Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

05 қараша 2019, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қазақ тілі 4 - сынып
Тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

Мақала авторы туралы мәлімет
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сабақтың мақсаты: 1. Құрамында күрделі мүшелері бар сөйлемдер құрастыра білуге машықтандыру. Дара және күрделі мүшелерді ажырата білу.
2. Сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін тиянақтау. Оқушының ойлау қабілетін, есте сақтауын, логикалық ой - өрісін, пәнге қызығушылығын арттыру.
3. Дұрыс сөйлеу мәдениетіне, сауатты жазуға, өз бетінше жұмыс істеуге, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: бейнелеу, дүниетану, әдебиеттік оқу
Көрнекі құралдар: слайдтар, қажетті материалдар ( түсті қағаздар, жапырақтар, маркерлер т. б.)
Түрі: сұрақ - жауап, қайталау, өзіндік жұмыс, салыстыру

Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
3 - жаттығу Сөйлемдерді оқып, сын есім мен сан есімнен жасалған күрделі сөздерді табу.
Сан есімнен жасалған күрделі сөздер: он екі, он бес
Сын есімнен жасалған күрделі сөздер: ұзын бойлы, мұздай суық, қара ала
а) Барлық оқушылардың үй тапсырмасын дұрыс, толық және түсініп орындауын анықтау.
ә) Оқушы білімі мен іс - әрекеттеріндегі кемшіліктерді анықтау.

ІІІ. Қызығушылықты ояту.
1) Сөйлем мүшелерінің өзіндік белгілерін қайталап өту.
Сөйлем мүшелері дегеніміз не?(Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұрған толық мағыналы сөздерді сөйлем мүшелері дейміз)
Оның байланысын қалай табамыз?
Сөйлем мүшелері
Тұрлаулы мүше (бастауыш пен баяндауыш)
Тұрлаусыз мүше (Бастауыш пен баяндауыштан басқа мүшелер)

2) Сөйлем құрылысы жағынан дара және күрделі мүше болып бөлінеді.
Дара мүшелер - Бір сөзден тұрады. Мысалы: Гүлнұр шай құйды.
Күрделі мүшелер - Бірнеше сөзден тұрады. Мысалы: Гүлнұр шай құя бастады.
Ұқсастығы: Бір сұраққа жауап береді. Бір сөйлем мүшесі болады. Бір сөз табынан жасалады.

ІV. Мағынаны тану.
Сонымен бүгінгі тақырыбымыз «Сөйлемнің дара және күрделі мүшелерін пысықтау» екен.
Көркем жазу. Сары ала күз келді.
Оқулықпен жұмыс. 2 - жаттығу. Мәтінді мәнерлеп оқып, күрделі сөйлем мүшелерін теріп жазу.
Сөйлем ішіндегі дара және күрделі мүшелер сөз таптарынан жасалатынын білеміз, ендеше қазір мына семантикалық картаны толтырайық.

4 - жаттығу Екі бағандағы сөздерді қатыстырып мақалдар құрастыру. Күрделі мүшелерді
табу.
еріншектің аяғы құтқарады
қоянды бір тоғыз
білгенің от басынан
білмегенің ертеңі бітпейді
өнеге тоқсан тоғыз
Тапсырма: Осындай сөздер кездесетін тағы қандай мақалдарды білеміз. Мағынасын ашу.
Отан – отбасынан басталады.
Қоянды қамыс өлтіреді, жігітті намыс өлтіреді.

Ү. Ой толғаныс.
1. Шығармашылық жұмыс.
1 - топ. Білім орталығы «Күзгі каникулда» шағын эссе жазу.
2 - топ. Зерттеу орталығы. Осы тақырыпта өлең құрастыру, оқу.
3 - топ. Өнер орталығы. Сурет салу.

2. Сезімнен шыққан ойлар. «Сары ала күз келді» галлериясын толықтыру.
Жапырақтар таңдап алып, осы тақырыпта сөйлем жазу
1 - топ. Тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлем. (дара мүшелерден)
2 - топ. Тұрлаусыз мүшелері бар сөйлем.( күрделі мүшелерден)
3 - топ. «күз», «жеміс» «көкөніс» « жапырақ» сөздеріне фонетикалық талдау.
Тапсырма орындалған жапырақтарын ағашқа апарып ілу.
3. Үйге тапсырма. 5 - жаттығу. 51 - бет.

БҚО, Теректі ауданы, Абай ауылы,
Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі Тыныштыбаева Мейрамгул Сериковна
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері. жүктеу
4 133
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Оқушыларды сөйлемнің дара және күрделі мүшелерімен таныстыру. Құрамында күрделі мүшелері бар сөйлемдер құрастыра білуге үйрету.
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Сан есім. Дара және күрделі сан есім
Дара сан есім бір сөзден жасалады: бес, алты, бір, үш. Күрделі сан есім екі не одан да көп сөзден жасалады: он тоғыз, екі жүз алпыс төрт, он екінші, қырық бес, бесінші.
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Cөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы түсінік беру, сөйлем мүшелеріне талдату және оның мағынасы туралы білімін тиянақтау; сөздік қорын, ақыл - ойын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері 22 - 27 жаттығу.
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері 22 - 27 жаттығу.
Cөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы түсінік беру, сөйлем мүшелеріне талдату және оның мағынасы туралы білімін тиянақтау; сөздік қорын, ақыл - ойын, ауызша сөйлеу тілін дамыту; дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Cөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы түсінік беру, сөйлем мүшелеріне талдату және оның мағынасы туралы білімін тиянақтау
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері
Сөйлем, сөйлем мүшелері, олардың дара және күрделі түрлері туралы білімдерін нығайта отырып, оларды сөйлем ішінен дара және күрделі сөйлем мүшелерін табу арқылы сұрақ қоюға үйрету.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.