Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жай және құрмалас сөйлем. 31 - 36 жаттығу

20 қазан 2018, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
4 сынып
Сабақ тақырыбы: Жай және құрмалас сөйлем. 31 - 36 жаттығу
Пәні: Қазақ тілі
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) Оқушылардың сөйлем туралы алған білім - білік дағдыларын кеңейту. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем туралы түсінік беріп, олардың айырмашылықтарын ұғындыру.
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Жаңа білімді түсінеді, топта жоба жасайды, қорғайды және бағалайды
Оқушылардың басым бөлігі: Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемді ажырата алады.
Кейбір оқушылар: Жай сөйлемді құрмалас сөйлемге айналдырады.
Ойлау деңгейінің дағдылары: Білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау.
Бағалау критерийлері Мадақтау; екі жұлдыз, бір тілек; Өзара бағалау, смайлик, бармақпен, от шашумен бағалау.
Тілдік мақсат: Жай және құрмалас сөйлемдерді анықтау.
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу
Құндылақтарға баулу: Оқушыларды бір - біріне құрмет көрсетуге тәрбелеу.
Алдыңғы оқу: Сөз тіркесі туралы түсінік бар.

Басталуы
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Психалогиялық ахуал
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.

Шаңырақ түстеріне қарай топтасады.
Шаңырақ болып тұрып, түстер арқылы 4 топқа бөлінеді.
Топ басшысын сайлау.
Топ ережесін айту.

II. Үй тапсырмасын сұрау
29 - жаттығу. «Бәйге» тақырыбына әңгіме құрау. Алдын - ала үй жұмысын жинап, тақтадағы сөздер кассасына ілу.
2 оқушыға оқыту. Бағалау: «Бармақпен бағалау»әдісі

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі.
Жұмбақ жасыру.
Ойды аяқтап қорытады,
Соңында доп тұрады. « Сөйлем»
Ой қозғау. Ашық сұрақтар беру.
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
Слайдтан кесте көрсету. «Сөйлем»

«Кім тапқыр» ойыны
Себеттің ішіне жеміс – жидектерді салып, оны
2 ыдысқа салып ажырату.

Оқулықпен жұмыс. 31 - жаттығу. Ауызша
Бағанның екі жағындағы сөйлемдерді оқып салыстыру.
Балалар, енді өздерің осыдан ереже құрастырып көріңдерші?.
Ережені көрсету. Оқу.

Бір ғана ойды білдіретін дара сөйлем жай сөйлем деп аталады. Мысалы: Үсен жарысқа шықты
Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем құрмалас сөйлем деп аталады.
Мысалы: Қайрат кіп - кішкентай болғанымен, үлкендердің сөзін екі айтқызбай орындайды

32 - жаттығу. Білгішбек пен Негештің диалогын тыңдату.
Топпен жұмыс
Ы. Алтынсариннің «Надандық» атты әңгімесінен үзінді.

1 - топ Бірінші жай сөйлемді табады
2 - топ Екінші жай сөйлемді табады.
3 - топ Үшінші жай сөйлемді табады.
4 - топ Құрмалас сөйлемді табады.
- Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады?
Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Күрделі ойды білдіру үшін құрмалас сөйлемдер қолданылады. Жай сөйлем қанша жайылма болғанымен, күрделі ойды жеткізе айтып, ұғымды етіп беруге жарай бермейді. Сондықтан ауызекі сөйлеуде де, көркем әдебиетте де құрмалас сөйлем көп қолданылады. Құрмалас сөйлемде көбінесе үтір қойылады.

34 - жаттығу
- Мұғалімнің оқуы
- Тізбектей оқыту
- Ыстық орындық әдісімен оқыту.
Бағалау: «От шашу» әдісі.
- Талдау
- Ашық сұрақтар қою
- Өлең неше шумақ
- Неше қатар, неше құрмалас сөйлем бар?

Жеке жұмыс.
«Оқы, жатта, жап, жаз»әдісі бойынша жаттығуды орындайды.
1 шумағын жатқа жазады.
Сағат тілімен ауысу арқылы бір - бірін тексереді.
Бір - біріне смайликтер жапсырады. Қайтадан сағат тілімен орнына отырады. Бағалау: « Өзара бағалау» әдісі

Сергіту сәті
Осы өлеңді қимыл - қозғалыстары арқылы көрсетеді.

35 - жаттығу. Логикалық тапсырма. Ребус шешу.
Қыс түсті. Фонетикалық талдау
Қар жауды. Морфологиялық талдау.
Қыс түсті де, қар жауды. Синтаксистік талдау.
Тақтаға 3 оқушыны шығарып талдау жұмыстарын беру.
Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек»
36 - жаттығу. Жұптық жұмыс.»Жалғасын тап» ойыны.
Бұл жаттығуды «Буриме» әдісі арқылы орындау.
«Аралас, топтас, ой - бөліс» әдісі бойынша ортаға келеді, топтасады, ой бөліседі. Ішіндегі үздігі тақтаға сөйлемін іледі.
1, 2, 3 жұптар. Бағалау: «Бармақпен бағалау»әдісі

Мұғалімнің есімі: Серимбетова Гаухар
Жай және құрмалас сөйлем. 31 - 36 жаттығу. жүктеу
7 121
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Құрмалас сөйлем. (қайталау сабақ)
Құрмалас сөйлем. (қайталау сабақ)
Сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру; құрмалас сөйлем туралы түсініктерін қалыптастыру; Құрмалас сөйлемдерді сауатты жаза білу қабілеттерін дамыту; шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем
Құрмалас сөйлем. Екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіреді.
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем
Себеп - салдар салалас құрмалас сөйлем Өзіндік оқу арқылы салалас құрмалас сөйлемдердің, ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем, оның жасалу жолдары туралы түсінік қалыптастыруы тиіс, тілдік талдау жасауға үйренеді.
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем
Ақтау қаласы, №10 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Тастанбекова М. К.
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Сабақтас құрмалас сөйлем. Шартты бағыныңқы сабақтас
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тусупова Торғын Бекенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×