Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жақсы сөз – жанға қуат (Өзін - өзі тану пәні 4 - сынып)

06 қараша 2018, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Жақсы сөз – жанға қуат
(Өзін - өзі тану пәні. 4 - сынып)
Сабақ мақсаты:
Оқушылардың «сөз», «бақыт» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту;
- Ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, сынып тазалығын, құрал - жабдықтарын тексеру.
2. Тыныштық сәті.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте – бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет.
3. Үй тапсырмасын тексеру
43 беттегі С. Мәуленовтың «Мен елімді сүйемін» әңгімесін оқу.
Сұрақтар:
1. «Туған жерсіз адамның күні жоқ» - дегенде нені түсінесіңдер?
2. Сендерге өз елің несімен ыстық?
3. Сендер өз еліңді сүйетіндеріңді қалай дәлелдей аласыңдар?
4. Дәйексөз.
Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады.
Науаи
- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Дәйексөздің мағынасын ашу. Хормен қайталату, дәптерге жазғызу.
5. Әңгімелесу
Сыпайы қоян
Мексика ертегісі
Бір күні мейірімді және сыпайы қоян көрші бақшада қырыққабатқа тойып алып, үйіне жиналып жатқанда, кенеттен түлкіні көріп қалады. Қоянның жүрегі дір етті. Қашу керек, бірақ қайда. Ойланбастан бір үңгірге кіріп кетті. Қоян өте сыпайы, тәрбиелі еді. Үңгірге рұқсатсыз кіргеніне ыңғайсызданып, амандасу қажет екендігін түсінеді.
- Сәлеметсіз бе, мейірімді үңгір. Сенің кеңдігіңді және тыныштығың жанға рақат сезім сыйлағандай. Маған кіруге рұқсат етші, - дейді.
Ал үңгірдің түпкірінде жылан мекендейтін. Ол қоянның дауысын естіп, оны шақырады. Жыланның дауысынан оның жегісі келіп тұрғанын сезген қоян:
- Сізді мазалағаныма кешіріңіз, мені Ана - қоян күтіп отыр. Сау болыңыз, - деп қаша жөнеледі.
Осы бір сиқырлы, сөздер – ай! Қоян маған жақсы сөз айтпағанда, мен оны ұстап алар едім, - деп өкінді жылан.

Сұрақтар:
- Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды?
- Жақсы сөз адамдарға қалай әсер етті?
6. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
Оқулықтағы суреттерге қарай отырып, олардың қайсысы мақтау, құттықтау, амандық сұрау, алғыс сөздер екендігін тауып айтыңыздар.
7. Тапсырма
Жақсы сөздерді пайдалана отырып, диалог құрастыру.
1. Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгімеден үзінді.
2. Әжесі мен немересінің бір – біріне айтқан жылы сөздері.
3. Емханаға келген науқас пен дәрігер арасындағы диалог.
8. Үй тапсырмасы.
Өздері жиі қолданатын жылы сөздерді жазып келу.
9. Соңғы тыныштық сәті.
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
- Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сойлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңізді ашуға болады.

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы
Х. Есенжанов атындағы ЖОББМ
«Өзін – өзі тану» пәнінің мұғалімі
Нигметова Айсулу Жиенбаевна
Жақсы сөз – жанға қуат (Өзін - өзі тану пәні 4 - сынып). жүктеу
3 565
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен ұқыпты баламын
Мен ұқыпты баламын
ұқыптылық, өз - өзіне қызмет ету, жағымды әрекет, әдептілік, сыпайылық
Ар – ұждан – адамдық өлшемі
Ар – ұждан – адамдық өлшемі
"Ар - ұждан" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, адам туы ар – ұждан туралы түсінігін дамыта отырып, ар ұждан тазалығына баулу.
Жақсылықпен жаным дос
Жақсылықпен жаным дос
Сабақ мақсаты: Жақсылық жасаудың адам өміріндегі маңыздылығы жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, жақсылық жасаудың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.
Сыр мен сымбат
Сыр мен сымбат
№112 орта мектебінің ұстазы: Ташенова Гүлжазира Жалғасбекқызы
Өмір,қымбатсың  маған!
Өмір,қымбатсың маған!
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Мерген орта жалпы білім беретін мектебінің өзін - өзі тану мұғалімі Кажгалиева Салтанат Оразовна
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Адами қарым - қатынас ізгіліктері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Күйкен орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Молдатурлиева Зульфия
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×