне дайындық және оны өткізу.
Лагердің салтанатты ашылуы.
«Бақытты балалық шақ!» атты асфальтта сурет салу байқауы.
2. 06 «Қазақстан армандар орындалатын « Зияткерлік ойын бағдарламасы.
«Жолаушы» жол ережесін сақтайық.
Тіл үйірмелер жұмысы.
3. 06 «Сен - дәстүрді білесің бе?» Виктариналық сұрақтар сайысы.
«Денсаулық күні» медбикемен әңгіме
4. 05 Мемлекеттік рәміздер күні.
Тіл үйірмелер жұмысы.
Үйірмелерге қатысу.
5. 06. 15 «Астана тарихы - менің тарихым» Уақыт машинасымен. бұрынғы Астана.
Зияткерлік ойын.
8. 0615 «Қозғалыс ойындары»спорт сағаты
«Қазақстан алтын бесігім» атты патриоттық ойын.
Үйірмелерге қатысу.
9. 06. 15 «Қимыл ойындары» спорттық сағаты
«Ертегілер еліне саяхат» атты ойын сабақ.
«Музыка бізді біріктірді» үйірмесіне бару.
10. 06. 15 «Кел билейік» сайыстық би бағдарламасы.
Математика үйірмелеріне қатысу.
11. 06. 15 Қимыл қозғалыс ойындары
«Алтын қақпа» зияткерлік ойын.
Тіл үйірме жұмысы.
12. 05. 15 «Қимыл қозғалыс ойындары» спорт сағаты.
«Біздің отбасымыз» атты шығарма жазу,
Тіл үйірмелер жұмысы.
15. 06. 15 «Қозғалыс ойындары» спорт сағаты.
«Екі жұлдыз» музыка сағаты.
«Математика» үйірмесі
16. 06. 15 «Қозғалыс ойындары» спорт сағаты.
«Денсаулық - зор байлық» тақырыбында балалар дәрігерімен әңгіме жүргізу.
17. 06. 15 «Кім күшті?» спорт сағаты.
«Әуенді тап» музыкалық сағат.
Тіл үйірмелер жұмысы.
18. 06. 15. «Сен және жол»спорт сағаты.
«Менің ауылым» тақырыбында шығарма жазу.
«Математика» үйірмесі.
19. 06. 15 «Көңілді старт» спорт сағаты.
Би кеші.
Марапаттау.
Алғашқы маусымның жабылуы.

Жазғы мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің жүргізілген жұмыс есебі. жүктеу
86 690
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыратын тәрбиешілерге арналған әдістемелік жұмыстар мен іс - шаралар жинағы
Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыратын тәрбиешілерге арналған әдістемелік жұмыстар мен іс - шаралар жинағы
Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыратын тәрбиешілерге арналған әдістемелік жұмыстар мен іс - шаралар жинағы.
Жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары
Жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары
Жазғы демалыс лагерінің жұмыс жоспары.
Ғажайып әлем жазғы сауықтыру лагері
Ғажайып әлем жазғы сауықтыру лагері
Ғажайып әлем жазғы сауықтыру лагерінің жұмыс жоспары
Мектеп өміріндегі ұлттық дәстүр
Мектеп өміріндегі ұлттық дәстүр
Жаңа дәуір жаңа талапқа байланысты заман талабы да өзгеріп, жаңарып отырады.
«Қазақстан – менің болашағым» фестиваль түріндегі үшінші кезеңдегі жазғы сауықтыру лагерінің жабылуы.
«Қазақстан – менің болашағым» фестиваль түріндегі үшінші кезеңдегі жазғы сауықтыру лагерінің жабылуы.
Қарағанды қаласы №23 ЖББО мектептің Бастауыш сынып мұғалімі: Лапиева Гулайым Қаппаровна Тақырыбы: «Қазақстан – менің болашағым» фестиваль түріндегі үшінші кезеңдегі жазғы сауықтыру лагерінің жабылуы. Мақсаты: 1) Лагерь сөзінің мағынасын ашу. Отан,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×