Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тура және тура емес теңдіктер

20 ақпан 2022, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ жоспары
Математика 1 сынып
Тақырыбы: Тура және тура емес теңдіктер
Мақсаты: Тура және тура емес теңдіктер туралы білімдерін қалыптастыру, логикалық ойлау және салыстыру қабілетін дамыту.
Түрі: жаңа сабақ
Әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, топтық жұмыс, дәптермен жұмыс.
Көрнекілігі: карточкалар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Сәлемдесу
2) Оқушыларды түгендеу
3) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Теңдік, теңдеу, теңсіздіктің ережелерін сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
- Бүгінгі сабақта балалар біз тура және тура емес теңдіктермен танысамыз.
Ереже:
Өрнектерді салыстыру нәтижесін теңдік түрінде жазуға болады.
Тура және тура емес теңдіктер болады. Мысалы,
5 – 3 = 4 – 2 – бұл тура теңдік; 6 + 4 = 2 + 7 – бұл тура емес теңдік.
Тура және тура емес теңдіктердің айырмашылығын түсіндіру.
1 - Тапсырма. Суреттерге қарап теңдіктерді салыстыру.
Саябақта
Әр топта неше бала бар? Санды өрнектерді салыстыр.
Тура және тура емес теңдіктерді ата.
а) 1+4<3+4
ә) 5 - 2<7 - 3
б) 5 - 3=7 - 5
Шығарып көр
Балалардың жұмысын тексер. Сен неше тура емес теңдік таптың?
Қателерін түзе.
19 - 11=18 - 10
90 - 30=80 - 20
15 - 3=16 - 4
10+4=18 - 4
Орындап көр
Сары түсті жолдың ұзындығын табу үшін санды өрнек құрастыр. Көк түсті жолдың ұзындығын табу үшін санды өрнек құрастыр. Жолдардың ұзындығын салыстыр. Не шықты: теңдік пе? Әлде теңсіздік пе?
20+20+20+20 < 30+30+30 – теңсіздік.
Ойлан
Есептемей - ақ салыстыр.
Берілген санды өрнектерді қандай тәсілмен салыстыруға болады?
1+2+3 < 1+2+4
10+20+40 < 10+20+50

IV. Сергіту сәті. «Бала, бала, балақан»
V. Топтық жұмыс. Карточкалар
VI. Дәптермен жұмыс.
VII. Қорытынды.
- Тура теңдік дегеніміз не?
- Тура емес теңдік дегеніміз не?
VIII. Үйге тапсырма. Дәптермен жұмыс 26 - жұмыс парағы.

Тура және тура емес теңдіктер. жүктеу
156 734
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тура теңдіктер қасиеттері негізінде қарапайым теңдеулерді шешу
Тура теңдіктер қасиеттері негізінде қарапайым теңдеулерді шешу
Оқушыларға қарапайым теңдеулер мен оларды шешу жолдарын үйрету. Теңдеулерді шешу тәсілдерін көрсету. Ауызша көбейту және бөлу тәсілі жайлы білімдерін пысықтау.
Тура және тура емес теңдіктер
Тура және тура емес теңдіктер
20 көлеміндегі сандарды ондықтан аттамай ауызша қосу және азайту/ондықтарды ауызша қосу және азайту амалдарын орындайды.
Тура және тура емес теңдіктер
Тура және тура емес теңдіктер
Дұрыс және бұрыс теңдікті ажырату Теңдікті және теңсіздікті, теңдеуді біледі;
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер туралы түсінік беру, мәндес теңдеулерге анықтама беру және теңдеулердің қасиеттерін пайдаланып, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Кері есептер +4, - 4
Кері есептер +4, - 4
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Исолдаева Мирамкүл
Есеп. Салыстыру
Есеп. Салыстыру
Атырау қаласы, Қ. И. Сәтбаева атындағы орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Тажмағамбетова Зульфия Хайруллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×