Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан». «Қайраттың жазу дәптерінен»

31 қазан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан», «Қайраттың жазу дәптерінен»
Сабақтың мақсаты:
білімділік: тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары туралы мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін тереңдету, жаңа білім мазмұнын меңгерту.
тәрбиелік: оқушыларды елді жаудан қорғаған, елі үшін ерлік көрсеткен азаматтарды құрметтеуге, туған жерін сүюге, Отан үшін отқа түсетін елжанды, ұлтын сүйетін, елінің болашағына, өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосатын ел азаматы болуға тәрбиелеу.
дамытушылық: оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру, тіл байлығын дамыту, өзіндік ой - пікірін айта білуіне баулу, сөздік қорын молайту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ - жауап, баяндау, сөздік, практикалық, талдау - жинақтау, мадақтау, көрнекілік
Көрнекілігі: автор суреті, желтоқсан құрбандарының суреті, сөзжұмбақ, журналдар, Қ. Рысқұлбеков тралы кітап, слайд.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық дайындық
Ризамын бүгінге
Ризамын ертеңге
Ризамын, ризамын
Ризамын бүгінге

2. Оқушылар топқа бөлінеді.
- Оқушыларды топқа бөлу. Оқушыларға топтың аты жазылған қағаз қиындылары беріледі. Қағаз қиындыларын құру арқылы топтың атын құрап шығады.
1 – топ: Тәуелсіз
2 – топ: Егемен
3 – топ: Азат

ІІ. Өткенді пысықтау
- 2, 3 оқушыдан мәтіннің мазмұны сұралады.
- Оқушылар біз өткен сабағымызда қандай шығармамен таныстық?
- Мәдіхат Төрежанов деген кім?
- Қай қалада дүниеге келген? Қандай білім алған?
- Мәдіхат Төрежановтың қандай жинақтары жарық көрді?
-«Өз ізі» шығармасында не туралы айтылады?
- Шығарма қай мезгілде жазылған?
- Шығармада ақын қандай тілек айтады?
- Өз ізін қалдыру дегенді қалай түсінеміз?

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық
«Миға шабуыл»
Сөзжұмбақ шешу:
Сөзжұмбақтың сұрақтары:
1. Рәміз
2. Қазақтың ханы
3. Жыл басы
4. Киелі сан
5. Бұрынғы астана
6. Ресей халқы
7. Алып жануар
8. Қасиетті ай
9. Мұз айдыны
10. Жыртқыш құс
11. Қазақстан қаласы

- Оқушылар ерекше жолдан қандай сөз шықты?
- Тәуелсіздік
- Дұрыс айтасыңдыр.
- Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?
- Еркін, бостандық, өз бетінше.
- Қандай мереке келе жатыр?
- 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
- Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?
- 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялады.
- Оқушылар ҚР - на тәуелсіздік оңай келген жоқ. Тәуелсіздік жолында қызғалдақтай ұл - қыздарымыз құрбан болды. Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Спатаев. Ұл - қыздарымыздың жастайынан өмір тәлкегіне қалай түскені туралы бейнежазбаны көрейік. (бейнежазба)

ІV. Жаңа сабақ
Тәуелсіздікке орай аға - апаларымыз көптеген өлең - жырларын мұра етіп қалдырып кетті. Солардың бірі Тұманбай Молдағалиевтың «Он алтыншы желтоқсан» өлеңі. Алдымен Тұманбай Молдағалиев өмірімен таныстырамын.

Тұманбай Молдағалиев – 1935 жылы Алматы облысында дүниеге келген.
1956 жылы – Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. «Кәмила», «Көктем таңы», «Алатау қызы»,- атты жинақтары жарық көрген. 2011 жылы 10 қазанда дүниеден өткен.

Кітаппен жұмыс
«Он алтыншы желтоқсан» өлеңін оқып, түсіндіріледі.

Дәптермен жұмыс
Сөздік жұмысы:
Тәуелсіздік – еркіндік
Ерекше – дара, бөлек.
Мәңгілік – өмір бойы
Жадымызда – есімізде
Балалар, 16 желтоқсан, ерекше күн екен, енді сол күннің тарихына тоқталайық. Балалар, 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні. Яғни, 1986 жылдың 16 - 17 желтоқсан күнідері қазақ жастары өз пікірлерін жоғарыда басқарып отырған ағаларға білдіру үшін «Өз елін, өз көсемі басқарсын» деген ұранмен Республика алаңына шеруге шыққан болатын. Бірақ, бейбіт тілекпен шыққан жастарды аяусыз сабаған, тіпті кейбіреулерін өлтірген. Енді осы желтоқсан оқиғасына қатысқан батыр аға – апаларымызбен танысайық.
Желтоқсан оқиғасы кезінде жазықсыз жала жабылып, осы оқиғаның құрбаны болған аға - апаларымызды есімізде сақтайық: Олар: Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Лаззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова. Міне, балалар, біз осындай аға - апаларымыздың арқасында 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіз ел атандық. Биыл тәуелсіздігімізге 25 жыл.
«Қайраттың жазу дәптерінен» мәтінін түсіндіріп, халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбеков өмірімен таныстырамын
Қайрат Рысқұлбеков өмірімен таныстыру.
Есіңде сақта!
Қайрат Рысқұлбеков – Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ. Ол 1966 жылы 13 наурызда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. 1988 21 мамырда дүниеден өткен. 1996 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілген. (Слайд арқылы таныстыру)
- Оқушылар «Қайраттың жазу дәптерінен» атты мәтінмен танысады.
«Қайраттың жазу дәптерінен» мәтінін оқу (1 - 2 оқушы)
Қайраттың жазу дәптерінен
Қорқу, сескену дегеніміз қорқақтық емес. Ол – жүрек тебіренісі, өзін - өзі шектеу сезімі. Қорқақтық – ол қиын жерден бас сауғалау шегіну, қашқақтау. Алда тұрған асыл міндеттен өз қара басын жоғары ұстау.
Мәтінді талдау:
- Мәтінде қорқақтық туралы не делінген? Сенің пікірің қандай?
- Қайраттың асыл міндет деп отырғаны не деп ойлайсыңдар?
Қайрат Рысқұлбековтың қойын дәптерінен өлеңін оқыту (2 оқушыға)

