Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мен бақытты баламын

09 қараша 2018, Жұма
Категориясы: Бастауыш сынып
Өзін – өзі тану пәнінен сабақ жоспары.
Мектепалды даярлық тобы.
Сабақтың тақырыбы: Мен бақытты баламын.
Сабақтың мақсаты: «Бақыт», «қуаныш», «сүйіспеншілік» құндылықтарының мағынасын түсіндіру.
Міндеттері:
-«бақыт», «сүйіспеншілік», «қуаныш» туралы түсінік беру;
- адами қасиеттерін дамыту;
- сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: дәптер, түрлі түсті қарындаштар.
Шаттық шеңбері
Тәрбиеші балалармен бірге Ө. Тұрманжановтың төменгі өлең жолдарын қайталап, бір - біріне әдемі күлкілерін сыйлайды:
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Қабақ деген не керек?
Көңілді боп жүрейік!
Әңгімелесу
- Балалар! Қалай ойлайсыңдар, «бақытты бала» деп кімді айта аламыз?-
Дұрыс айтасыңдар! Өз отбасы, достары бар, денсаулығы мықты баланы бақытты бала деп айтамыз.

Әңгімелеу
Тәрбиеші балаларға Н. Қадырбаевтың «Бақыт деген не?» әңгімесін оқып беріп, сұрақтар қояды.
«Бақыт деген не?»
Бақыт, Серік, Ербол – бір көшенің тұрғындары. Үшеуі бірге оқиды. Сабақ беретін апайын бәрі де жақсы көреді. Бірде апайы адам есімдерінің мәні жөнінде тірбие сағатын өткізді.
- Ербол есімі – азамат бол, ер жігіт бол деген мағынаны білдіреді,- дейді апайы.
Ал Серік атауы – дүниеге келген перзентке серік болсын деген ниеттен туған,- деді.
- Бақыт деген ше? – деді Бақыт қызыққаннан жасыра алмай.
- Бақыт – бұл әр баланың ой - арманының орындалуы. Қуанышты күй кешуі. Сол ниеті іске асса, бақытқа қолы жеткені. Әркімде арман да, ой да көп. Сондықтан, бақыт та сан алуан, - деді апайы.
Бақыт үйіне келді. Атасынан:
- Ата, бақыт деген не?
- Сенің аман – сау жүргенің – мен үшін бақыт, айналайын. Бақыттың үлкені – осы.
- Апай: «Бақыт деген әр баланың ой - арманының орындалуы», - деді. Менің арманым – сіздің жасыңыз жүзге жеткенін көру, - деді Бақыт.
- Арманыңа жет,- деді атасы немересінің шын пейіліне шаттанып.
Бақыт үшін осы сәт нағыз бақыт еді.
• Бақыттың атасы немересіне «бақыт» дегенді қалай түсіндірді?
• Ойланайық, бақыт деген не? Қалай түсінесіңдер?
• Бақытты болу үшін не істеу керек?
Балалардың жауаптары тыңдалады.

Дәйексөз
Тәрбиеші балаларға М. Мақатаевтың «Бақыт деген – сенің бала кездерің», - деген жолдарын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.
- Бақыт – сенің балалық шағың, денің сау болып, асыр салып ойнағаның.
Жаттау.
«Бақыт деген не?»
С. Оспанов.
Айтшы, білесің егер де,
Папа, бақыт деген не?
Бақыт деген, шырағым,
Мына әсем тұрағың.
Ну ормандар,
Гүл бағы,
Күннің күліп тұрғаны.
Бақыт – дәні даланың,
Алақаны анаңның.
«Ботам» деуі әжеңнің,
Тыныштығы әлемнің!
Қайда бақыт мекені,
Қалай оған жетеді?
Адал еңбек етесің!
Сонда ғана жетесің!
Көрінбейтін көзіңе,
Сонда оның өзі не?
Бақыт деген, сөзім шын –
Айналайын, өзіңсің!
Мен бақытты баламын, жүктеу
9 528
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұқыпты бала - әдепті бала
Ұқыпты бала - әдепті бала
Оқушыларға әдептілік, сыпайылық адами қасиеттер туралы түсінік беру арқылы сүйіспеншілік құндылығын ашу.
Бақыт құшағында
Бақыт құшағында
Барды қанағат тұту, жалпы адам бақыты туралы түсіндіру. Ішкі тыныштық құндылықтарын дамыта отырып, жақсы азамат болуға дағдыландыру.
Мен жақсы баламын
Мен жақсы баламын
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Күмісбекова Асемгүл Абілқасымқызы
Отбасы
Отбасы
Мақсаты: «Отбасы» құндылығының маңыздылығын ашу.
Жақсы сөз – жанға қуат
Жақсы сөз – жанға қуат
Жүректен шыққан сөз жүрекке жол табады. (Науаи)
Өзін-өзі тану әлеміне саяхат
Өзін-өзі тану әлеміне саяхат
Қарағанды облысы, Саран қаласы, ОЖББ №4 мектебінің мектепалды даярлық тобының жетекшісі Шаймұрат Дәмеш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×