Қазақстанның
білім беру порталы.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

24 қазан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Cабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сабақтың мақсаты: а) Сөйлемнің бірыңғай мүшелері жайында жан - жақты толық мағлұмат беру;
ә) сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру;
б) өз пікірін айтуға төселдіру, танымын кеңейту, ойлау қабілетін арттыру.
Әдісі: түсіндірмелі - мысалды әдіс.
Сабақтың түрі: жаңа білімді хабарлау сабағы
Көрнекілік:, кеспе қағаздар, сурет.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сөйлемнің қандай мүшелері болады екен?
Сөйлемнің дара мүшесі неше сөзден жасалады? Күрделі мүше деген не? Көркем жазу.

III. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері.
Айымда кітап, дәптер, қалам, қарындаш, сызғыш бар деген сөйлем құрастырылады. Бұл сөйлемнің ішінде 5 сөз бірдей сұраққа жауап береді. Не? сұрағына жауап беріп, бастауыш болып тұр. Бұлардың сұрағы бірдей болғандықтан олардың сыртқы тұлғалары да, бірдей болып келеді.
Біз орманды, көлді, өзенді қорғаймыз. (Сөйлемде сөздер бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір мүшесімен байланысып тұр.)
Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беріп, бірдей тұлғада тұратын сөйлем мүшелерін бірыңғай мүшелер дейміз. Бірыңғай мүшелер сөйлемдегі бір мүшемен ғана байланысады: 1. Орманда қайың, тал, терек, үйеңкі өседі. 2. Жылыжайда ақ, көк, қызыл, сары гүлдер өсірілуде. 3. Ақ қайың, құба тал, көк теректер өседі..

IV. Оқулықпен жұмыс. 41 - жаттығу. Ауызша. Сөйлемнен бірыңғай мүшені табу. 42 - жаттығу. Көшіріп жазу. 44 - жаттығу. Ауызша.
45 - жаттығу. Өз бетімен жұмыс.

V. Сергіту сәті. 1. ЕҚАШНА ӨКІТРІАТЙПА.
2. БІЛМЕНІҢГЕДІ - БІЛНЕНГЕН СРҰА " Бір әріптің ізімен” ойыны. Ооо Ттт Ббб Жжж Ддд Ойынның шарты: Сөйлем құрамындағы сөздер тек қана бірдей әріптен басталатын болуы керек. Сөйлем құрамында нақты сұрақтарға жауап беріп тұрған сөздер, сөйлемнің қандай мүшесі екенін анықтайды. Сөйлемді бір оқушы құраса, екінші оқушы талдау жасайды.
Мыс: Орман отқа оранды. Дәурен допты домалатты. Салтанат сиыр сауды.
Тарас тракторды тоқтатты. Балықшының баласы бақырды.
Жамбыл Жабаев жазушы. «Жұмбақты математика»
Картоп, сәбіз, қызылша, қызанақ қосылғыштар. Қосында не болады? Көкөністер болады.
Қосындысында мектеп сыныбы. Қосылғыштарды тап.
Орындық, үстел, шкаф, диван қосылғыштар. Қосындысында үй жиһаздары.
Бірыңғай сөйлем мүшелерді айтқызу.

VI. Сабақты бекіту. Тест. Дұрыс па, бұрыс па?
1. Сөйлем мүшесі дегеніміз – сөйлем құрамында нақты сұраққа жауап беретін мағыналы сөз.
2. Жеке сөзден жасалған сөйлем мүшесі сөйлемнің күрделі мүшесі деп аталады.
3. Бастауыш - сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.
4. Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады.
5. Екі немесе одан да көп сөзден жасалған сөйлем мүшесі дара мүше деп аталады.
6. Жайылма сөйлем бастауыш пен баяндауыштан тұрады.
7. Сөйлемде бір ғана сұраққа жауап беретін сөйлем мүшелерін бірыңғай мүшелер дейді.

VII. Сабақты қорытындылау. Өзіндік жұмыс кітабымен жұмыс жасау.
Бүгінгі сабақта нені білдіңдер? Нені үйрендіңдер?
Сөйлемнің бірыңғай мүшесі деген не? Олар бір - бірімен қалай байланысады? Мысал келтір.
YIII. Үйге: ережені жаттап келу, 43 - жаттығу. 55 - бет.
878
0
  • 0
0 дауыс
Оқи отырыңыз
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері жайында жан - жақты толық мағлұмат беру; ә) сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, эстетикалық тәрбие беру; б) өз пікірін айтуға төселдіру, танымын кеңейту, ойлау қабілетін арттыру.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері (күнделікті сабақ жоспарлары)
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері (күнделікті сабақ жоспарлары)
Бірыңғай мүшелер жалғаусыз да, жалғаулықтар арқылы да (мен, да, және, әрі, я, не, немесе) байланысады. мысалы: Арба да, дөңгелектер де, адамдар да қызғылт шаңның ішінде. Жалғаулық шылаулар қайталанбай бір – ақ рет келсе, арасына үтір қойылмайды.
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлем, сөйлем мүшелері, олардың дара және күрделі түрлері туралы білімдерін нығайта отырып, оларды сөйлем ішінен дара және күрделі сөйлем мүшелерін табу арқылы сұрақ қоюға үйрету.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
ШҚО, Үржар ауылы, «М. Горький атындағы орта мектебі» КММ - сі Бастауыш сынып мұғалімі Досанова Алмагүл Болатқанқызы
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы №5 ОМ Бастауыш сынып мұғалімі Жаркинбаева А. Г.
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Тайынша қаласы, № 5 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі: Исбулатова Л. Қ.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.