Сергіту сәті
— Ендеше, балалар, біз Т. Молдағалиев атамыздың «16 желтоқсан» өлеңімен таныссақ, басқада ағаларымыз «Желтоқсан» оқиғасына арнап әуені мен өлеңдер арнаған екен. Солардың бірі «Желтоқсан желі» әнін біз қазір бейнежазбадан көрейік, Әбирбек Тінәлиевтің орындауында.
Бейнежазба қарау.
— Міне, балалар жаңа біз әнді тыңдап отырып, видеосынан болған оқиғаларды да көрдік. Ағаларымыз бен апаларымыздың алаңға шыққанын, одан кейінгі қиыншылықтарын көрдік.

V. Жаңа сабақты бекіту
1 – топ: Қ. Рысқұлбеков туралы топтастыру.
2 – топ: Отан, туған жер, атамекен туралы мақал - мәтелдер айтады.
3 – топ: «Тәуелсіздікке тарту» тақырыбында сурет салу.

VІ. Сабақты қорыту
Жаңа сабақты қорыту үшін оқушыларға сұрақтар қоямын.
• Балалар, бүгін біз қандай өлеңмен таныстық? ( «Он алтыншы желтоқсан»)
• Өлеңнің авторы кім? ( Тұманбай Молдағалиев)
• 16 желтоқсан қандай мереке?(Тәуелсіздік мекрекесі)
• Қазақстантәуелсіздігін қашан алды?(1991 жылы 16 желтоқсанда)
• Неге 16 желтоқсан тәуелсіздік мерекесі деп аталады? (себебі, 1986 жылы осы күні жастар алаңға шыққан желтоқсан оқиғасы болды.)
• Желтоқсан құрбандарын ата. (Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова)
• Қайрат Рысқұлбеков кім? (Қазақтың қайсар рухты батыры)
• Жарайсыңдар, балалар, бүгінгі сабақты жақсы меңгеріпсіңдер.
• Биыл, Қазақстан тәуелсіздігіне неше жыл толды? (22 жыл)

VІІ. Үйге тапсырма
• Т. Молдағалиевтің «Он алтыншы желтоқсан» өлеңін жаттау, «Қайраттың жазу дәптерінен» мазмұнын айту.
• «Мен елімді қорғаймын» тақырыбында эссе жазу.

VІІІ. Бағалау
Оқушылар білім ағашы арқылы білім деңгейлерін бағалайды.
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан». «Қайраттың жазу дәптерінен». жүктеу
4 357
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Т. Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
Т. Молдағалиев. Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
Батырдың биік тұлғасын суреттеу арқылы ұлтын сүйетін, елінің болашағына, өсіп - өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды азамат тәрбиелеу.
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен»
Т. Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» «Қайраттың жазу дәптерінен»
Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру, Қазақстан тәуелсіздігі жолында мерт болған қайсар рухты қазақ жастары туралы мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін тереңдету, жаңа білім мазмұнын меңгерту.
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан»
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан»
Тұманбай Молдағалиевтың «Он алтыншы желтоқсан» өлеңі мен «Қайраттың жазу дәптерінен» мәтінінің мазмұнымен таныстырып, түсіндіріп, жаңа сабақты меңгерту. Желтоқсан көтерілісінің сипатын насихаттай отырып, желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау.
Тұманбай Молдағалиев "Он алтыншы желтоқсан"
Тұманбай Молдағалиев "Он алтыншы желтоқсан"
Білер қазақ баласы Сәлем сөздің анасы Алдымыздан кезіккен. Көп ұстазды көреміз. Бәріне де ізетпен, Біздер сәлем береміз.
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Тұманбай Молдағалиев «Он алтыншы желтоқсан» Қайраттың жазу дәптерінен
Сатпаев қаласындағы №4 мектеп - лицейінде бастауыш сынып мұғалімі Байжан Халқа Қалжігітқызы
Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
Он алтыншы желтоқсан. Қайраттың жазу дәптерінен
Батырдың биік тұлғасын суреттеу арқылы ұлтын сүйетін, елінің болашағына, өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосатын табанды азамат тәрбиелеу. Оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру, байланыстырып сөйлеуін дамыту, өзіндік ой-пікірін айта білуіне баулу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×