Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дауысты, дауыссыз дыбыстар және олардың әріптері. Төрт түлік. Төлді қалай шақырады?

22 қыркүйек 2018, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ана тілі 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Дауысты, дауыссыз дыбыстар және олардың әріптері. Төрт түлік. Төлді қалай шақырады?
Мақсаты: Оқушыларға түсініп, мәнерлеп оқуға дағдыландыру. Төрт түлік туралы түсініктерін кеңейту. Әр малдың ерекшелігі, пайдасы, өзіне тән қасиеттері туралы түсінік беру.
2) Балалардың сөздік қорларын, тілдік байлықтарын дамыту, дүниетанымдарын кеңейту, қиялын, ақыл - ойын дамыту.
3) Жан - жануарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Психологиялық дайындық
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай таза мөлдір көңілмен,
Бүгінгі күнімізді бастайық.
Балалар, маған қарап күлімдейміз,
Бір - бірімізге қарап күлімдейміз.
Қонақтарға қарап күлімдейміз,
Бүгінгі күнгі сабағымызда
Бір - бірімізге сәттілік тілейміз.

Үй тапсырмасын тексеру.
Дауысты дыбыстарды жатқа айту.
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Дауысты дыбыстарға нелер жатады?
- Дауыссыз дыбыстарға нелер жатады?

Төрт түлік
Төлдер
Мал атасы
Қой атасы - ШОПАН АТА,
Жылқы атасы - ҚАМБАРАТА,
Ешкі иесі - СЕКСЕКАТА,
Түйе атасы - ОЙСЫЛҚАРА,
Сиыр иесі - ЗЕҢГІБАБА.
Оқулықпен жұмыс
Төлді қалай шақырады?
Қошақаным - пұшайт, пұшайт,
Шөкетайым - шөре, шөре,
Құлыным - құрау, құрау,
Әукешім - аухау, аухау,
Ботақаным - көс, көс.

Сөздік жұмыс
Шөкетай - ешкінің төлі
Жапан - ессіз дала
Көкке - аспанға қарау
Елпеңдеген - ойнақтап,
құтырынып ойнау

Қорыту.
Сабақтан қандай әсер алғандықтарын сұрау?
Бактыгожина А. С.
Дауысты, дауыссыз дыбыстар және олардың әріптері. Төрт түлік. Төлді қалай шақырады? слайдты жүктеу
Өө әрпі мен дыбысы слайдты жүктеу
1 158
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Төлді қалай шақырады? Дауыссыз дыбыстар
Төлді қалай шақырады? Дауыссыз дыбыстар
Төрт түлік туралы түсініктерін кеңейтіп, әр малдың ерекшеліктері, пайдасы туралы білімдерін тексеру, ізденушілік қызығушылықтарын арттыра отырып, төрт түлік малға байланысты мақал — мәтелдер, әңгімелер тақпақтар айтқызып, білімдерін толықтыру.
Төрт түлік. Дауыссыз дыбыстар
Төрт түлік. Дауыссыз дыбыстар
Оқу – жазу дағдыларын қалыптастыра отырып, дауысты дыбыстар туралы білімдерін кеңейту; Мәтіннің мазмұнын айтуға үйрету; Жаттығу жұмыстарын орындата отырып, сөздердегі дауыссыз дыбыстарды анықтау
Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Төлді қалай шақырады?
Дауысты, дауыссыз дыбыстар. Төлді қалай шақырады?
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі. Бастауыш сынып мұғалімі: Базарова Ақмарал Қайыржанқызы
«Ақ бұзау» Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ
«Ақ бұзау» Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ
Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, «Н. Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Олжабай Әсия Құсанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×