Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


О дыбысы мен әрпі

16 қазан 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: О дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
1. О әрпімен оқушыларды таныстыру. Құрамында О дыбысы бар сөздерді талдау. О дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын – әрпін таныту. О дыбысы бар сөз, сөйлем ойлату.
2. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Еңбекке, адамгершілікке тәрбиелеу
Әдісі: сұрақ – жауап, жұмбақ, қайталау.
Көрнекілік: әліппе, мазмұнды сурет, қима әріптер, сызба – кесте.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың барысы:
1. Жаңа сабақ.
- Балалар, бүгін біз «Әріптер бағына» саяхатқа шығамыз.
- «әріптер бағына» қандай көлікпен барсақ екен?
- Ал, балалар, ол баққа мен «Білім» көлігімен барғым келіп отыр.
- Ал сендер осы көлікке отыруға дайынсыңдар ма?
- Онда қарап отырмайық.
- Ал, балалар, ойнайық.
Ойнайық та ойнайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.

1. «Оюда» бармын,
«Допта» бармын,
«Түнде» жоқпын.
Мен сонда қандай дыбыспын? (О)
«О» дыбысын 3 рет хормен қайталап айтқызу.
Осы дыбыспен сөздер ойлау.
- «О» қандай дыбыс?
- Ол сөздің қандай буындарында кездеседі?
- Кім осы дыбыспен мақал келтіреді?
Сергіту сәті:
Оң қолымда – бес саусақ,
Сол қолымда – бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Бесті беске қосамыз
Кел, санайық ал мұны,
Нешеу болды барлығы?
Оң қолымда – бес саусақ,
Сол қолымда – бес саусақ.
Жасырып ем бесеуін,
Қалды мұнда нешеуі?
Бесеу екен қалдығы.
Нешеу болды барлығы?
- О дыбысы кездесетін сөздер барма?
- Балалар, алдымыздан қасқыр шықты. Ол біздің қайда баратынымызды сұрады. Жауапты орындауға оқулықтағы үзік сызықтарға қосуымыз керек.
- Одан әрі жүріп келе жатқанымызда алдымыздан түлкі шықты.
- Егер оқулықтың осы бетіндегі «Ою» сөзімен үлгі бойынша сөйлем құрасаңдар, бақты өзім көрсетіп беремін, - деді ол қулана.
- Баққа жақындаған қарауылдың арпылдап иті шықты. Ол буындарды толықтырып оқып беруді бұйырды.
Ойын «Күн мен Түн». «Білім» көлігімен баққа келеді. Олар:
- Балалар, қалай оқи алады екен, көрейік, - деп мына сөздерді оқуға берді.
- Балалар сөздерді оқып, олармен сөйлем құрайды. Енді оларға балалар басқа да өнерлерін көрсетпек болды.
1. Қошақан әні
2. Қамажай биі
3. Тақпақ, жұмбақтар айтылып ішіне «О» дыбысы табылып, сөздер буынға бөлінеді. «О» әрпін келтіре отырып «Отан» тақырыбы төңірегінде әңгімелесу. Балалар Отанын сүйетіндігін айтты. Оны мына өлең шумағымен пысықтай түсті.
Отанды әркім анасындай,
Қастерлейді, қолдайды,
Өйткені Отан баласындай,
Бізді асырап қорғайды,
Отан деген – атамекен.
Отан деген – туған жер.
Отан – ана, Отан – пана,
Қазақстан – туған ел.
- Сонымен, әріптер бағымен қош айтысып, саяхаттан аман есен өз мекенімізге оралдық.

2. Қорыту.
Алдар көсе сыныпқа келеді. Оның қоржынында бір тапсырма бар. Ол балалардың сабақты қаншалықты меңгергендерін білу үшін, О әрпімен сөздер құрастырғызады.
- Енді балалар, Алдар көсе өз ауылына аттанады. Ол сендерге сабаққа жақсы қатысқандарың мына сыйлықтарды тапсырады.
3. Үйге тапсырма.
«Отан» тақырыбына сурет салып келу.
1 222
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
О дыбысы және әрпі
О дыбысы және әрпі
Құрамында О дыбысы бар сөздерді талдау. О дыбысын дұрыс дыбыстатып, оның таңбасын, әрпін таныту. О дыбысы бар сөз, сөйлем ойлату. ә) Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілетін дамыту.
О дыбысы мен әріпі
О дыбысы мен әріпі
Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру
М дыбысы мен әрпі
М дыбысы мен әрпі
М дыбысымен таныстыру. М дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге, сөздерді буынға бөлуге, есту арқылы сөз арасынан табуға үйрету. 2. Балаларға М дыбысы ба
Г дыбысы мен әрпі
Г дыбысы мен әрпі
Семей қаласы, Қ. Рысқұлбеков атындағы №33 орта мектеп Карменбаева Шолпан Нурхасимовна
Ө дыбысы мен әрпі
Ө дыбысы мен әрпі
Қызылорда облысы, Әйтеке би кенті, №17 Ғани Мұратбаев атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ділекеш Сәуле Жеткергенқызы
Ю дыбысы мен әрпі
Ю дыбысы мен әрпі
Жезқазған қаласындағы № 10 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ершаева Калдыгуль Танатаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×