Қазақстанның
білім беру порталы.

Бастауыш

13 тамыз 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Бастауыш
Сабақтың мақсаты: Оқушыларда заттың атын білдіретін сөздер туралы ұғым қалыптасуына мүмкіндік жасау.
А) Өлеңді мәнерлеп оқуға, оның негізгі идеясын ашуға жетелеу;
Б/ Оқушылардың сөздік қорын дамыту, адамгершілікке тәрбиелеу.
Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу. ой - өрісін дамытып, зейінін жетілдіру. Сөздік қорларын молайтып, тіл байлықтарын дамыту.
Күтілетін нәтижелер: Оқушылар бастауыш туралы толық меңгереді.
Берілген сөздердің сұрақтарын анықтап, дұрыс жауап беруге үйренеді.
Қимыл иесін анықтауға дағдыланады
Сабақ түрі: Аралас сабақ, жұппен жұмыс.
Оқытуда қолданатын әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ - жауап, диалогтік оқыту, сыни ойлау стратегиялары, жұптық, жұмыс, АКТ
Керекті жабдықтар: «Алматыкітап» 3 сынып, сюжетті суреттер, постер, қарындаш, сызғыш, түрлі - түсті бояулар, суреттер, интерактивті тақта

Кіріспе
1. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Балалар, бізге бүгін Алпамыстан хат келіпті. Қане, бәріміз тынышталып, осы хатта не жазылғанын тыңдайық.«Құрметті менің достарым! Мен сендерден көмек сұрай, хат жазып отырмын. Апам биыл мені мектепке баруға дайындап, маған дүкеннен оқу құралдарын сатып әкелді. Олар өте көп. Бірақ мен бәрінің аттарын біле бермеймін. Мен сендерге олардың суреттерін жіберіп отырмын. Сендер мектепте оқисыңдар ғой, маған осы заттардың атын білдіретін сөздерді жазып жіберіңіздерші. Сәлеммен Алпамыс»- деп хаттың аяқтапты.
Тұсаукесер Үй тапсырмасын диалогтік әдіс арқылы
Сұрақ жауап арқылы өткен тақырыпты пысықтау
— Сөйлем мүшесі деген не?
— Неше топқа бөлінеді?
— Қандай түрлері болады?
— Тұрлаулы мүшелерге нелер жатады?
— Тұрлаусыз мүшелерге нелер жатады?
— Олардың қандай айырмашылығы бар?
Олай болса, балалар, мен Алпамыстың жіберген суреттерін бір - бірден көрсетемін, сендер ол заттардың атын атап, тақтаға жазып отырасыздар. (әр сурет көрсетілген сайын«бұл не?»деген сұрақ қойылып отырады. Ең соңында Алпамыстың суретті шығады, оған«бұл кім?» деген сұрақ қойылады.)
2. Сыныпты жұпқа бөлу: фигуралардың түсімен

БҚО, Зеленов ауданы Зеленов ЖОББМ
І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Габдулова Кульжиян Каиргалиевна

Бастауыш. жүктеу
567
0
  • 0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Сөз таптары. 370 – 374 жаттығулар
Оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын дамыту, сөйлеу, әңгімелеу дағдысын жетілдіре отырып, мәнерлеп сөйлеуге, әдемі жазуға, өз бетінше жұмыс орындауға дағдыландыру.
Кел, балалар, оқылық! Заттың қимылын білдіретін сөздер
Кел, балалар, оқылық! Заттың қимылын білдіретін сөздер
Оқушыларды заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік жасау, өлеңдерді мәнерлеп, түсініп оқуға дағдыландыру.
Сөз таптары
Сөз таптары
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі. Бастауыш сынып мұғалімі Базарова Ақмарал Қайыржанқызы
Кел, балалар, оқылық! Заттың қимылын білдіретін сөздер
Кел, балалар, оқылық! Заттың қимылын білдіретін сөздер
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекманова Бибіхан
Заттың санын білдіретін сөздер
Заттың санын білдіретін сөздер
Ақтөбе қаласы, №51 гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі: Сельбаева Жанагул Елтаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.