Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


О дыбысы және әрпі

15 қазан 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ашық сабақ
Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: О дыбысы және әрпі
Сабақтың мақсаты: 1. Балаларды О әрпімен таныстыру.
а) Білімділік: Құрамында О дыбысы бар сөздерді талдау. О дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын, әрпін таныту. О дыбысы бар сөз, сөйлем ойлату.
ә) Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін дамыту.
б) Тәрбиелік мақсаты: Еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: мазмұнды сурет, қима әріптер, сызба - кесте
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, жұмбақ.

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастырушылық кезеңі
Балалардың назарын сабаққа аудару (Өткен сабақты пысықтау).
- Балалар, барлығымыз бір - бірімізге жақсы тілектер айтайық:
- Аспанымыз ашық болсын,
- Еліміз аман болсын,
- Деніміз сау болсын,
- Ақшамыз көп болсын!

II. Өткен сабақты пысықтау
Өткен сабақта өткен дыбыстарды қайталау
А) А дыбысы – дауысты
Б) Т дыбысы – дауыссыз
Г) Дауысты дыбыстар қандай белгімен белгіленеді.
Д) Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады.
Е) А дыбысынан басталатын сөздер айтқызу.
Ж) Т дыбысынан басталатын сөздер ойлап табу.

III. Сергіту сәті
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

IV. Жаңа сабақ
Балалар, бүгін біз «Әріптер бағына» саяхатқа шығалық.
«Әріптер бағына» біз «Білім» көлігімен шығайық.

I. Жолда бізге қасқыр кездесті.
Ол бізге мына сұрақтарға жауап бермесек, жібермейтінін айтты.
- Сұрақтарға жауап бере аласың ба?
1. Біздің еліміз қалай аталады?
Қазақстан
2. Біздің рәміздеріміз?
Ту, елтаңба, әнұран.
3. Туымыздың түсі қандай?
4. Елтаңбада не бейнеленген?
5. Біздің президентіміздің аты кім?
6. Санамақтар айтқызу.

II. Қасқырдан құтылып, енді жақындағанда түлкі кездесті.
Ол жаңа сабақта өтетін әріпті тану үшін бізге бірнеше суреттер көрсетті.
Осы сөздерде бірінші қандай дыбыс айтылып тұр?
О дыбысы қалай айтылып тұр? Дауысты
Осы дыбыстан басталатын сөздер ойлап табу.
Буынға бөліп айтқызу.
Осы сөздерден сөйлем құрау.
Отан деген сөзге сөйлем құрау.
Отан туралы тақпақ айтқызу.
Отан деген – атамекен,
Отан деген – туған жер.
Отан ана
Отан – үлкен
Қазақстан туған ел
- Сонымен әріптер бағымен қош айтысып, саяхаттан аман - есен өз мекенімізге оралдық.

V. Бекіту: Әліппе - дәптермен жұмыс.
VI. Қорытындылау:
Балалар сабаққа жақсы қатысқандарың үшін Алдар көсе атамыз сендерге мынадай сыйлықтар беріп жіберді.
Балаларға ою мен бес жұлдыз беру.

«Жезкент кентінің мектеп - лицейі» КММ
Мектеп алды даярлық сыныбының жетекшісі: Беркимбаева А. З
О дыбысы және әрпі. жүктеу
1 909
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
П дыбысы мен әрпі
П дыбысы мен әрпі
П п дыбысы мен әрпін таныстыру. П дыбысы дауыссыз дыбыс екенін ұғындыру
О дыбысы мен әрпі
О дыбысы мен әрпі
О әрпімен оқушыларды таныстыру. Құрамында О дыбысы бар сөздерді талдау. О дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын – әрпін таныту. О дыбысы бар сөз, сөйлем ойлату.
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар
Күнтізбелік - тақырыптық жоспар Сауат ашу (48 сағат)
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы және әрпі
Л дыбысы мен әрпімен таныстыру. Өтілген дыбыстарды қайталау. Дауысты, дауыссыз дыбыстардың ерекшеліктерін еске түсіру. Буын туралы түсініктерін кеңейту, қол қимылын жаттықтыру.
Қ дыбысымен таныстыру
Қ дыбысымен таныстыру
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, №1 Теректі орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Жакитова Н.К.
С дыбысы және әрпі
С дыбысы және әрпі
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің мектепалды даярлық тәрбиешісі Қошимова Айгүл Сарсенбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×