Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дүниетанудан тест тапсырмалары

05 қараша 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
«Табиғат» бөлімі бойынша тест
1. Табиғатты зерттеуде ертеден келе жатқан әдіс
А) тәжірибе Ә) зерттеу
Б) бақылау В) жоспарлау
2. Темірқазық жұлдызы қай тұсты көрсетеді?
А) оңтүстік Ә) солтүстік Б) батыс В) шығыс
3. Жыра неден пайда болады?
А) тастардан Ә) желден Б) судан В) өсімдіктерден
4. Үгілу деп нені айтамыз?
А) дауылдың соғылуы Ә) судың тасуынан
Б) найзағайдың ойнауынан В) тау жыныстарының бөлшектенуінен
5. Қайсысы ең биік тауға жатады?
А) Алтай Ә) Сарыарқа Б) Тянь - Шань В) Алатау

«Пайдалы қазбалар» бөлімі бойынша тест
1. Еліміздегі ең ірі темір кен орны
А) Кентау Ә) Соколов - Сарыбай
Б) Өскемен В) Ақтау
2. Жанғыш пайдалы қазбалар
А) тас көмір, боксит Ә) мұнай, мырыш
Б) газ, жез В) мұнай, тас көмір
3. Отқа жанбайтын қасиеті бар қазба
А) фосфорит Ә) асбест Б) әктас В) ұлутас
4. Мұнайды арнаулы пеште қыздыру нәтижесінде не алады?
А) фосфорит, мәрмәр Ә) полиметалл, мыс
Б) бензин, газ, жермай В) жанғыш газ, әктас
5. Берік әрі тот баспайтын түсті металл?
А) мыс Ә) жез Б) қола В) алюминий
6. Абайдың ескерткіші қандай тұғырға орнатылған?
А) ұлутас Ә) мәрмәр Б) гранит В) асбест

«Су, ауа» тақырыбы бойынша тест
1. Су қабаты жер бетінің қандай бөлігін алып жатыр?
А) үштен бірі ( 1/3) Ә) үштен екісін (2/3)
Б) екіден бірін (1/2) В) төрттен бірін (1/4)
2. Судың тірі ағзалар үшін басты қасиетін көрсет.
А) еріткіш Ә) аққыш Б) түссіз, дәмсіз В) исі бар
3. Газ бен тұз ерітіндісі бар сулар қалай аталады?
А) тұщы Ә) минералды Б) қышқыл В) салқын
4. Еліміздегі ең терең көлді тап
А) Алакөл Ә) Балқаш Б) Байкал В) Зайсан
5. Арал теңізіндегі тұз тозаңының көбеюі ненің әсерінен?
А) теңіздің тасуынан Ә) дауылдың соғуынан
Б) судың көп булануынан В) жиі жауған жаңбырдан
6. Ауаның түсі қандай?
А) бұлыңғыр, көкшіл Ә) ақшыл, бу
Б) түссіз, мөлдір В) жылтыр, газ
7. Жер бетінде ауаның ауысуынан не пайда болады?
А) тұман Ә) нөсер Б) кемпірқосақ В) жел
8. Біздің жерімізге суық ауа райы қай жақтан келеді?
А) таудан Ә) бұлттан
Б) солтүстіктен В) оңтүстіктен
9. Ауаны тазартудың ең нәтижелі жолы
А) газдандыру Ә) көгалдандыру
Б) сүзгіштер қою В) желдеткіштер орнату

«Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары» бөлімі бойынша
1. «Жер бетінің өкпесі» деп нені айтады?
А) тауды Ә) орманды Б) шалғынды В) жазықты
2. Орман не береді?
А) ағаш, әйнек Ә) жеміс - жидек, цемент
Б) қағаз, астық В) дәрі - дәрмек, жиһаз
3. Еліміздегі әйгілі қарағайлы орман курорты қайда орналасқан?
А) Қостанайда Ә) Көкшетауда Б) Алматыда В) Ақтөбеде
4. Ылғалы мол, батпақты бөгетті қарасуды не дейміз?
А) көл Ә) су қоймасы Б) шалшық В) өзен
5. Су бетінде сырғанап жүретін қай жәндік?
А) қоңыз Ә) инелік Б) суаршын В) ұлу
6. Биік тауды мекендейтін ерекше сымбатты, батыл аң
А) аю Ә) қасқыр Б) арыстан В) барыс
7. Қай аңды будандастырудан арқар - миронос қойы алынды?
А) бұғы Ә) марал Б) арқар В) таутеке
8. Биік құзды мекендейтін қай құс?
А) жапалақ Ә) құр Б) қырғауыл В) ұлар
9. Таулы жер қорығын көрсет
А) Барсакелмес Ә) Қатонқарағай Б) Науырзым В) Қорғалжын

