Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я я әрпі

07 қазан 2018, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сауат ашу 1 сынып
Тақырыбы: Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я я әрпі
Мақсаты: Я дыбысымен таныстыру, я дыбысы бар сөздермен таныстыру. Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен), мұғалімнің көмегімен қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.
Түрі: Жаңа сабақ
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: Суреттер, я дыбысының жазба және баспа түрі.

Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1) Сәлемдесу
2) Оқушыларды түгендеу
3) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Психологиялық дайындық
Қайырлы таң ашық аспан,
Қайырлы таң менің мектебім.
Қайырлы таң менің сыныбым,
Қайырлы таң менің достарым.

ІІ. Қайталау
- Балалар біз көңіл - күйіміздің әрқашан көтеріңкі болғанын қалаймыз. Көңілімізді ешқашан кірбің, бұлт шалмаса екен деп ойлаймыз. Аспандағы күніміз де әрқашан жарқырап тұрсын. Бірақ күніміздің бетін бұлт шалыпты. Күн көзінен бұлтты сейілту үшін мына бұлттардың артында сұрақтар берілген. Сол сұрақтарға жауап бере отырып күнімізге көмектесейік.
1. Әріп дегеніміз не?
2. Дыбыс дегеніміз не?
3. Дыбыс нешеге бөлінеді?
4. Кейде дауысты кейде дауыссыз болатын қандай дыбыс?

ІІІ. Жаңа сабақ
- Бүгін сендер ұлттық кейіпкерлер туралы білетін боласыңдар және я дыбысы мен танысасыңдар.
- Бұл не?
- Шаян
- Шаян сөзінде таныс емес қандай дыбыс естіп тұрсыңдар?
- Я дыбысын
Я дыбысы дауысты дыбыс.
Я дыбысының артикуляциясымен таныстыру. Я дыбысы й+а дыбыстарының қосындысынан тұратындығын, оның я әрпімен таңбаланатынын түсіндіру)
Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.
Түсініп оқиды.

№1 тапсырма
«Алдар көсе мен бай баласы» ертегісін оқу.
- мәтінді қатесіз оқиды;
- мәтіннің мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;
- я дыбысы бар сөздерді тауып, дыбыстық талдау жасау.
№2 тапсырма
Берілген сөздерге мағынасы қарама - қарсы сөзді тап.
Баяу - тез.

VI. Сергіту сәті. « Қоян»
№3 тапсырма
Мысық неге мияулады?
Мысық неге миялайтынын айтады.

VI. Дәптермен жұмыс.
Я дыбысын және я дыбысы бар сөздерді жазу

VII. Қорытынды.
- Бүгінгі сабақта қандай әріппен таныстық?
- Я дыбысы қандай дыбыс?
- Я дыбысы бар қандай сөздерді білесіңдер?

VIII. Кері байланыс.
Бүгінгі сабақ сендерге ұнаса Я әріпін жасыл түске, мұғалімнің көмегі қажет болса, сары түспен бүгінгі сабақ ұнамаса қызыл түспен бояңдар.
Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Я я әрпі. жүктеу
2 483
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әңгіме оқимын. Сөз.
Әңгіме оқимын. Сөз.
Қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу.
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі. Мағынасы қарама - қарсы сөздер
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі. Мағынасы қарама - қарсы сөздер
Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру.
Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі
Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі
Ө дыбысына арналған сөздерге дыбыстық талдау: өрмекші, өрік, өткір.
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі
Әріпті таниды, ажыратады және оны дыбыспен сәйкестендіреді, сұрақтар қойып, қойылған сұрақтарға жауап береді, сөйлем құрастырады.
Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі
Саяхатты сипаттау. Ө дыбысы мен әрпі
Мұғалімнің көмегімен қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату. Мұғалімнің көмегімен қарама - қарсы мағыналы, мәндес, көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×