Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жай бөлшектерді, аралас сандарды ортақ бөлімге келтіру

05 қараша 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Ашық сабақ тақырыбы: Жай бөлшектерді, аралас сандарды ортақ бөлімге келтіру
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 5. 1. 2. 16
жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру; жай бөлшектерді, аралас сандарды салыстыру;
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар: Жай бөлшектің негізгі қасиеттерін қайталай отырып, жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіруді үйрету, есептер шығарту
Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыптың мазмұнын түсіну, оны өмірмен байланыстыруға, ой қорытындысын жазуға үйренеді
Кейбір оқушылар: Тақырыпты меңгеру барысында әр түрлі ойын элементі бар есептерді шығару арқылы қабілеті мен бейімділігін дамыта түседі, ептілікке үйренеді.

Ұйымдастыру (2 - 5 минут) (МК)
1. Оқушыларды түгелдеу.
2. Оқушыларды сабаққа дайындығын тексеру.

Жорық қағазы (6 - 38 минут)
(МК, Ұ)
1. Айлақ «Тренинг»
2. Айлақ «Біліктілік»
3. Айлақ «Есеп шығару»
4. Айлақ «Есте сақта»
5. Қорытынды «Ойлау»
6. «Жай бөлшек және аралас сан» жағалауы.

Айлақ «Тренинг» (5 минут)
Қайталау – оқу айнасы:
Шарты: Слайдта 9 ұяшық беріледі солардың артында сұрақ жасырып тұр. Сол сұраққа дұрыс жауап берген әр топ ұяшықтың бетінде тұрған ұпайға ие болады.
1) Қандай сандар 2 - ге бөлінеді?
2) Қандай сандар 5 - ке бөлінеді?
3) Қандай сандар 9 - ға бөлінеді?
4) Жай сандар деп қандай сандарды атайды?
5) Құрама сандар деп қандай сандарды атайды?
6) Қандай сандарды жұп сандар, тақ сандар деп атайды?
7) Құрама санды жай көбейткіштерге жіктеу деген не?
8) Берілген натурал сандардың ЕКОЕ деп қандай санды атайды?
9) Қандай сандар берілген сандардың ЕҮОБ деп аталады?

Айлақ «Біліктілік» (5 минут)
1) Мына өрнектерді өз бағандарына қойыңдар.
Графинкалық диктант: ___- иә, ˄ - жоқ
Өзара тең бөліктер үлес деп аталады.
6/24, 3/18 бөлшектері қысқарылмайтын бөлшектер.
Бөлшек сызығының астында бөлшектің алымы жазылады
15 минут сағаттың 1/4 бөлігі
Дұрыс бөлшек координаталық сәуледе 1 санының оң жағында орналасады.
Дұрыс бөлшектің алымы бөлімінен кіші.
25/44 бөлшегі дұрыс бөлшек
Бұрыс бөлшек 1 - ге тең немесе бірден үлкен
2/5 бөлшегі координаталық сәуледе 4/5 бөлшегінің оң жағында орналасады.
Дұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға болады.

Мұғалімнің аты - жөні: Абдиева А. Қ.

Жай бөлшектерді, аралас сандарды ортақ бөлімге келтіру. жүктеу
5 755
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар Математика 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып Геометрия 5 - 6 - 7 - 8 - 9 - 10 - 11 сынып
Жай бөлшектерге амалдар қолдану бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Жай бөлшектерге амалдар қолдану бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру. Жай бөлшектерді аралас сандарды салыстыру.
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Математикадан күнтізбелік жоспар (5 - 11 сыныптар үшін)
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Жай бөлшектерді қосу және азайту
Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қосу және азайту ережесін есеп шығару барысында қолдану
Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру
Жай бөлшектер мен аралас сандарды салыстыру
Қызылорда қаласы, Талдыарал елді мекені №215 орта мектебінің математика пәні мұғалімі Абдикаримова Гаухар Абдикаликовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×