Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Гүл салынған ваза

03 қараша 2018, Сенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Жапсыру.
Сабақтың тақырыбы: Гүл салынған ваза
Мақсаты: қағазды бірнеше бүктеу арқылы қию әдісіне жаттықтыру, затқа қарап жапсыру дағдыларын қалыптастыру; қол бұлшық еттерін дамыту, математикалық ұғымдарын бекіту, сұлулықты сезіне білуге, әсемдікке тәрбиелеу.
Қажетті құрал - жабдықтар мен көрнекіліктер: үлестірмелі материалдар, қайшы, желім, құмырадағы гүл, әже (қуыршақ).
Сөздік жұмыс: күлте.
Билингвальды компонент: гүл – цветок, құмыра – ваза.

Мотивациялық қозғаушылық
«Тілек шоғы» жылулық шеңбері.
Педагог әр баланың қолына бір - бір гүлден таратады. Педагог өз қолындағы гүлді тілек айтып, жанындағы балаға ұсынады. Гүлдер көбейіп, «тілек шоғы» болып, педагогтің өзіне оралады.
Кімде - кім жақсы тілек айтса, жақсы тілек айтса, сол үлкен жақсылыққа айналып өзіңе қайтады.

Ұйымдастыру – іздестіру
Педагог балалардың гүл туралы түсініктерін суреттер көрсету арқылы кеңейте түседі.
Тосын сәт:
Кенет есік қағылады.
Педагог:
– Балалар, біреу есік қағып тұр, кім келді екен?
Қолында гүлі бар әже кіреді.
Әжей:
– Бүгін менің немерем Әселдің туған күні,- дейді.
Педагог әжей әкелген гүлшоқты құмыраға салып қояды.
– Енді сіз біздің балалардың өнерін көріңіз.
– Балалар, Әселге арнап осындай құмырадағы гүлді жапсырып дайындық.
Билингвальды компонент: гүл – цветок, құмыра – ваза.
26 - бет, 10 - шы үлгіге қарау.
Құмырадағы гүл туралы әңгімелеу. Алдымен педагог балаларға қағаздан гүл бөлшектерін қиюды, содан соң гүлдерді жапсыру техникасын көрсетіп, түсіндіреді.
– Бірінші үш гүл күлтесін қиып аламыз, содан кейін қалған бөліктерін қиямыз.

Сергіту сәті.
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап дем алам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
Иілеміз оңға бір,
Иілеміз солға бір.
Тәрбиеші қарайды,
Аяққа бір, қолға бір.
– Міне, балалар, гүліміздің бөліктерін қиып алдық, енді оларды жапсыруға кірісейік.
Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. Балалардың жапсырған гүлдерін, күлтелерін, сабағын, жапырағын санату.
– Құмырада неше гүл бар?
– Күлтелерін санап көрейік?
– Сабағын санайық?
– Жапырағы нешеу екен?
Гүл салынған ваза. жүктеу
2 405
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кірпінің жанұясы
Кірпінің жанұясы
Отбасы туралы түсініктерін нығайту, сөздік қорларын молайту, үлкен – кіші туралы түсініктерін бекіту, қағазды қию және желімдеу икемділіктерін қалыптастыру.
How old are you?
How old are you?
"How oldare you?", “I am …” лексикалық бірліктерін беру. Тыңдау, сөйлеу, сәлемдесу және өзін - өзі таныстыр дағдыларын дамыту. Шет тіліне қызғушылыққа тәрбиелеу.
Әтешті құрастырамыз
Әтешті құрастырамыз
Әтешпен таныстыру, ұжымдаса әрекет ете отырып, ұсақ қол моторикасын жетілдіру. балалардың сөздік қорларын дамыту.
Ұзын құлақ, ақ қоян
Ұзын құлақ, ақ қоян
Бірнеше бөліктерден тұратын пішіндерді үйлестіре білуге жаттықтыру, дөңгелек және үлкен - кіші сопақша дөңгелектерді қосу арқылы қоянның бейнесін салуға жаттықтыру. Балалардың аңдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Hello
Hello
Өскемен қаласы, «№100 Балабақша - бөбекжайы» КМҚК Ағылшын тілі пәні мұғалімі: Темірхан Ақгүл
Түймедақтар әлемі
Түймедақтар әлемі
Актөбе облысы, Шалқар ауданы, №12 балабақша тәрбиешісі: Аманғожина Халима Әлжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×