Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жатыс септік

10 қазан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Жатыс септік.
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға сұрақ беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу, жаңа сабақты меңгерту. Кімде? неде? кімдерде? нелерде? деген сұрақтарымен таныстыру. Жалғауларды сөздерге дұрыс жалғай білуге үйрету, жаттығулар орындау.
Танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше жұмыс жүргізу және ой қорытуға дағдыландыру, сөздік қорын молайту.
Сабақтың міндеттері:
- оқушылардың өз ойларын еркін айтуға мүмкіндік туғызу,
- білім деңгейін өсіру,
- сөздерге дұрыс сұрақ қоя білуді үйрету,
- жазу арқылы оқушының ой қорытып және оны қорғай білуін қол жеткізу,
Өз - өзіне баға бере білуіне тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар өз ойларын еркін айта алады, сөздерге дұрыс сұрақ қоя біледі, сөздерді септей алады.
Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер:
Сұрақ - жауап, топтық, жұптық, өзіндік, ұжымдық жұмыс,«Семантикалық карта» «Венн»диаграммасы «Ой қозғау».

I. Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық.
Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені.
Болашағым, бақытым, дара тілім.
1. Берілген суреттер арқылы топқа бөліну.
1топ «Қазақстан»
2 - топ «Бейбітшілік»
3 - топ «Тәуелсіздік»
4 - топ « Өрлеу»

ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау
Бәсекелік қабілет.
«Теңге алу» ойыны арқылы
Сұрақ - жауап алысу.
Сөз таптары неше топқа бөлінеді?
Зат есім дегеніміз не?
Зат есімнің септелуі?
Септеу түрлері?
Септіктерін атап бер.
- Атау септіктің сұрақтарын ата?
- Ілік септіктің сұрақтарын ата?
- Ілік септіктің жалғаулары
- Барыс септіктің сұрақтарын ата?
- Барыс септіктің сұрақтарын ата?
– Барыс септіктің жалғауларын
- Табыс септіктің сұрақтарын ата?
- Табыс септіктің жалғаулары
«Теңге алу» ойынында балалар дорба ішінен теңге алады, неше теңге алғанын айтып берілген сұраққа жауап береді.

ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау
Бәсекелік қабілет.
«Теңге алу» ойыны арқылы
«Теңге алу» ойынында балалар дорба ішінен теңге алады, неше теңге алғанын айтып берілген сұраққа жауап береді.
Сұрақ - жауап алысу.
Сөз таптары неше топқа бөлінеді?
Зат есім дегеніміз не?
Зат есімнің септелуі?
Септеу түрлері?
Септіктерін атап бер.
- Атау септіктің сұрақтарын ата?
- Ілік септіктің сұрақтарын ата?
- Ілік септіктің жалғаулары
- Барыс септіктің сұрақтарын ата?
- Барыс септіктің сұрақтарын ата?
– Барыс септіктің жалғауларын
- Табыс септіктің сұрақтарын ата?
- Табыс септіктің жалғаулары

ІІІ. Қызығушылықты ояту
Интербелсенді тақтадан гүлде қай септік жоқ екенін табу?

IV. Жаңа сабақ
«Прагматизм»
55 - жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін тап. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой. Олардың жалғауларын тап. Бұл сөздер қай септікте тұр?
«Ұлттық бірегейлікті сақтау»
56 - жаттығу. Мақалдарды оқып, жатқа жаз.
Жатыс септіктегі сөздердің астын сыз. Оларға сұрақ қой.
- Бірінші жаттығуда қарамен жазылған сөздер қандай сұраққа жауап беріп еді?
Қайда?
- Екінші жаттығуда қандай сұраққа жауап беріп еді?
- Неде? қайда?
- Ал, ендеше осы сұрақтар арқылы не айта аламыз.
Оқушылар ережені өздері шығарып алады.
Жатыс септіктегі зат есімдер кімде? неде? кімдерде? нелерде? қайда?
Деген сұрақтарға жауап береді.
Жатыс септігі атау септікке – да,- де,- та,- те, - нда,- нде жалғаулары жалғану арқылы жасалады, Бұл жалғауларды жатыс септік жатыс септік жалғаулары деп атайды.- нда,- нде жалғаулары зат есімнің тәуелді септеуінің ІІІ жағында қолданамыз.
Сергіту сәті

V. Өз біліміңді ортаға сал.
«Білімнің салтанат құруы»
57 - жаттығу. Мәтінді көшіріп жазу.
- Мәтінге ат қой.
- Жатыс септіктегі сөздер сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықта.
58 - жаттығу. Берілген септіктердің сұрақтары мен
Жалғауларын салыстыр. Бұларды бір - бірінен қалай айыруға болатыны жайлы қорытынды жаса
1. Б. с. кімге? неге? қайда? - қа,- ке,- ға,- ге,
2, Ж. с. кімде? неде? қайда?- да,- де,- та,- те,
«Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы»
Шығармашылық жұмыс
59 - жаттығу. Сөздерді оқы.
Өзен, жайлау, қыс, көген*, бесік,
*Осы сөздерге жатыс септік жалғауының тиістісін жалғап, әрқайсысымен сөйлем құрап жаз.
*Бұл сөздерге жатыс септік жалғауының әр түрлі жалғану себебін түсіндір.
*Кестені пайдаланып, бұл сөздердің жатыс септіктегі сөз екенін дәлелде.
Бұл – жатыс септіктегі сөз, өйткені ол кімде? неде? қайда?- сұрағына жауап беріп тұр ол сөйлемде тұрлаусыз мүше болып тұр

61 - жаттығу.
Қазақстан тобы: Сурет бойынша әңгіме құра
Тәуелсіздік тобы: Қыс туралы әңгіме құра
Бейбітшілік тобы: Аула, дәрі сөздерін септе
Өрлеу тобы: үйге, қыз, ағаш, қарлығаштың, үйдің, баланың, терезеге, далаға, партаны, дәрігерді, мектепте, өрісте.
Септіктермен сәйкестендіру

VI. Қорытынды.
«Таяу жылдардағы міндеттер»
Семантикалық картамен жұмыс.
Стикер арқылы рухани жаңғыруға өрлеуге білімді болуға келешекте өз ойларын жазады.

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,
"№10 жалпы білім беру орта мектебі" КММ
бастауыш сынып мұғалімі Калиева Гулара Ибрахимовна
Жатыс септік. жүктеу
21 169
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ілік септік
Ілік септік
Оқушыларға сұрақ беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу, жаңа сабақты меңгерту. Кімнің? Ненің? деген сұрақтарымен таныстыру. Жалғауларды сөздерге дұрыс жалғай білуге үйрету, жаттығулар орындау.
Жатыс септік
Жатыс септік
Зат есімнің септелуі туралы білімдерін нығайту. Жатыс септіктегі сөздердің қандай сұрақтарға жауап беретінімен және оның жалғауларымен таныстыру.
Көмектес септік
Көмектес септік
Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру, көмектес септіктің жасалуы туралы білім беру. Сөйлем ішінен көмектес септіктегі сөздерді сөз құрамына талдап, оларды өздері байланысатын сөздерімен теріп жазу арқылы олардың жалғауларын ажырата білу
Бастауыш сынып сабақ жоспарлары
Бастауыш сынып сабақ жоспарлары
Бастауыш сынып мұғалімі Кусикбаева Света
Жатыс септік
Жатыс септік
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кенті, №1 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі Самыратова Куанышкул Абдрахмановна
Септіктер
Септіктер
ШҚО. Семей қаласы. №11 орта мектеп Рахметова Құралай Болатбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×