«Жер – ғарыш денесі» бөлімі бойынша тест
1. Өзінен жарық шығармайтын, түнде жұлдыз сияқты жарқырап көрінетін не?
А) ғарыш Ә) галактика Б) планета В) метеорит
2. Жерге ең жақын жұлдыз.
А) Ай Ә) Күн Б) Шолпан В) Марс
3. Жұлдыздар жүйесі неге бірігеді?
А) галактика Ә) күн жүйесіне Б) жердің серігіне В) жер шарына
4. Меридиандардың параллельдерден айырмашылығы қандай бағытты көрсетеді?
А) солтүстік - батыс Ә) шығыс - батыс
Б) солтүстік - оңтүстік В) оңтүстік - батыс
5. Жердің өз білігінен айналуына қанша уақыт кетеді?
А) бір ай Ә) үш апта Б) бір күн, бір түн В) екі тәулік
6. Жердің Күнді толық бір рет айналып шығу үшін қанша мезгіл өтеді.
А) тоғыз ай Ә) төрт мезгіл Б) 235 күн В) екі мезгіл

«Қоғам» бөлімі бойынша тест
1. Отбасы негізі неде?
А) достықта, тойға баруда
Ә) қаражаттың мол болуында, шетелге баруда
Б) қонақжайлықта, сыйлық беруде
В) махаббат пен түсінушілікте
2. Қазақ халқына тән ата салт
А) қонақ шақыру, той жасау Ә) мешітке бару, жаратушыға сыйыну
Б) үй салу, ағаш отырғызу В) үлкенді сыйлау, бата алу
3. Ауыл шаруашылығын жандандыру жолдары:
А) түрлі фирмалар салу Ә) түрлі фермалар ашу
Б) зауыт салу В) құрылысты салу
4. ҚР - ның негізгі заңы қашан қабылданды?
А) 1991 жыл Ә) 1992 жыл Б) 1993 жыл В) 1995 жыл
5. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?
А) 1994 жыл Ә) 1992 жыл Б) 1993 жыл В) 1995 жыл
Дүниетанудан тест тапсырмалары. жүктеу
7 085
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар
Табиғатты аялай білуге, ел байлығын үнемдеп пайдалануға тәрбиелеу. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың түрлерімен таныстыру
Жанғыш пайдалы қазбалар
Жанғыш пайдалы қазбалар
Мұнай - теңіз өсімдіктері мен жануарлары қалдықтары судың түбіне жинақтала беруінен болады. Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мұнай судан жеңіл.
Қысқа мерзімді жоспар. Табиғаттағы су айналымы
Қысқа мерзімді жоспар. Табиғаттағы су айналымы
Табиғатта су айналымы болмаса не болар еді? - Балалар, судың ұлы саяхатшы екенін білесіңдер ме? Ол бір орында отырғанды ұнатпайды. - Бұл неге байланысты? (температура мен ауа қысымына байланысты
Географиядан 5 сыныптарға арналған тест жинағы
Географиядан 5 сыныптарға арналған тест жинағы
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беретін орта мектептің география пәні мұғалімі Толегенова Жазира Кенжекуловна
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері
Батыс Қазақстан облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы Құлсары гуманитарлық - техникалық колледжі Бастауыш білім беру бөлімінің ІІІ (11) студенті: Батыр Нұрайым
Пайдалы қазбалардың түрлері
Пайдалы қазбалардың түрлері
Ақтөбе қаласы №34 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Сарсенгалиева Сауле Садуакасовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×