Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


С. Сейфуллин Қызыл шұнақ

13 қазан 2018, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: С. Сейфуллин «Қызыл шұнақ»
Жалпы мақсаты:
- Оқушылардың Сәкен Сейфуллин туралы түсініктерін кеңейту. «Қызыл шұнақ» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Мәнерлеп оқуға үйрету.
- Сөздік қорын танымдылық қызығушылығын дамыту, шығармашылыққа баулу.
- Имандылыққа, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже:
- бейнелі сөздердің мәтінмен байланысын анықтап, ауыз екі тілде қолдана біледі;
- жұптық және топтық әрекетте белсенділік танытады, сыни тұрғыдан баға бере біледі;
- табиғаттың сұлулығын сезінеді, жауапкершілік сезімі нығаяды, Сәкен шығармаларын оқуға қызығушылығы артады.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, сөздік, сұрақ - жауап, кубизм
Дереккөздері: Сәкен суреті, қыс мезгілінің суреті, слайд. фишкалар, маркер, стикер
Пәнаралық байланыс; дүниетану, бейнелеу, музыка

I. Қызығушылықты
ояту 1. Ұйымдастырады
а). Психологиялық дайындық
Қазақ тілім - өз тілім, дана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дара тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым ана тілім.
ә). Топ ережесі
- Бүгінгі сабақта ұстаздың сөзін мұқият тыңдап, өз біліміңді ортаға салу, өзіңді және өзгені сыйлау, жаңа білімді меңгеруге құштарлық таныту өте қажет.
б). Бағалаумен таныстыру:
- Әрбір дұрыс толық жауапқа бүтін «Күн», толық емес жауапқа «бұлтты Күн» алып отырамыз, сабақ соңында сол бойынша бағалаймыз

2. Үй тапсырмасын тексеру
«Желтоқсан батыр» ертегіні қайталап келу.
«Мозаика» әдісі арқылы топқа бөле отырып бөлімді қайталау.
Сұрақтар:
I топ:
1. Табиғат дегеніміз не?
2. Бөлім кімнің, қандай шығармасымен басталған?
3. Шал мен кемпір балаларының қайсысының мінез - құлқы ұнады?
4. Саған қай кейіпкер ұнады?
5. Білетін жұмбағыңды жасыр
II топ:
1. Қандай ертегімен таныстық? Одан не үйрендік?
2Олар балаларының атын қалай атайды?
3. Кейіпкерлері арқылы ертегінің түрін ажырат. Өз ойыңды білдір
4. Мамыргүл қандай қыз екен?
5. Жаттаған мақал - мәтелдеріңді айт, мағынасын түсіндір
III топ:
1. Адам аттарын қалай атады?
2. Қандай ертегімен таныстық?
3. Туған жердің табиғатын көркейту үшін сен не істер едің?
4. Табиғатты зерттейтін ғылым саласын ата.
3. Жаңа білімді үйренуге дайындық.
а) Топтық жұмыс:«Кубизм» стратегиясы бойынша.
I топ: Суреттеңіз: Табиғат құбылыстары туралы айтыңыз.
II топ: Салыстырыңыз: Жыл мезгілдері туралы айтыңыз,
Ұқсастық пен даралық
III топ: Саралаңыз: Адамдар қай жыл мезгілін қалайды?
ә) ТСО арқылы сурет көрсету: «Жаз».
б) Сурет бойынша әңгіме құрау.
Сәкен Сейфуллин Қызыл шұнақ. жүктеу
1 795
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сын есім
Сын есім
Сын есім туралы берілген білімді кеңейту. Сын есімді табуға, оларға сұрақ қоюға, сын есімдермен байланысты сөздерді табуға үйрету. Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын дамыту.
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин. Ақсақ киік
Сәкен Сейфуллин (Сәдуақас) (1894 - 1938) Қазақтың көрнекті жазушысы, ақын, қоғам қайраткері.
Абайдың Қыс өлеңі
Абайдың Қыс өлеңі
Ақпарат көздерін тиімді пайдалану арқылы Абай Құнанбаевтың «Қыс» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу
Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)
Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ» (слайд)
Батыс Қазақстан облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Құлсары гуманитарлық - техникалық колледжі Бастауыш білім беру бөлімінің ІІІ (11) студенті: Батыр Нұрайым
Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ»
Сәкен Сейфуллин «Қызыл шұнақ»
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, ҚГТК студенті Батыр Нұрайым Садуахасқызы
Абай Құнанбаев «Жазғытұры» өлеңі
Абай Құнанбаев «Жазғытұры» өлеңі
Бастауыш сынып мұғалімі Парменова Маржан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×