Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Екі амалмен шығарылатын есеп

15 қазан 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ тақырыбы: Екі амалмен шығарылатын есеп.

Сабақ мақсаты: Екі амалмен шығарылатын есептің шығарылу тәсілін меңгерту.
Сабақ міндеттері:
Білімділік: Екі амалмен шығарылған есепті шығаруға төселдіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру, танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды саналылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ әдіс - тәсілдері: түсіндіру, ауызша есептеу, сұрақ – жауап, талдау, іздендіру, дәлелдеу, өз бетінше жұмыс, көрнекілік әдістері.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
Санамақ.
Бір дегенім – бесік,
Шықтық содан өсіп.
Екі дегенім – елім,
Далам, тауым, көлім.
Үш дегенім – үміт,
Үміт артар жігіт.
Төрт дегенім – төзім,
Төзе білем өзім.
Бес дегенім – бақыт,
Бағалайтын уақыт.

Оқулықпен жұмыс.
№1. Есептерді шығару. Салыстыру.
а)
Жүр еді – 12бала
Кетті - 2 ұл
Сырғанап жүр -? Бала
Шешуі: 12 – 2 = 10
Жауабы: 10 бала
ә)
Жүр еді - 10 бала
Келді – 5 қыз бала
Барлығы -? бала
Шешуі: 10+5 = 15
Жауабы: 15 бала
б)
Жур еді – 12
Кетті - 2 ұл
Келді - 5 қыз
Сырғанап жүр -? бала
Шешуі: (12 – 2) + 5= 15
Жауабы: 15 бала сырғанап жүр.

№2.
Сатып әкелді – 6 және 4 шөлмек сусын
Ішілді – 7 шөлмек сусын
Қалды -? шөлмек сусын

(6+4) – 7 = 3
Жауабы: 3 шөлмек сусын қалды

№3.
Өрнекті жазу және оның мәнін табу.
а – 2, мұндағы а = 32; 59; 11.
32 – 2= 30
59 – 2 = 57
11 – 2= 9

№4 Өрнекті оқу және оның мәнін табу.
(7+2) +40=49
79 – (6+3)=70
(6+3)+50=59
(5+4)+30=39
97 – (4+3)=90
86 – (2+4)=80

№5. Өрнектеп көрсету.
90 мин = 1 сағ 30 мин
1сағ 10 мин = 70 мин
100 мин = 1 сағ 40 мин
1сағ 20мин = 80 мин
1 тәул. 1 сағ = 25 сағ
1сағ 9мин = 69 мин

№6. Өз бетімен жұмыс.
11 – 2 = 9
9 + 2 = 11
21 – 2= 19
19 + 2 =21
31 – 2 =29
29 + 2= 31

Үйге тапсырма: №4 2, 3 – бағандар 69 - бет.
Қорытындылау. Сұрақ – жауап.
Бағалау.
5 615
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 - ден 20 - ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
1 - ден 20 - ға дейінгі сандар және олардың таңбалануы
Балалардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. 1 - ден 20 - ға дейінгі сандардың таңбалануын үйрету. Тиянақты жауап беруді талап ету.
Екі амалмен шығарылатын есептер
Екі амалмен шығарылатын есептер
Екі амалмен шығарылатын есеппен және оны шығарудың жолымен алғаш таныстыру, осындай есептің мәнді белгісін тағайындау. 2 - ні қосу және азайтудың кестелік жағдайларын екі амалдан тұратын өрнектермен, теңдеулермен, есептеулермен байланысты әр алуан
Көңілді математика
Көңілді математика
Бір дегенім – бесік. Шықтық содан өсім. Екі дегенім – елім. Далам, тауым, көгім. Үш дегенім – үміт. Үміт артар жігіт. Төрт дегенім – төзім. Төзе білем өзім.
Санамақ. Бірге жаттайық!
Санамақ. Бірге жаттайық!
1 дегенім – бөрік. Кисең басқа көрік. 2 дегенім – етік. Киер сәнді етіп.
7 саны мен цифры
7 саны мен цифры
Ақтөбе қаласы, №1 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Таласбаева Айдана Сержанқызы
2 санын қосу және азайту
2 санын қосу және азайту
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің бастауыш калсс мұғалімі Сембі Кенжегүл Бақытқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×