Білімділер поралы

Сан есім

Сабақтың тақырыбы: Сан есім.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға сан есім туралы түсінік беру, сан есім заттың санын, ретін білдіретін сөздер екенін түсіндіру, бұрынғы алған білімдерін кеңейту, берік орнықтыру.
2. Дамытушылық: Ғаламшар туралы түсініктерін одан да артық дамыту.
3. Тәрбиелік: Еліміздің ғарышкерлерін құрметтеуге, соларға ұқсап өсуге тәрбиелеу. Көркем, сауатты жазуға баулу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың типі: өткенді қайталау
Пәнаралық байланыс: математика, ана тілі, дүниетану, сурет, дене шынықтыру
Сабақтың көрнекілігі: Ғарышкерлердің суреттері, Күн жүйесіндегі тоғыз ғаламшардың суреттері, тест, карточкалар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағың не үшін керек?
Ақыл кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың не үшін керек?
Туған жерде жүру үшін! - ендеше, балалар 12 мүшелерін сау болып, туған жерде үлкен азамат болып өсулеріңе тілектеспін.
Бүгінгі сабақтың ерекше екендігін хабарлау.
Ғаламшарға саяхат.
Күн жүйесінде неше ғаламшар бар?
- Тоғыз ғаламшар бар.
Олар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн Уран, Нептун, Плутон.

Ендеше біз бүгін сол ғаламшарларға саяхат жасаймыз. Осы саяхатқа шықпай тұрып, топқа бөлініп алайық. Әр топ өздерін көліктерін таңдап алсын.
І топ Луноход - 1 (СССР) көлігі
ІІ топ «Интеркосмос - 1» - жер серігі көлігі
ІІІ топ Халықаралық ғарыш станциясымен ұшамыз
- Кәне, бәріміз саяхатқа дайынбыз ба?
- Ендеше сәт сапар!
- Әр ғаламшар сендерге өз тапсырмаларын дайындапты, біз соларды дұрыс орындап
өз білімдерімізді көрсетуіміз керекпіз.
Сұрақтарға ауызша жауап бер.
- Ғарыш әлеміне кім бірінші рет ұшты? (Гагарин Юрий Алексеевич)
- Ғарышқа Қазақстанның қай жерінен ұшады? (Байқоңыр)
- Қазақстаннан ғарышқа қай қазақ бірінші болып ұшты? (Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы)
- Тағы қандай ғарышкерлерді білесіңдер? (Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы)
(Оқушылардан сұрақтың жауаптарын тыңдай отырып, суреттерін тақтаға іліп қою)
Дәптерімізді ашып, бүгінгі күн ретін жазайық та сапарымызды бастайық.

Сан есім. жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Загрузка...
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Orken agay
    Жазған: Orken agay
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Гүзал
    Жазған: Гүзал
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Ана әлемді тербейді
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Аяулы ана - асылым!
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Адамдық диханшысы
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 326
Қолданушылар: 3
Қонақтар: 323
Роботтар: 2
Asema04 РизаКасаинова aiboll
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика