Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Айбатыр Сейтақ «Қазақстан таулары»

16 қазан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Айбатыр Сейтақ «Қазақстан таулары»
Сабақтың мақсаты: Ел, жер тау – тасын білу арқылы әсемдікті түсіндіру.
Білімділігі: Іздену, талдау, білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік жасау отырып, мәнерлеп оқуға, жазуға дағдыландыру.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелігі: Отан сүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу, эстетикалық, экологиялық көзқарасын қалыптастыру.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Әдіс – тәсілі: топтық, түсіндіру, сұрақ – жауап
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының физикалық картасы, интерактивті тақта, тау туралы әндерден үзінді
Пәнаралық байланыс: дүниетану, музыка

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Тыңдаңыздар қыздар!
Тыңдаңыздар ұлдар!
Қолымызды созайық,
Алақанды ашайық
Қанекей кім «5» алудан қашпаймыз
Ендеше үй тапсырмасына жауап беруді бастаймыз.

Оқушыларды тау биіктігіне қарай бағалау әдісімен таныстыру. Бекет, Белес, Асу, Шың.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Сәбит Мұқанов «Есіл» шығармасын мазмұндау. 4 топтан төрт оқушы шығып мазмұндайды.
І топ - Шілдеде Есіл өлкесінің желі баяу еседі........
ІІ топ - Желге, күнге көрінбей, жасыл шалғынның........
ІІІ топ – Тоғай да бұл кезде кемеліне келіп, толықсып тұрады.....
ІҮ топ – Бұл кезде Есіл сабасына сарқылып, ағар арнасымен моп – момақан болып жылжиды да жатады......
«Сәйкестендіру» Есіл өзенінің өсімдіктері мен құстарын сипатына қарай сәйкестендіру.

Үй тапсырмасын қорыту сұрақтары.
1. С. Мұқанов кім, қай жерде дүниеге келген?
- Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы қазіргі С. Мұқанов ауылында дүниеге келген.
2. Есіл тақырыбында жылдың қай мезгілі суреттелген?
- Жаз мезгілі
3. Жазушы Есіл өзенінің көркемдігін қалай суреттеген?
4. С. Мұқановтың қандай шығармалары бар?
- «Сұлушаш», «Адасқандар», «Өмір мектебі», «Аққан жұлдыз».

ІІІ. Жаңа сабақ
Ой қозғау
Нұрғали Нүсіпжановтың «Алатау» өлеңін тыңдатып оқушылардан ән не жайында екенін сұрау. Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
- Оқушылар
He сыйласын, несін берсін ел маған?!
Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман.
Таулар - менің таусылмайтын бақытым,
Ал ырысым - ұланғайыр кең далам, - деп ақиық ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың өлең жолдарымен бастағалы отырмын. Себебі бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да біздің еліміз – жерімізге көрік беріп тұрған таулар жайында болмақ. Айбатыр Сейтақ «Қазақстан таулары». (оқушылар дәптерлеріне сабақ тақырыбын жазады)

Автор туралы мәлімет беру. (интерактивті тақтадан көрсетіледі)
Айбатыр Самиғоллаұлы Сейтақ 1966 жылы 28 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Бөкей ордасы ауданы, Орда ауылында дүниеге келді. 1989 – 1997 жылдары Орал және Қостанай облыстық телерадиокомпанияларында теледидар редакторы болып жұмыс істеген. «Сарыарқа» журналы бас редакторының орынбасары, «Жас Алаш» газетінің Астана қаласындағы меншікті тілшісі, «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісі қызметтерін атқарған.

Өткізген: Есмұханова Т. Д
Айбатыр Сейтақ «Қазақстан таулары». жүктеу
4 338
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған өлкем
Туған өлкем
Білімділік мақсаты: оқушыларға өлеңді дауыстап, тісініп, мәнерлеп оқыту арқылы оқу дағдысын қалыптастыру.
Таулар
Таулар
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай кенті,№3 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қаршығаева Нұргүл Базарғалиқызы
Өрнектер а + 1, а + 8, а – 1, а – 8
Өрнектер а + 1, а + 8, а – 1, а – 8
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Шамаханова Гүлфира Нұрсұлтанқызы
Қазақстан - Республикам менің
Қазақстан - Республикам менің
ШҚО, Аягөз қаласы, № 3 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш класс мұғалімі Нысанбаева Венера Кошербаевна
Егіншілік пен мал шаруашылығы
Егіншілік пен мал шаруашылығы
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Жаңа Өмір ауылы, Шаған жалпы орта білім беретін мектебі Коррекциялық /түзете дамыта оқыту /сыныбы мұғалімі Белхаирова Асемгул Мустахимовна Білімділігі: Білімділік. Қазақстан ауыл шаруашылығының басты салалары-
Қазақтардың халық болып қалыптасуының аяқталуы
Қазақтардың халық болып қалыптасуының аяқталуы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,Төретам кенті, № 80 мектеп-гимназияның тарих пәні мұғалімі Әбдіреева Жадыра Сабақтың мақсаты: А)Оқушыларға қазақ халқының этностық дамуын түсіндіру. Ә) Оқушыларды Отан сүйгіштікке, патриоттық сезімге баулуға
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×