Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Таныстырған 42 әріппен Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

20 қазан 2018, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әліппемен қоштасу ертеңгілігі
Тақырыбы: Таныстырған 42 әріппен
Қош бол, менің қасиетті Әліппем!
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы қабілеттерін көрсету, шығармашылығын дамыту. Жаңа оқулықпен таныстыру, қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ата - ана, Отан, ел алдындағы борышын сезінуге, елін сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілік: Әліппе, Ана тілі, Математика макеттері, нақыл сөздер, шарлар, әріптер таңбалары мен цифрлар т. б., слайд
Музыка ойнап тұрады. Сахнаға хан мен оның кішкене қызы шығады.
Уа, халайық! Армысың,
Ағайын туған, бармысың
Жарлығымды тыңдаңдар,
Босқа қарап қалмаңдар
Мен сендерге сенемін
Қызымды мектепке апарғанға
Ат басындай алтын беремін
Қызы: Жоқ, әке
Бұл не дегенің?
Оқымай - ақ мен бәрін білемін
Сабақ, оқу, әріп, жазу
Дәптер, кітап – ол не керек?
Ол не беред?
Мен сұлумын, ханшамын
Тәтті қыздың бірімін
Оқуыңа өзің бар,
Керек емес білімің
Тазша бала: Уа, тақсыр, армысыз,
Ханшайымда бармысыз,
Жақсы хабарым бар, 1 «а» сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлап жатыр, соны көріп ханшаның пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.
Хан: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр, түс алға!

Оқушы: Армысыздар аяулы ұстаздар, құрметті ата – аналар бүгінгі 1 «а» сынып оқушыларының: Таныстырған 42 әріппен, Қош бол, менің қасиетті Әліппем! атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.
Оқушы:
Нұржан: Кешегі сәби балаңыз,
Жарады міне қараңыз.
Ғылым, білім жолына
Енді қайық саламыз.
Радомир:. Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Хош келіпсіз ұстаздар, ата – аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.

Ұлдар, ұлдар тоқтаңдар! Құр мақтан сөзбен ешкімді сендіре алмаймыз. Одан да мына қонақтарға өз өнерімізді көрсетуге асығайық.
Хан мен оның қызы келеді: Уа, халайық осында 1 «а» сыныбының әліппемен қоштасу кеші болып жатыр деп естіп едім сол рас па? Осы кешке арнайы қызымды алып келдім бір көмегі тиер деп. Егер қызыма осы 1 «а» сыныбы ұнаса осында оқуға қалдырамын.
Оқушы: Йа, атай сіз шатаспай келдіңіз қош келдіңіз біздің кешімізге, төрлетіңіз.
Ендеше біздің оқушыларымыздың өнерін тамашалаңыз!
Ортаға қара жорға биімен бүлдіршіндерімізді қарсы алыңыздар.
Оқушы: Айтыңдаршы,
Іші толған әріпке
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: Ол – әліппе.
Мұғалім: Ендеше, бүгінгі кешіміздің басты қонағы әліппені ортаға шықырайық.
Әліппе... Әліппе...... Әліппе

Дайындаған: Хамитова Мөлдір Нұржанқызы
Таныстырған 42 әріппен Қош бол, менің қасиетті Әліппем! жүктеу
1 917
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош бол, сүйікті Әліппем
Қош бол, сүйікті Әліппем
Ата - аналарға баланың 4 айда қандай білім игергенін іс - жүзінде көрсету. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға ана - тілін сүйіп қастерлеуге тәбиелеу
Қош бол, құтты әліппем!
Қош бол, құтты әліппем!
Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданы, Қ. Сәтбаев атындағы ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі: Кожагалиева Айнур Набигалиевна
Қош бол, құтты Әліппем!
Қош бол, құтты Әліппем!
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №15 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Салтенова Нұргүл Сақтағанқызы
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Қош бол, сүйікті Әліппем!
Қарағанды облысы, Сатпаев қаласындағы №5 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймұханова Бақыткүл Издібайқызы
Қош бол, Әліппе! (ертеңгілік)
Қош бол, Әліппе! (ертеңгілік)
ШҚО. Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі Аязбекова Дария Сериковна
Әліппемен қоштасу
Әліппемен қоштасу
Семей қаласы, Қ. Рысқұлбеков атындағы № 33 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Б.Н. Ажмагамбетова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×